• RUB:
    5.51
  • USD:
    475.37
  • EUR:
    514.97
Басты сайтқа өту
23 Қыркүйек, 2011

Ұшқыр ұшақ

522 рет
көрсетілді

Қорғаныс министрі   Су-27-мен Ақтауға  келді Қазақстан Республикасының Қор­ғаныс министрі Әділбек Жақ­­сы­беков ірі көлемді бірлескен «Орталық-2011» страте­гия­лық жаттығуы өтетін  ауданға ды­­быс­тан да жылдам қозға­ла­тын жетілдірілген төрт қосу Су-27 жойғыш ұшағымен ұшып шықты. Бұл Батыста ашылған Қазақстан Рес­публикасы Әуе қорғанысы күш­терінің жаңа авиация базасына жауынгерлік машинаның тұңғыш рет қанат қағуы. Авиабазаның басты міндеті – біздің еліміздің көктегі және теңіздегі шептерінің қауіп­сіздігін қамтамасыз ету. Бұл ұшудың ерекшеліктерін сөз еткен кезде, оның дыбыстан да жылдам қозғалғанын, ал биіктігі он мың метрден жоғары бол­ғанын атап өту қажет. Ұшақтар «жұптаса» ұшты, екінші қанатты машинамен Әуе қорғанысы күш­­терінің бас қолбасшысы генерал-лейтенант Александр Сорокин ұшты. – Өздеріңіз білесіздер, ертең «Орталық-2011» жаттығуының ше­шуші кезеңінде қазақстандық қа­рулы күштердің армиялық және майдандық   әскери ұш­қыш­­тары мынандай Су-27 және басқа жау­ынгерлік машиналарға мініп құрлықтағы және теңіздегі жау­ын­герлерімізге қолдау көрсе­тіп, әуеден соққы беретін болады. Қазіргі кезде біздің Әскери-әуе күштері тек көп мақсаттағы Су-27 ұшағымен ғана емес, басқа да  жетілдірілген  заманауи ұшу ап­па­раттарымен жабдықталған. Өз­­деріңіз көріп тұрғандай жаңа авиабаза ашылуда, техникалық-пай­далану бөлімдерімен,  уақы­ты­мыз­ға қажетті инфрақұрылым  жа­салуда. Екінші маңызды құрамдас бөлік бұл жауынгерлік әзірлік – ұшу құрамының шеберлігі мен үйретілгендігі. Бүгінде қазақстандық  Әскери әуе күш­те­рінің ұшу деңгейі ТМД елдері ішінде ең жоғары екендігін атап өтуге тиіспін, – деді Ә.Жақ­сыбеков. Қорғаныс ведомствосының бас­шысы дыбыстан да жылдам ұшақпен алғашқы ұшу сапарын өзімен бірге жүзеге асырған қос экипаж мүшелеріне алғысын білдірді. Көп мақсаттағы, жақсар­тыл­ған, терең жетілдірілуден өткен Су-27 ұшағы алыс-жақын қа­шықтықта әуеде ұрыс жүргізуге, ұшатын және ұшқышсыз ұша­тын әуе нысаналарын, жердегі ны­сан­дарды, жауды қару-жара­ғы­мен  адамдарымен жойып жіберуге арналған. Су-27 ұшағы  ауа райының кез келген құбылмалы жағдайына қа­ра­­мас­тан жауынгерлік тапсыр­ма­ны орындауға қабілетті және оның әлемдегі ең тамаша  ұшақ екендігі заңдылық. Жүніс ОМАР, Қорғаныс министрлігі баспасөз қызметінің бөлім бастығы, полковник. Суретті түсірген  Ермек Сарбасов.