• RUB:
    5.51
  • USD:
    475.37
  • EUR:
    514.97
Басты сайтқа өту
24 Қыркүйек, 2011

Саланы жетілдіру – уақыт талабы

241 рет
көрсетілді

1 қыркүйекте ашылған Парламент палаталарының бірлескен отырысында сөйлеген сө­зін­де Президент Нұрсұлтан Назарбаев төрт блок бойынша заң­на­ма­лар­ды қабылдауды айқын­дап берді. Елбасы соның үшін­ші бло­гын­да­ғы әлеуметтік жаң­ғырту үдерісін заңдық тұрғыдан қамтамасыз ету бөлігіне ерекше ден қойды. Тар­қатып айтқанда, білім беру, ден­саулық сақтау және әлеу­меттік тұрғыдан қол­дау көрсету мәсе­ле­лерін халық­аралық стандарттарға сай ету мәселесін қозғады. Ең алдымен, көкейге «Білім беру туралы» Заңға өзгерістер мен толық­ты­рулар енгізу мәселесі орала­ты­ны да сондықтан. Ал бұл заң­дық құжат құқықтық негіздің аясын айқындап беруі тиіс. Қазір аталған заң жобасы Сенатта қаралуда. Мәселе тек мектептерді салуда ғана емес, бала­лардың мектепке дейінгі тәр­бие­сін, білім сапасын арт­ты­ру сияқ­ты мемлекет пен жеке­нің әріп­тес­тігін нығайту қажет. Менің ойымша, Мемлекет бас­шысы көтерген басымдықтар негізінен алғанда заң жоба­сын­да көрініс тапқан. Білім беру саласын жетілдіру, басқару, оқу құралдарын әзірлеу, мұғалім­дер­ге әлеуметтік пакеттер дай­ын­дау – бәрі-бәрі бар. Тек мұға­лімдердің еңбегін оның нәтижелі жұмыс атқаруы­мен байланысты­ру орынды бол­мақ. Педагог­тардың еңбегі оның табысты жұмысымен өлшенуі тиіс. Осы ретте жас педагогтар мен дәрігерлердің әлеуметтік жағы­нан қорғалуы қажеттігін атап кеткен орынды. Еңбек кодексі жоба­сы бойынша қазір Мәжілісте жұ­мыс жүргізілуде. Еңбек ұжым­дарындағы жағдай­дың айтарлық­тай өзгерістерге ұшырауына бай­ла­нысты заңға көптеген өзгеріс­тер енгізу қа­жет. Атап айтқанда, вахталық жұмыскерлер, еңбек мигрант­тары мәселелері және өзге де көптеген проблемалардың шешімі заң жобасында көрініс табуы тиіс. Светлана ФЕРХО, Мәжіліс депутаты.