• RUB:
    5.09
  • USD:
    487.37
  • EUR:
    532.94
Басты сайтқа өту
30 Қараша, 2016

Антарктиданың ең жоғарғы нүктесіне Қазақстан туы тігіледі

188 рет
көрсетілді

Қазақстан Тәуелсіздігінің 25 жылдығына арнап Оңтүстік полюске екінші қазақстандық экспедиция жіберіледі. Экспедиция мүшелері Оңтүстік полюстегі Винсон шыңын бағындырады. Бұл туралы Орталық коммуникациялар қызметінде өткен баспасөз конференциясында ҚазГео төралқа төрағасы Төлеген Тастанбеков мәлім етті. Қазақстан халқы Ассамблеясының қамқорлығымен өткізілетін ғылыми-зерттеу экспедициясын «Қазақ Географиялық Қоғамы» қоғамдық бірлестігі ұйымдастырып отыр. Жобаның бас серіктесі – «Бәйтерек» ұлттық басқару холдингі. «Экспедиция 1 желтоқсанда Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті күні басталады. 16 желтоқсан – Еліміздің тәуелсіздік мерейтойын тойлаған күні Антарктиданың ең жоғарғы нүктесі – Винсон шыңына (4892 м) Қазақстан Республикасының мемлекеттік туы тігіледі», – деді Т. Тастанбеков. Бұдан бөлек, экспедиция қатысушылары екі жүз шақырымнан астам қашықтықты шаңғымен жүріп өтпек. Айдар Өрісбаев, "Егемен Қазақстан".