• RUB:
    5.38
  • USD:
    478.91
  • EUR:
    526.42
Басты сайтқа өту
15 Наурыз, 2017

Мектептің аты – Абай, директоры – Мұхтар!

324 рет
көрсетілді

Білім және ғылым мини­стрлігіне қарасты Абай атын­дағы республикалық ма­ман­дандырылған дарынды ба­лаларға ар­налған қазақ тілі мен әдебиетін те­рең­дете оқы­та­тын орта мектеп-интер­нат оқу­шыларының күшімен қой­­ы­лып, тың­дарманды там­сан­дыр­ған таң­ға­жай­ып кон­церт­тің куәсі болдық. Оқу ор­­­ны­ның орналасқан жері де ке­ремет. Асқаралы Алатаудың бау­райы, көз тартар Көктөбенің қой­науы. Дінмұхамед Қонаев сал­дырған, аспанмен астасқан те­ле­мұнараға созсаң қолың жет­кендей. Қазақстанның барлық облыстарынан «жүзден жүйрік, мыңнан тұлпар» делінетін дарынды балалар 7-сыныптан кейін іріктеліп, республикалық ко­мис­сияның сынынан өткен соң, осы оқу орнына қа­был­данып, 8-сыныпты жал­ғас­ты­рады. Мынау, басынан ая­ғы­на дейін Мұқағали Мақатаев му­за­сына арналған концерт, сол сыннан сүрінбей өткен дүлдүл шә­кірттер шаттығына, Алматыда өткен дү­ние­жүзілік Универсиада қуанышы және қо­сылып, сосын тойға сауын айту деп Сәбит Мұқанов айтқандай, үстіміздегі жылы мектеп-интернатқа 60 жыл, соған да кіріспе тәрізді керемет келісім тапқан көр­кем көрініс болды. Шартараптан ата-ана­лар шақырылыпты. Құрметті қонақ ретінде Қазақстан жур­на­листикасының ардақты ақ­сақалы Мамадияр Жақып бас­таған үш қайраткердің біреуі мен болдым. Сонымен, сахнада көктем гүліндей құлпырған, өңшең өрімдей ұлдар мен қыздар. Төрге Мұқағалидың жарқын бей­несі ілінген. Жыр әнге, ән биге, би күйге ұласқан тамаша көрініс бастау алып, қарқыны үдей түсті. Құр­ман­ғазы мен Абайдан соң, Мұ­қа­ғали бүгінде ұл­ты­мыздың ас­қақ ар-ожданына, рухани төлқұжатына айналды. Дуалы ауыздар­да, күмбірлеген күй көкіректерде, сыр­шыл сахналарда, теледидар мен ра­дио толқындарында – Мұқағали! Ол, Мұқағали ақынның, Алла тағала бер­ген, былайғылар қол жеткізе алмай­тын қайталанбас дарын-құдіреті. Міне, осы­нау құлашың жетпейтін құдірет қа­малына батылдық танытып еркін ене білген жас өркендер талантына мың алғыс! Олар кезек-кезек жыр оқы­ғанда, сызылтып ән салғанда, мың бұ­­ра­лып би билегенде, сах­налық қой­ы­лы­мында мін­сіз мизансцена, анық дикция, ансамбльдік үйлесімділік ай­қын аң­ғарылды. Мұның атын «шеберлік!» дей­міз. Ал ол шеберлік қайдан келді?! Әрине, ұлағатты ұстаздарының жүйелі дә­рісінен, өнегелі тәлім-тәрбиесінен. Сосын, өз­де­рінің тынбай, жан-жақты із­денгіш қабілеттерінен. Жалпы, бұл мектепте оқу-тәр­бие жұмысы өзгелерге үлгі боларлықтай дұрыс жолға қойылған. Педагогикалық дәстүр қалыптасқан. Бір жылдық жоспарды нақтылап бекітіп, сыныптарға жетек­ші­лері арқылы таратып, шы­ғармашылық ойланып-то­л­ғануға, еркін самғауға толық мүмкіндік туғызады екен. Нәтижесі айтарлықтай. Жемісі мол, жеңісі зор болатыны сондықтан. Бұл әдістеме семинарға келетін мектеп директорлары мен оқу ісінің меңгерушілері арқылы республика бо- йынша таратыла бас­тапты. Ендеше, дарынды балалар білім ала­тын Абай атындағы республикалық мек­­теп-интернат «Мектептердің Мек­ке­сі!» деп мақтан тұтуға әбден тұ­рар­­л­ық. атақты ком­поз­итор Кеңес Дүйсекеев, Парламент Мәжілісінің депутаты Мәу­лен Әшімбаев, республикалық «Еге­мен Қазақстан» газетінің Басқарма тө­­рағасы Дархан Қыдырәлі – осы оқу ор­ны­ның түлектері. Білім алып шыққан үш генералдың біреуі – ұлттық қауіпсіздік ко­митетінің генералы Әділ Шаяхметов, өзі­нің 60 жылдық мерейтойын «Алтын Ұям!» деп, осы мектептен бастап, альбом сый­лапты. Жүзден аса ғылым докторлары өмір­ге жолдама алған. Бұл мектептің күй өнері­міздің тағдырына жете мән беріп келе жатқанын естен шығаруға болмайды. Білікті басшы Мұхтар Ботабайұлы министрлікпен келісіп, күйді пән ретінде оқытуда. Жасыратыны жоқ, бірыңғай қуып тарту етек алып кеткендіктен, күйдің халі қазір мүшкіл жағдайда. Алайда, жаңағы концерт, өз шымылдығын мектеп домбыра оркестрінің орындауында Дәулеткерейдің «Көроғлы» күйімен ашты. Табиғилықты танып «Шүкір!» дестік. Менің Мұхаңмен дос болуыма себепші болған да оның күйді терең түсінетін қасиеті. Осы концерттен қанаттанғаным соншалық, сөзін белгілі ақын Қорғанбек Аманжол жазған: «Ұлы Дала елі!» деген әнімді Абай мектебіне арнауыма тура келді. Зал тебіреніп кетті. Он жыл бұрын осы мектептің 50 жыл­дық торқалы тойының құрметті қо­нағы болғанмын. Әл-Фараби атындағы Қа­зақ ұлттық университетінің Өмір­бек Жолдасбеков атын­дағы Студенттер сарай­ында өткен-ді. «Қазақстан-Нұр­сұл­тан» күйі­м­нің шыққан кезі еді, томағасын сол сал­танатта сыпырдым. Сөйтіп, өзімнің де шынайы серпіліп, тыңдарманның да тыңайып сергігенін сезіндім. Сол сәтте сахна төрінен: «Мектеп аты – Абай, директоры – Мұхтар»! дегенім есімде... Шәміл ӘБІЛТАЙ, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері, күйші-композитор АЛМАТЫ