• RUB:
    5.06
  • USD:
    522.49
  • EUR:
    547.88
Басты сайтқа өту
23 Қыркүйек, 2011

Құрылысты дамыту жайы талқыланды

495 рет
көрсетілді

Жуықта Астана қала­сын­да «Индустриялық құрылыс тех­нологиялары» ассоциация­сы­ның ұйымдастыруымен елі­міздегі 2010-2014 жылдарға арналған құрылыс индус­трия­сы мен құ­ры­лыс мате­риалдары өндірісін дамыту бағдарламасын жүзеге асы­ру жолдарын талқылаған дөң­ге­лек үстел болып өтті. Дөң­ге­лек үстелді аталған ассоциа­циян­ың төрағасы академик К.Нұр­ба­ты­ров ашып, жүр­гізіп отырды. Дөңгелек үстелге қаты­су­шы­лар еліміздегі тұрғын үй құры­лысын,  отандық құрылыс мате­риалдары өндірісін дамытып, олардың сапасын жақсартудың тиімді жолдарын іздестіру жө­нін­де ой-пікірлер қозғады. Мәселен, индустрия және жаңа технология­лар министрлігі, Өнеркәсіп комитеті төрағасының орынбасары Дәулет Бақберген аталған бағ­дар­ламаны жүзеге асыру жайында әңгіме қозғаса, «Тұрғын үй ком­му­налдық шаруашылықты жаң­ғыр­ту мен дамытудың қазақ­стан­дық орталығы» АҚ Мониторинг және талдау департаментінің ди­рек­торы Мәдина Мурсақина тұр­ғын үйді жөндеуге қатысты өз ой-пікірлерін білдірді. «Қазақ­стан­дық индустрияны дамыту инс­титуты» АҚ өңдеу өнеркәсі­бін дамыту орталығының ди­рек­торы Айгүл Көшербаева құры­лыс индустриясын дамытудағы өңірлерде жүріп жатқан жұмыс­тарға шолу жасап, осы мәселе ту­ралы өз көзқарастарын жеткізді. Дөңгелек үстелдегі талқы­лау­лар нәтижесінде құрылыс индус­трия­сы мен құрылыс материал­дары өндірісін дамыту мәселе­сі­не қатысты мемлекеттік орган­дар­ға тиісті ұсыныстар әзірленді. Сұңғат ӘЛІПБАЙ.