• RUB:
    5.51
  • USD:
    475.37
  • EUR:
    514.97
Басты сайтқа өту
23 Қыркүйек, 2011

Семсерден соқа соғу

440 рет
көрсетілді

Қазақстан Президенті Н.Ә.Назарбаевтың АҚШ-қа сапары аяқталды Мен ядролық қауіпсіздікті үш бір­лік­тің тұтас бір құрылымы ретінде қарастырамын. Біріншісі – проб­лемалардың әскери-саяси аспекті. Ол адамзатты ядролық қару­дан қорғаумен байланысты. Екіншісі – ықтимал ядролық терроризмге қарсы іс-қимыл болса, үшіншісі – атом энерге­тика­сы­ның қауіпсіздігі. Нұрсұлтан Назарбаев. (Ядролық қауіпсіздік мә­се­лелері жөніндегі жоғары дең­гей­дегі кездесуде сөйлеген сө­зінен).

Сауытбек АБДРАХМАНОВ  –  Нью-Йорктен.

Алдымен уәде етілген жайдан бастайық. «Назарбаев осы күн­дері бүкіл әлемнің аузында жүр­ген Палестина проблемасын да айналып өткен жоқ. Бұл жай­ын­дағы Елбасымыз сөзі жөнінде де, осындағы пікірталасты да ар­найы, бөлек жазған жөн сияқты көрінеді. Қазірше БҰҰ Бас Ас­самблеясы сессиясының қарса­ңында Палестина басшылығы ел тәуелсіздігін тану туралы мәселе көтергенін ғана айтумен шектеле тұрайық», деп жазғанбыз газеттің өткен нөміріндегі мақалада. Президент Нұрсұлтан  Назарбаев Қазақстан Палестина мем­ле­кетінің құрылуын қолдайтынын басын аша айтумен қатар, өңір­дегі барлық мемлекеттермен жақ­сы қарым-қатынас қақтығыстың әділдікпен, соның ішінде тікелей палестина-израиль келіссөздері арқылы реттелуін жақтайтынын атап көрсетті. Біз осы жаққа шығарда интернеттен БҰҰ Бас Ассам­блея­сының күн тәртібіне қойылуы мүмкін деген мәселелер жөнінде біраз материалдар қараған едік. Сондағы пікір жазушылардың сөзі 66-сессия осы проблеманы талқылау үшін арнайы шақы­ры­лып жатқандай да әсер қал­дыр­ған. Палестина автономиясының сыртқы істер министрі Рияд әл-Малики Палестина Біріккен Ұлт­тар Ұйымының Қауіпсіздік Кеңе­сі­не тәуелсіз Палестина мемлекетін 1967 жылғы шекарасында тану ғана емес, БҰҰ-ға толық­қан­ды мүшелік беру жөнінде өтініш жасайтынын мәлімдеген бола­тын. Алайда, қазірше, мұндай мә­лім­деме министрдің деңгейінде айтылып отыр. Махмұд Аб­бас­тың ресми мәлімдемесі жария етілген жағдайда ғана (газет қолыңызға тигенше  солай болуы да мүмкін, өйткені мұндағы журналистер, біздің сөйлесе алаты­ны­мыз ресейлік әріптестер ғой негізінен, Палестина басшысы БҰҰ Бас хатшысына өтінішті жұ­ма­да тапсыруы мүмкін дегенді ай­тып жатыр) бұл мәселе Қауіп­сіздік Кеңесінде ресми түрде қарала алады. Біздің ойымызша, АҚШ осы мәселеде вето құқын пайдалана­ды, себебі Барак Обама БҰҰ мін­берінен сөйлеген сөзінде бұл мәселе алдымен тікелей екіжақты келіссөздерде қаралуы керек деген ұстанымын ашық білдірді. Қысқасы, бұл мақалада да Палестина проблемасы туралы терең­де­тіп жазуға мүмкіндік жоқты­ғын айтуға мәжбүрміз. Қалай бол­ғанда да, алдыңғы күні Елба­сымыз айтқандай, тарих тара­зы­сына қиын мәселе салынып отырғаны рас. Сессия күндерінде Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев АҚШ Президенті Барак Обама­ның шақыруы бойынша Біріккен Ұлттар Ұйымы Бас Ассам­блея­сының 66-сессиясына қатысу үшін келген шетелдік делегациялар басшыларының құрметіне берілген қабылдауға қатысты. Сон­дай-ақ бірқатар екіжақты кездесулер өткізді. Қазақстан басшысы­ның Австрия Республикасының Президенті Х.Фишермен, Түркия Премьер-Министрі Р.­Ер­до­ған­мен, Еуропа Кеңесінің Президенті Х.Ван Ромпеймен кездескенін газеттің алдыңғы нөмірінде жаз­ғанбыз. Ал Елбасы келесі кезекте Грузия Президенті М.Саакашвилимен, БҰҰ Бас хатшысы Пан Ги Мунмен, АҚШ Президенті Барак Обамамен, Ұлыбритания Премьер-министрі Дэвид Кэмерон­мен, Финляндия Президенті Тарья Халоненмен, Украина Президенті Виктор Януковичпен, Поль­ша Президенті Бронислав Коморовскимен, Корея Республикасы­ның Президенті Ли Мён Бакпен, Латвия Президенті Андрис Берзиньшпен, Словения Президенті Данил Тюркпен де кездесіп, кездесулер кезінде көптеген маңыз­ды мәселелер талқыланды. Ол кездесулер жөнінде Мемлекет басшысы БҰҰ ғимара­ты­ның жанында, Гудзон жағалауын­да журналистерге берген сұх­ба­тында қысқаша әңгімелеп өтті.  Ресей тележурналисінің сұра­ғы­на орай Президент  Қазақстан­ның өз тәуелсіздігінің жиырма жыл­дығына толымды табыс­тар­мен бара жатқандығын нақты көр­сеткіштер тілімен айтып берді. «Хабардағы» әріптесіміз Нұр­лан Оқаұлы еліміздің жаппай қырып-жою қаруын таратпау ісіне қосар үлесі туралы сұрады. Бұл сұрақтың жауабын Қазақстан Респ­убликасы Президентінің Яд­ро­­лық қауіпсіздік жөніндегі жоға­ры деңгейлі мәжілісте кеше таң­ертең сөйлеген сөзі жайында әңгі­мелей отырып баян етуге де бола­ды. Мұндағы жұмыстың қан­шама қауырттығын кеше осы мәжілістің таңғы сегізде бас­тал­ғанын айтсақ та аңғарта алатын сияқтымыз. БҰҰ Бас хатшысы Пан Ги Мун, БҰҰ Бас Ассамблеясы 66-сес­сиясының төрағасы Нәсір Әбд әл-Әзиз ән-Нәсір, Бразилия Президенті Д.Руссефф, Франция Президенті Н.Саркози, Жапония Премьер-министрі Й.Нод сөзде­рі­нен кейін мәртебелі мінберге көтерілген Нұрсұлтан Назарбаев­қа бөлекше құрмет көрсетілді. Бірінші кезекте шараны ұй­ым­дастырушыларға, әсіресе БҰҰ Бас хатшысы Пан Ги Мун мыр­за­ның жеке өзіне ядролық қауіп­сіз­дік мәселелері бойынша пікір ал­масуға мүмкіндік берген шақы­ру­лары үшін ризашылығымды білдіргім келеді, деді Нұрсұлтан Назарбаев Ядролық қауіпсіздік мә­се­лелері жөніндегі жоғары дең­гей­дегі кездесуде сөйлеген сө­зінде. Бұл менің Қазақстан Президенті қызметіндегі басты тақы­рып­тардың біріне айналды. Мен ядролық қауіпсіздікті үш бір­лік­тің тұтас бір құрылымы ретінде қарастырамын. Біріншісі – проб­лемалардың әскери-саяси аспекті. Ол адамзатты ядролық қару­дан қорғаумен байланысты. Екіншісі – ықтимал ядролық терроризмге қарсы іс-қимыл болса, үшіншісі – атом энерге­тика­сы­ның қауіпсіздігі. Қазақстан бас­шы­сы осындай көкейкесті ой-тұжырымымен күн тәртібіндегі мәселе әлемдік қоғамдастықтың әркез алаңдаушылығын туғызуы тиіс екеніне назар аударды. Бірінші мәселе бойынша, деп жалғады сөзін Қазақстан бас­шы­сы, біздің ұстанымымыз өзгеріс­сіз қалады, яғни ядросыз әлемге қарай қадам тарихи мақсат болып табылады. Ал таяу болашақта ядролық державаларды ядросыз мемлекеттерге қатысты ядролық қаруымен қоқан-лоққы жаса­мау­ға міндеттейтін конвенция қа­был­дау қажет. Осылай деген Нұр­сұлтан Әбішұлы ядросыз әлемге бағыт ұстануда оның нақты жол­дарын іздестіру маңызды міндет болып қала беретініне екпін түсірді. Халықаралық-құқықтық нор­ма­ларды де-факто ядролық мем­ле­кеттердің бар екендігі шын­ды­ғымен сәйкес келтіруді қағидатты маңызды санаймын. Бақыты­мыз­ға орай, әзірше әлем ядролық тер­роризм проблемасымен бетпе-бет келе қойған жоқ. Бірақ, біз іс жүзінде осы қатерден толық сақ­тана алмай отырмыз, деді Мемлекет басшысы. Президент ядролық қатердің бақылаусыз таралуының аса үлкен тәуекелі ядролық тех­нологиялардың «қара» базарына қатысушы мемлекеттермен бай­ла­нысты болуы ықтимал екенін атады. Қазақстан басшысының пікірінше, бұл жерде мәселе Ядро­лық қаруды таратпау туралы шарт­қа тексеру жүргізуге қатыс­ты ғана емес, мәселе қатысушы мемлекеттердің оны нақты сақ­тау­ында болып отыр. Әлемдегі соңғы оқиғалар біздің іс жүзінде ядролық энергетиканы пайда­лану­дың сапалық жаңа кезеңіне жақын келгенімізді айғақтайды. Осымен байланысты Қазақстан бейбіт атомды қауіпсіз игерудің үш әмбебап қағидатын ұсынады. Біріншісі – атом энергетика­сын дамыту саласындағы жалпы планетарлық басқару тетіктерін жетілдіру қажет. Бүкіл әлемде ядролық нысандар қауіпсіздігінің қазіргіден де тиімдірек жүйесін құру ұтымды. Атом энергетикасы нысандары қауіпсіздігінің біртекті, барынша қатаң және халық­аралық тұрғыдан танылған стан­дарттарын жасау өте-мөте ма­ңызды. Осы қағидаттарды қатаң сақтамайтын әлемдегі бірде-бір АЭС-ті пайдалануға жіберуге бол­майды. АЭС-тердің басқару және қорғаныс жүйелеріне МАГАТЭ-нің бақылауымен және тәуелсіз сарапшыларды тарта отырып жүйелі түрде стресс-тесттер өткі­зіп тұруды міндеттеу оңды іс болмақ. Екінші мәселе ретінде Нұр­сұлтан Назарбаев атомдық төтен­ше жағдайларға дер кезінде қайы­рыла алатын нақты, жал­пы­ға ортақ қағидаттар мен тетіктер қажеттігін көлденең тартты. Әлем­дегі аса ірі техногендік апаттарға көбінесе табиғи катаклизмдер себеп бола бастады. Сондықтан Жер ша­рындағы табиғи және антропогенді үдерістерге жаһандық мониторинг жүйесін енгізген жөн. Ол үшін жергілікті ландшафтты, логистиканы, демографиялық кар­таны есепке ала отырып, әлемнің әр аймағы үшін дағдарысқа қайырылудың сценарийін жасау керек. Қазақстан басшысы қауіпсіз бейбіт атомды игерудің үшінші әмбебап қағидаты ретінде яд­ро­лық нысандардағы тіпті қандай да бір болмашы кінәраттар жө­нін­де әлемдік қоғамдастықты уа­қыт оздырмай және толық кө­лемінде хабардар етіп отыру қажеттігін атады. Жаһандық радиофобия жағдайында шынайы ақпараттар негізінде жұртшы­лық­тың ядролық энергетикаға сенімін нығайтудың қағидатты ма­ңызы бар. Ядролық энергетикада ежелгі құқықтық қағидаттарды – «шындықты, тек қана шындықты және барлық шындықты» айту қағидаттарын басшылыққа алып отыру қажет. Сөзінің тоқетеріне қарай Нұр­сұлтан Назарбаев осыдан 20 жыл бұрын – 1991 жылдың 29 тамы­зында өзінің Жарлығымен Семей ядролық сынақ полигонын жап­қанын жария етті. БҰҰ Бас Ас­самблеясына Қазақстанның Семей полигонының жабылу күнін Ядролық сынақтарға қарсы іс-қимылдың халықаралық күні деп жариялау туралы бастамасына қолдау көрсеткені үшін риза­шы­лығын білдірді. Біздің еліміздегі барлық ядролық нысандар МАГАТЭ-нің толық бақылауында және кепілдігінде, деді Мемлекет басшысы. Өзіміздің атом өнер­кә­сібімізді дамытуды жалғастыра отырып, біз ядролық-отындық цикл­дың – уран өндіруден ядро­лық отын дайындауға дейінгі ара­лықтағы циклдың – вертикалды-интеграцияланған компаниясын құруды жоспарлаудамыз. Қазақ­стан МАГАТЭ туының астында төмен байытылған уранның халықаралық банкін құру арқылы таратпау режімін нығайтуға үле­сін ұлғайта түсуге дайын. Осы­лай деп мәлімдеген Қазақстан Президенті еліміздің аталған банкті өз аумағында орналас­ты­ру­ға құлықты екенін тағы да жеткізе отырып, Қазақстанның бас­та­масы қолдау көретініне сенім артты. Нұрсұлтан Әбішұлы сөзінің соңында Бас хатшының осындай Жоғары деңгейдегі кездесу ұй­ым­дастыру идеясына ризашы­лы­ғын айтып, осында жария етілген ұсыныстар ядролық қауіпсіздік­тің жаһандық жүйесін нығайтуға ықпал етеді деп үміттенетінін білдірді. Президентіміз жарыссөзге шы­ғатыны хабарланғанда жи­нал­ғандар Қазақстан басшысына бөлекше құрмет көрсетті дедік. Олай болуы заңды да. Адамзат тарихында жаппай қырып-жою қаруынан  өз еркімен бас тартқан басшы қазірше біреу ғана. Ол – Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаев. Сондықтан да жа­қында жолдаған хатында АҚШ Президенті  Барак Обама: «Қа­зақстан Тәуелсіздігін алған сәт­тен бастап ядролық қарусыз­дану және таратпау саласында әлемдік көшбасшылардың бірі болып саналады. 2012 жыл­ғы наурызда Сеулде (Оңтүстік Ко­рея) өтетін Ядролық қауіп­сіз­дік жөніндегі екінші саммиттің маңызы зор.   Сеул саммиті аясында Вашингтон мен Астананың ядролық қауіп­­сіздік саласындағы өзекті проб­лемаларды шешуге бірлесіп сал­мақты үлес қосатыны, ядро­лық қару­дан азат әлем құру жо­лында алдағы қадамдарды анық­тайтын мүмкіндіктерді қарас­тыратыны сөзсіз. Президент Нұр­сұл­тан Назарбаевпен Сеулдегі кездесуім кезінде екіжақты қарым-қатынастар мен халықаралық аре­надағы қазақстандық-америкалық ынтымақтастық тақырыбы талқы­ла­натынына сенім білдіремін»,  деп жазды. Сондықтан да БҰҰ Бас хат­шы­сы Пан Ги Мун: «Қазақстан Президентінің осынау сы­нақ алаңын жауып қана қоймай, тұ­тас өңірде ядролық қарудан ада аймақ құр­ғанына зор қолдау білдіремін. Оның бұл қадамы біздің ядролық қарусыз әлем­ді құру ісіміздің ең берік іргетасы іспетті. Барлық елдердің басшылары Нұр­сұл­тан Назарбаевтан үлгі алып, оның жо­лы­мен жүруі тиіс. Мен БҰҰ-ның Бас хат­шысы ретінде ядролық сынақ ала­ңы­ның қақ жүрегінде тұрып, барлық әлем елдерін Қазақстаннан үлгі алуға ша­қырамын». «Мен кеше Семейде болдым. Ол өңір­ге жа­саған сапарым мен үшін баға жет­пес тәжірибе. Семей полиго­нын­дағы сы­нақ­тар барысында зардап шеккен мил­лион­даған адамдардың қасі­ре­ті мен ондағы экологиялық ахуал­дың қиындықтарын су­реттеуге тіл жетпейді. Тіпті оны елес­тетудің өзі аса ауыр. Егер Сіздің кө­регендігіңіз бен басшы­лы­ғы­ңыз болмаса, кім білсін, қазір де миллиондаған адам сол қасі­рет­ті бастан өткеріп жатқан болар ма еді? Мен Сізге Семей ядролық сынақ алаңын жапқан және Қазақстан аума­ғында барлық ядролық инфрақұ­ры­­лым­дарды жойған ұлттың басшы­сы ретінде шексіз ризалығымды айт­қым келеді... Ядролық сынақтарды тоқ­татып, ядро­лық қарулардан ада болу қажет­тігін әлемге жар салып айтушы рөліне Жер бетінде Сізден лайық адам жоқ», деді. Қазақстан әлем саясатын ай­қын­дайтын мемлекеттердің қата­ры­на қосылып келеді. Қазақ­стан­ды әлем ядролық қарусыздану үдерісінің көшбасшысы санайды. Қазақстан үлгісін үйренер үлгіге балайды. Мұны  кеше Біріккен Ұлттар Ұйымының мәртебелі мінберінен еліміздің атына ай­тыл­ған жылы пікірлер тағы да қуаттай түсті. Мемлекет басшысы Нұрсұл­тан Назарбаев БҰҰ Бас Ассам­блея­сының 66-сессиясының қоры­тындысы бойынша шетелдік және қазақстандық БАҚ өкілде­ріне арнап баспасөз мәслихатын өткізді. Елена Вапничная, БҰҰ ра­дио­сы ақпараттық қызметінің жетекші шолушысы Елбасына: – Құрметті Президент мырза, биылғы жылы бұрынғы кеңестік республикалардың бірқатары, Қа­зақстанды қоса есептегенде, тәуелсіздіктерінің және БҰҰ-ға мүше болғандарының 20 жыл­дығын атап өтетіні Өзіңізге белгілі. Осы 20 жыл ішінде БҰҰ-мен ынтымақтастық қалай қалып­тасты? БҰҰ Қазақстанның да­муына қандай үлес қосты, ал Қазақстан БҰҰ-ның дамуына қандай үлес қосты? деген сұрақ қойды. –  Егер Қазақстан туралы, ме­нің елім туралы, бұдан 20 жыл бұрынғы оқиға туралы айтар болсам, Қазақстанның БҰҰ-ға мүше болуы менің халқымның бүкіл тарихындағы алғашқы тарихи оқиға болды. Сондықтан бұл оқиға айрықша мән-мағынаға ие. Біздің еліміз бұл датаны лайықты атап өтуге дайындалуда. Осы жылдар ішінде Қазақстан БҰҰ-ның мүшесі ретінде осы Ұйым­ның Жарғысын бұлжытпай орын­дады, белсенді ынтымақтастықта болды және барлық бітімгершілік операцияларға, интеграциялық үде­рістерге, сондай-ақ өрке­ниет­тер үнқатысуына қатысты. Қа­зақстан Әлемдік және дәстүрлі діндер көшбасшыларының съезін шақыру бастамасын көтерді. Нақ осы БҰҰ-ның мінберінен мен бірінші болып бүгінде 29 мемлекетті біріктіріп отырған Азия­дағы өзара іс-қимыл және сенім шаралары жөніндегі кеңесті ша­қыруды, Шанхай ынтымақтастық ұйымын құруды, ТМД, ЕурАзЭҚ құруды ұсындым. Осының бәрі қазақстандық бастама болатын. Ол бейбітшілікке және біздің ай­мақтағы және жалпы әлемдегі тұрақтылыққа табысты қызмет етіп келеді. Өткен жылы біз ЕҚЫҰ-ға төрағалық жасадық және Еуразия қауіпсіздігі үшін ма­ңызды бастама көтердік. Осы­ның барлығын жер бетіндегі бейбітшілікке үлес деп білемін, Ұйым да осындай себеппен құ­рылған, – деп жауап қайтарды Президент. – БҰҰ ядролық қарусыздану мәселесінде Қазақстанға қандай көмек көрсетті? – Біріншіден, Қазақстан әлем­д­егі ірі Семей ядролық по­ли­гонын жапқан және төртінші ядролық арсеналынан өз еркімен бас тартқан тамаша бастамашыға айналды. Мен осы арқылы Қазақстан ядролық қарусыздану ісіне және Жер бетіндегі бейбітшілік ісіне баға жеткізгісіз үлес қосты деп санаймын. Соңғы бір жарым жыл ішінде мен БҰҰ Бас хатшысымен бес рет кездестім. Ол Семей ядролық полигонында болды және 29 тамызды Ядролық қаруға қарсы іс-қимылдың ха­лық­аралық күні деп жариялау ту­ралы біздің ұсынысымызды қол­дады. Өткен жылы қырғыз елінде қайғылы оқиғалар орын алды. БҰҰ-мен тығыз ынтымақтаса оты­рып, біз азамат соғысының алдын алу мүмкіндігіне қол жеткіздік. Есірткімен күрес, лаң­кестікпен күрес сияқты мысал­дарды көптеп келтіруге болады. Біз тығыз ынтымақтастықтамыз және БҰҰ-ның одан әрі дамуы­ның қажеттігін сезінеміз. – Ядролық қауіпсіздіктің жо­ғары деңгейдегі кеңесі туралы сұрақ. Қазақстан осы кездесуге қатысушылардың бірі болып отыр. Бұл кездесуден Сіз не күте­сіз? Бұл кеңес қаншалықты маңызды? – Қазақстан  ядросыз әлемге қатысты барлық жаһандық іс-шараларға қатысып келеді. Өткен жылы сондай форумның бірі Вашингтонда өтті. Қазақстан қаты­сушылар қатарынан табылады.  Бізді сөзі іске асып жататын мемлекет ретінде шақырады. Себебі, біз ядросыз әлем үшін күресіп жат­қанымызды іс жүзінде көр­сеттік. Бұл үшін, бәрінен бұрын, ядролық мемлекеттің ықтияры болу керек. Ядролық мемлекет ядролық қарусыздануда үлгі көр­сетуі тиіс, сонда барлығы осымен шұғылданады және бұған сенетін болады. Әлемдегі ең қуатты мем­ле­кеттің астанасынан осындай абы­роймен аттанатын болдық. Абы­ройдан айырмасын, ағайын. Айтқандай, Нұрсұлтан Назарбаев журналистерге сұхбат берген жердің жанында атақты мүсінші Вучетичтің «Семсерден соқа соғайық» деген мүсіні тұр. Біздің Елбасымыз – адамзаттың Тәурат заманынан көкірегінде аялап келе жатқан сол асыл ар­манын жүзеге асыруды бастаған адам. Семсерден соқа соққан саясаткер. Суреттерді түсіргендер С.БОНДАРЕНКО, Б.ОТАРБАЕВ.