• RUB:
    5.5
  • USD:
    473.95
  • EUR:
    513.38
Басты сайтқа өту
30 Тамыз, 2011

Ядролық сынақтарға қарсы іс-қимылдың халықаралық күніне орай Қазақстан Республикасы Сыртқы iстер министрлiгiнiң мәлімдемесі

512 рет
көрсетілді

29 тамызда 450-ден аса ядро­лық жарылыс көрген Семей сы­нақ полигонының жабылғанына 20 жыл толды. 2009 жылдың жел­тоқсанында Біріккен Ұлттар Ұйымының Бас Ассамблеясы 29 тамызды Ядролық сынақтарға қарсы іс-қимылдың халықаралық күні ретінде жариялау туралы Қа­зақстан ұсынған қарарды бiр­ауыздан қолдаған болатын. Бұл халықаралық қоғамдастықтың Қа­зақстанның әлемдік ядролық қа­русыздану үдерісіне қосқан үле­сiн мойындауының жарқын көрі­нісі болды. Егемендігімізді қайтарған уа­қыттан бері, басқа мемлекеттермен бірлесе ядролық қару­сыз­дану мен оны таратпау тәртібін күшейтуге Қазақстан белсенді және дәйектi атсалысуда. Біз Яд­ро­лық сынақтарға жаппай тыйым салу шартының (ЯСЖТШ) тезi­рек күшке енуiн қолдаймыз. Ол үшін Шартты рати­фикация­лама­ған және оған қол қоймаған то­ғыз елді жақын арада тиісті қа­дам­дар жасауға шақырамыз. Бiз ЯСЖТШ-ны таратпау ісіндегі ең тиімді және нақты құралдардың бірі деп білеміз. Әлемдегі ең ірі ядролық поли­гонның бірін жабу туралы Президент Нұрсұлтан Назар­баев­тың Жар­­­л­ығы мен әлемдегі  4-ші яд­ро­лық қару-жарақ қоймасын жою туралы тарихи шешiм қабыл­даған Қазақстанның қадамы әлемді ядролық қарудан азат етуде ілгерілеудің жарқын үлгісі бо­лып табылады. Барша халықтар мен мемлекет басшыларының сая­си еркі болған жағдайда мұндай таңдау жасауға мүмкіндік бар екеніне кәміл сенеміз. Біріккен Ұлттар Ұйымының Бас хатшысы Пан Ги Мун  Ядро­лық сынақтарға қарсы іс-қи­мыл­дың халықаралық күніне орай жасаған мәлімдемесінде атап өткендей, «ядролық сынақтар мен ядролық қаруды «қырғи-қа­бақ» соғыстың әлдеқашан жойы­луы тиіс болған қауіпті қалдығы ретінде қарастыратындардың са­ны күн сайын өсуде». Бiз осын­дай ұстанымға ортақтаса оты­рып, ядролық қарудан азат әлемді қалыптастыру мақсатында барша мемлекеттермен және Біріккен Ұлттар Ұйымымен тығыз ын­ты­мақтастыққа мүдделі екендігімізді мәлiмдеймiз. Ядролық сынақтарға қарсы іс-қимылдың халықаралық күнін атап өте отырып, Қазақстан  жа­һан­дық қоғамдастықты ядролық сынақтарға жаппай тыйым салу мен ядролық қарудан азат әлемді қалыптастыруда батыл әрекеттер жасауға шақырады.