• RUB:
    5.09
  • USD:
    487.37
  • EUR:
    532.94
Басты сайтқа өту
30 Қараша, 2016

Алматыда 7 көше атауы өзгереді

120 рет
көрсетілді

Алматыда жеті көшенің атауы өзгереді, - деп хабарлайды қала әкімінің баспасөз қызметі. Қала әкімі Бауыржан Байбек көшелердің жаңа атауларын 1 желтоқсанда Республика Сарайының алдында Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президентіне арналған салтанатты іс-шарада айтады. Сондай-ақ, мерекелік іс-шара барысында ҚР Тұңғыш Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың 1991 жылдың 10 желтоқсанында өз лауазымын атқаруға кірісуінің салтанатты рәсімін мәңгі есте сақтау үшін естелік тақтаның орнатылатыны айтылады. Айта кетейік, салтанатты шараға қала әкімі Бауыржан Байбек, ғалымдар, қоғам қайраткерлері, құрметті азаматтар, қала тұрғындары мен қала жастары қатысады.