• RUB:
    5.51
  • USD:
    475.37
  • EUR:
    514.97
Басты сайтқа өту
24 Қыркүйек, 2011

Әлем-жәлем әлем

274 рет
көрсетілді

19 мың-ақ шақырымға қателесіпті Регбиден Жаңа Зеландияда өтіп жатқан әлем чем­­­пионатына аттанған оңтүстік­афри­ка­лық ер­­­­­­лі-зай­ып­­­ты Адендорффтар алдын ала брондап қойған қонақ үйлерінен 19 мың ша­қы­рым қа­­­­­шықтықтағы жерден бір-ақ шықты. Сөйт­се, туристер қателесіп, қонақ үй нөмірін Жаңа Зе­лан­диядағы Истборннан емес, ағыл­­­шынның осы аттас елді-мекеніндегі отельден брондапты. Оңтүстікафрикалықтардың сөздеріне қараған­­­да, олар екі Истборнды шатастырып алдық деп еш ой­­ламапты. Ал қателескендері қаладағы отельді әрі іздеп, бері іздеп еш таба алмаған кезде белгілі болған. Англиядағы қонақ үйге қатысты ай­та­­­тын болсақ, он­дағылар ерлі-зайыптылардың банк­тегі есеп-шотынан тиісті ақшаны алып үлгеріпті.   Зейнеткерлер Путинді моншаға шақырды Приморьелік Ұлы Отан соғысына қа­­­тысушы ардагерлер мен зейнеткерлер Ресей премьер-министрі Владимир Путинді мон­­­­­ша­ға шақырып отыр. Зейнет жасындағылар үкі­мет басшы­сы­на тиісті өтініш жазылған хат жолдапты.  «Біз­дің сізбен тікелей танысып, ау­ызба-ауыз сөй­ле­с­кіміз келеді. Сізді осы мақсатта шын көңілден моншаға шақы­ра­мыз», депті олар. Зейнеткерлердің айтуынша, мон­шада буланып қана қоймай, әдемі әңгіме-дүкен құруға да бо­лады. Моншаны Приморье өлкесі парламентінің бұрынғы депу­та­­­ты Адам Имадаев тұрғызыпты. Оған ардагерлер мен зейнеткерлер тегін түседі екен. Осы себепті де монша олардың уақыттарын «мазмұнды» өткізетін сүйікті орын­­­да­­­рына айналған сыңайлы.   Бұзақыны әйел мен бала алмастырды Түркияның футбол қауымдастығы жергілікті командалар жанкүйерлері арасында ор­ын алатын тәртіпсіздіктерге байланысты біржақты шешім қабылдаған еді. Енді ер адамдарға белгілі бір уақытқа дейін сүйікті клубының ойынын тамашалауға мүмкіндік жоқ. Есесіне әйелдер мен 12 жасқа дейінгі балалар кездесулерді тегін тамашалай алады. Түркия чемпионаты соңғы турының ойын­да­ры тұң­ғыш рет осындай схема бойынша өтті. Мәсе­лен, Ыс­тамбұлдағы жергілікті «Фенербахче» ко­ман­дасының «Манисаспор» клубымен кездесуін тама­ша­лауға 41 мыңнан астам әйел мен жас­өс­пірім жи­налған. Ста­дионға келгендерді оның ал­дында әйел полицейлер құрметпен қарсы алса, ал стадионның ішінде нәзік жанды жанкүйер­лер­ге футболшылар гүл шоқтарын лақтырып құрмет көрсеткен.   Әлемдегі ең құрметті азамат кім? Нельсон Мандела планетамыздағы ең құр­метті азамат болып танылды. Амери­ка­ның Re­pulation Institute зерттеулер инсти­ту­ты әлемнің 25 елінде жүргізген сұрау салулар нәтижесі осылай дейді. Сауалдамаға 50 мыңнан астам адам қатысса, солардың 78,5 пайызы өз дау­ыстарын Оңтүстік Африка Рес­публикасының тұңғыш қара нәсілді президентіне берген. Екінші орында атақты швей­ца­риялық теннисші Род­жер Федерер тұр. Ол өзінің спорттағы та­быс­тарымен қатар, қайы­рым­­­дылық қызметімен де белгілі. Тізімде үшінші орынға аме­ри­­­ка­­­лық миллиардер Билл Гейтс лай­ық деп табылыпты. Тізімнен орын тигендер қа­­­тарында сондай-ақ Барак Обама (14 орын), Британия премьері Дэвид Кэмерон (34 орын), Дмитрий Медведев (43 орын) пен Владимир Путин (44 орын) бар.   Сөзжұмбақтың көмегімен сөз салған АҚШ-тың Вирджиния штатындағы Александрия қаласында тұратын Ньюман есімді жігіт өзінің ұнатқан қызына сөзжұмбақ арқылы сөз салу үшін оны түзетін мамандарға арнайы тапсырыс беріпті. Сезіміңді тікелей өзің неге жеткізбейсің деп сұрағанда, ұялатынын және батылы жетпейтінін мәлімдеген. Ньюманның ұнатқан қызы Марлоу Эпштейн сөз­жұмбақ шешкенді жақсы көреді екен. Ол сүйікті газетіндегі сөзжұмбақты шешіп отырып, сөздің өзіне арнал­ғанын бірден ұққан және өзінің де жігіттің ұсынысына кетәрі емес екенін емеурінімен білдірген. Сөйтіп, көп ұзамай Ньюман қалыңдығына неке сақинасын апарып сыйлапты. Таяу болашақта екі жас некелесу рәсімін өткізбекші көрінеді.

Ақпарат агенттіктері материалдары негізінде әзірленді.