• RUB:
    5.09
  • USD:
    487.37
  • EUR:
    532.94
Басты сайтқа өту
30 Қараша, 2016

Қазақстан биатлонистер одағының жаңа президенті сайланды

151 рет
көрсетілді

Бүгін Астанада Қазақстан биатлонистер одағының кезектен тыс жалпы жиыны өтті. Жиынның күн тәртібіне қойылған басты мәселе – жаңа президентті сайлау болатын. Биатлонистер одағының президенті лауазымына, «Атамекен» ҰКП президиумының логистика және тасымал комитетінің төрағасы Ермек Қизатов сайланды. Жиында жаңа жетекшілер құрамы да бекітілді. «Қысқы спорт маусымы басталды, яғни бізде жұмыс көп, ал уақыт аз. Мен бірінші кезекте осы уақытқа дейін атқарған жұмыстары үшін Биатлонистер одағының осыған дейінгі басшылығына алғысымды білдіргім келеді. Біз Қазақстанға аталған спорт түрін дамыту мақсатында алдымызға ауқымды міндеттер қоямыз. Ол үшін бізге қажетті жағдайлардың барлығы бар», – деді Қизатов.