Қазақстан Республикасының Сыртқы істер министрлігі Ливиядағы жағдай бойынша мәлімдеме жариялады. Онда былай делінеді:
Қазақстан Ливиядағы соңғы оқиғаларға байланысты ең жақын уақытта жанжалдың тоқтауын, азаматтардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету мен тұрақтылық орнауын аса маңызды деп біледі.
Қазақстан Ливия үшін мұндай драмалық кезеңде ливия халқының таңдауы мен саяси еркін құрметтей отырып, елдің егемендігі мен аумақтық тұтастығының сақталуын, ұлттық және халықаралық заңнама нормаларының қатаң сақталуын жақтайды.
Ислам Ынтымақтастығы Ұйымы Сыртқы істер министрлері кеңесінің Төрағасы ретінде Қазақстан Ливиядағы жағдайдың ең жақын уақытта реттелуі мен гуманитарлық дағдарыстың еңсерілуіне қолұшын беру мақсатында Ұйымның барлық ресурстарын жинақтау үшін ықпалдасуға дайын.
Осыған байланысты Қазақстан Ислам Ынтымақтастығы Ұйымына мүше мемлекеттерді бауырлас мемлекетке ниеттестік білдіруге және 2011 жылғы 30 маусымдағы Ұйымның Сыртқы істер министрлері кеңесінің 38-ші сессиясында қабылданған «Ливияға гуманитарлық көмек» туралы №2/38-ICHAD қарарын орындау үшін тиісті шаралар қолдануға шақырады.