• RUB:
    5.51
  • USD:
    475.37
  • EUR:
    514.97
Басты сайтқа өту
16 Қыркүйек, 2011

Жоғарғы палата алғашқы отырысын өткізді

491 рет
көрсетілді

Кеше Сенат Төрағасы Қайрат Мәмидің жетекшілігімен па­ла­таның бесінші сессиядағы алғашқы отырысы болып өтті. Төр­аға Елбасының сессияны ашу кезіндегі сөзінде депутаттық кор­пус жұмысын жоғары бағалағанын және заң шығарушы ор­ган өзінің алдындағы міндеттерін айқындап бергенін ерекше атады. Мемлекет басшысы Парламент палаталарының бірлескен отырысындағы сөзінде жедел қа­былдануға тиісті жиырма заңды  төрт блокқа бөліп қамтыған болатын. Сенат Төрағасы қазіргі кезде Сенат пен Мәжілістің қа­рау­ында жатқан заңдар да бар екен­дігін жеткізді. Осы ретте Қ.Мәми жаңадан сайланған депутаттар өз міндеттерін сапалы орын­даула­ры­на және жаңа қызметтерінде табысты болуларына тілектестігін де білдіре кетті. Қазақстан Тәуелсіздігінің 20 жылдығы Декларациясын қабыл­дау жөніндегі Парламенттің бас­та­масына қатысты идеяны Президент Нұрсұлтан Назарбаев  қол­дағаны белгілі. Мемлекет басшысы «Декларация қоғамды топтастырудағы жаңа маңызды құжат болады», деп атап өткен болатын. Осы туралы спикер құ­жат­тың саяси және тарихи ма­ңызын ескере отырып, біз Дек­ла­рацияны Парламент палата­ла­ры­ның бірлескен отырысында қа­был­дауды орынды деп санаймыз, деді. Парламент регламентіне өзге­рістер мен толықтырулар енгізу жөніндегі жұмыстар жалғасып жатқаны, бұл мәселе бойынша да Парламент палаталарының бірлескен комиссиясы құрылғаны белгілі болды. Отырыстың күн тәр­ті­біне сәйкес депутаттар өз әріп­тестерін Сенаттың тұрақты ко­митеттерінің құрамына сай­ла­ды. Сондай-ақ С.­Ә.Құл­ма­ғам­бетов пен А.В.Горяиновты Рес­пуб­ликалық бюджеттің атқа­ры­луын бақылау жөніндегі есеп ко­митетінің мүшелігіне тағайын­дады. Отырыс соңынан Сенат Төр­ағасы бірқатар бұқаралық ақпа­рат құралдары өкілдерінің қойған сауалдарына орай, мемлекеттік тіл мәселесі туралы өз пікірін білдірді.  Қазақстанда қазақ тілі­нің мәртебесі толықтай сақта­ла­ды. Біздің Ата Заңымыз бойынша қазақ тілі мемлекеттік тіл болып қалды және қала береді. Оны өзгерту туралы заңға ешқандай өзгеріс енгізілейін деп отырған жоқ, деді Қайрат Мәми. Мемлекеттік тілдің қолдану аясын кеңейту  баршаға ортақ мәселе екендігін тілге тиек еткен Төраға Ата Заңда қазақ тілі мемлекеттік тіл болып бекітілген және солай болғандықтан да Конституция біздің әрқайсымызға тек қана құқық беріп қоймай, мін­дет те жүктейтіндігін атап өтті. Сондай-ақ, тіліміздің мәр­те­бесі заңда белгіленгенін және ар­найы бағдарлама қабылданғанын, сол бағдарламалардың уақы­тын­да сапалы орындалуын қоғамдық бақылауға алу, сол үшін талапты күшейту керектігіне де тоқталды. Асқар ТҰРАПБАЙҰЛЫ.