• RUB:
    4.98
  • USD:
    516.93
  • EUR:
    542.52
Басты сайтқа өту
23 Қыркүйек, 2011

Қызмет көрсету жетілдірілмек

317 рет
көрсетілді

Тұрғындарға мемлекеттік қыз­мет көрсету заман талабына сай жетілдіріліп, жаңартылу үс­тінде екені қазір көпшілікке жақ­сы таныс. Анықтамалар, құ­жаттар  алу үшін бұрынғыдай апталап күту, күнұзаққа кезекте тұрудың уақыты өтіп бара жат­қандығы мәлім. Бұл бағыттағы жұмыс сапасын одан әрі жақ­сарту, орындалу мерзімін жыл­дамдатуға арналған іс-шаралар түрлері жылдан-жылға ұлғайып та келеді. Осы орайда озық тәжірбиелерді қолдануға үлкен көңіл бөлінуде. Мәселен, Грузия­да автокөліктерді тіркеу, жүргізушілік куәліктер беру са­наулы минуттарда атқарылады екен. Мұндай үрдіс таяу арада еліміз бойынша алғаш рет Қа­рағанды қаласында жүзеге асы­рылғалы отыр. Кеше Ішкі істер, Байланыс және ақпарат министрлері  Қал­мұхамбет Қасымов пен Асқар Жұмағалиевтің қатысуымен өт­кен кеңесте оны іске енгізу мәселелері талқыланды. Соған байланысты жоба  облыс қол­дауымен атқарылады. Бұл күнде автокөліктерді тіркеу, жүр­гізу­ші­лік куәліктер беру, сондай-ақ,  басқа да қызметтерді сапалы әрі жедел орындайтын арнаулы ор­та­лық құрылысы аяқталып қалды. Министрлер кеңестен кейін жаңа орталықтың салыну барысымен танысты. Айқын НЕСІПБАЙ, Қарағанды.