• RUB:
    5.06
  • USD:
    522.49
  • EUR:
    547.88
Басты сайтқа өту
24 Қыркүйек, 2011

Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысы №820

359 рет
көрсетілді

2011 жылғы 18 шілде,     Астана, Үкімет Үйі Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне өзгерістер енгізу туралы Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етеді: 1. Қоса беріліп отырған Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне енгізілетін өзгерістер бекітілсін. 2. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі. Қазақстан Республикасының  Премьер-Министрі       К.МӘСІМОВ. Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 18 шілдедегі  №820 қаулысымен  бекітілген Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне  енгізілетін өзгерістер 1. «Кондоминиум үй-жайларының меншiк иелерiне (қатысушыларына) жер учаскесiн берудiң тәртiбiн бекiту туралы» Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 1997 жылғы 22 желтоқсандағы № 1813 қаулысында (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 1997 ж., № 57, 512-құжат): көрсетілген қаулымен бекітілген Кондоминиум үй-жайларының меншiк иелерiне (қатысушыла­рына) жер учаскесiн берудiң тәртібінде: 8-тармақ мынадай редакцияда жазылсын: «8. Кондоминиум қатысушыларының жер учаскесiне деген ортақ меншiк құқығы (ортақ жер пайдалану құқығы) жылжымайтын мүлiкке деген құқықтарды мемлекеттiк тiркеу туралы заңнамада көзделген тәртiппен тiркелуге тиiс.». 2. «Қазақстан Республикасында мемлекеттiк жер кадастрын жүргiзудiң ережесiн бекiту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2003 жылғы 20 қыркүйектегі № 958 қаулысында (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2003 ж., № 38, 389-құжат): көрсетілген қаулымен бекітілген Қазақстан Республикасында мемлекеттiк жер кадастрын жүргiзудiң ережесiнде: 13-1-тармақтың үшінші бөлімі мынадай редакцияда жазылсын: «Жер учаскесінің есептік деректеріне жер учаскесіне меншік құқығының немесе жер пайдалану құқығының ауысуы туралы мәліметтерді енгізу оларға жылжымайтын мүлікке құқықтарды мемлекеттік тіркеуді жүзеге асыратын орган ұсынатын материалдар негізінде жүргізіледі.». 43-тармақтың үшінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын: «жылжымайтын мүлiкке құқықтарды мемлекеттiк тiркеу саласындағы уәкілеттi органдар;». 3. «Қазақстан Республикасында тұрақты тұруға рұқсаттар алуға үмiткер шетелдіктердің және азаматтығы жоқ адамдардың Қазақстан Республикасында болу кезеңiнде өздерiнiң төлем жасау қабiлеттігін растау ережесiн бекiту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2003 жылғы 26 қарашадағы № 1185 қаулысында (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2003 ж., № 44, 485-құжат): көрсетілген қаулымен бекітілген Қазақстан Республикасындағы тұрақты тұруға рұқсаттар алуға үміткер шетелдіктердің және азаматтығы жоқ адамдардың Қазақстан Республикасында болу кезеңiнде өздерiнің төлем жасау қабiлеттігін растау ережесінде: 2-тармақтың үшінші бөлімі мынадай редакцияда жазылсын: «Соманың мөлшерi сол елдi мекендегi тұрғын үйдiң орташа нарықтық құнына сәйкес, жылжымайтын мүлiкке арналған құқықтарды тіркеудi жүзеге асыратын тиiстi уәкiлеттi орган берген құжаттың негiзiнде белгiленедi.». 4. «Астық қолхаттары бойынша міндеттемелерді орындауға кепілдік беру жүйесінің кейбір мәселелері туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2004 жылғы 27 сәуірдегі № 470 қаулысында (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2004 ж., № 19, 243-құжат): көрсетілген қаулымен бекітілген Астық қолхаттары бойынша міндеттемелерді орындауға кепілдік беру қорларын құру, олардың жұмыс істеу мен таратылу және астық қабылдау кәсіпорындарының астық қолхаттары бойынша міндеттемелерді орындауға кепілдік беру жүйесіне қатысу ережесінде: 14-тармақтың жетінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын: «астық қоймасына (элеватор, астық қабылдау пункті) меншік құқығын және үшінші тұлғалар­дың міндеттемелері бойынша оған салынған ауыртпалықтың жоқ екенін растайтын жылжымайтын мүлікке құқықты тіркеу органының заңнамада белгіленген үлгі бойынша анықтамаларын;». 5. «Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің мәселелерi» туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2004 жылғы 28 қазандағы № 1120 қаулысында (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2004 ж., № 41, 532-құжат): көрсетілген қаулымен бекітілген Қазақстан Республикасы Әдiлет министрлiгі туралы ережеде: 13-тармақтың 3) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын: «3) заңды тұлғаларды, жылжымайтын мүлікке құқықтарды, жылжымалы мүліктің жекелеген түрлеріне кепілдіктерді, орталық мемлекеттік органдардың, жергілікті өкілді және атқарушы органдардың нормативтік құқықтық актілерін, азаматтық хал актілерін мемлекеттік тіркеуді жүзеге асыру, сондай-ақ Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерін мемлекеттік есепке алуды және оларды бақылауды жүзеге асыру;». 6. «Қазақстан Республикасының аумағында сауда операцияларын жүзеге асыру (қызметтер көрсету) кезiнде төлем карточкаларын пайдалана отырып, төлемдер қабылдауға мiндеттi сауда (қызмет көрсету) ұйымдарының санаттарын бекiту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2004 жылғы 15 желтоқсандағы № 1328 қаулысында (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2004 ж., № 49, 629-құжат): көрсетілген қаулымен бекітілген Қазақстан Республикасының аумағында сауда операцияларын жүзеге асыру (қызметтер көрсету) кезiнде төлем карточкаларын пайдалана отырып, төлемдер қабылдауға мiндеттi сауда (қызмет көрсету) ұйымдарының санаттарында: 11-тармақ мынадай редакцияда жазылсын: «11. Жылжымайтын мүлiкпен операциялар жасау жөнiндегi қызметтердi ұсынатын ұйымдар (жылжымайтын мүлiкке құқықтарды тiркеу саласында)». 7. «Қазақстан Республикасы Әдiлет министрлiгiнiң мемлекеттiк мекемелерiн - халыққа қызмет көрсету орталықтарын құру туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007 жылғы 5 қаңтардағы № 1 қаулысында (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2007 ж., № 1, 6-құжат): көрсетілген қаулының 2 қосымшасында: 1 тармақтың 9) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын: «9) жылжымайтын мүлікке құқықтарды (ауыртпалықтарды) мемлекеттік тіркеу;». 8. «Алкоголь өнімінің өндірісі жөніндегі қызметті лицензиялау ережесі мен оған қойылатын біліктілік талаптарын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007 жылғы 23 тамыздағы № 732 қаулысында (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2007 ж., № 32, 345-құжат): көрсетілген қаулымен бекітілген Алкоголь өнімінің өндірісі жөніндегі қызметті лицензиялау ережесінде: 4-тармақтың 6) тармақшасының төртінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын: «этил спирті мен алкоголь өнімін қабылдауды, сақтауды, шығаруды және есепке алуды жүзеге асыру үшін меншік құқығында қойма үй-жайларының және жабдықтарының бар екенін растайтын құжаттардың (ғимараттарды, құрылыстарды, мүлік пен жабдықты сатып алу-сату шартының, жер теліміне жеке меншік құқығына акті) көшірмелері;». 9. «Этил спиртін өндіру жөніндегі қызметті лицензиялау ережесі мен оған қойылатын біліктілік талаптарын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007 жылғы 23 тамыздағы № 733 қаулысында (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2007 ж., № 32, 346-құжат): көрсетілген қаулымен бекітілген Этил спиртін өндіру жөніндегі қызметті лицензиялау ережесінде: 4-тармақтың 6) тармақшасының төртінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын: «этил спиртін қабылдауды, сақтауды, босатуды және есепке алуды жүзеге асыру үшін меншік құқығында қойма үй-жайлардың және жабдықтардың бар екенін растайтын құжаттардың (ғимараттарды, құрылыстарды, мүлік пен жабдықты сатып алу-сату шартының, жер учаскесіне жеке меншік құқығына арналған актінің) көшірмелері;». 10. «Мемлекеттік органдардың құқықтық және өзге де кадастрларды жүргізу мақсатында ақпарат алмасуы жөнінде өзара іс-қимыл жасау ережесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007 жылғы 12 қыркүйектегі № 798 қаулысында (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2007 ж., № 34, 374-құжат): кіріспе мынадай редакцияда жазылсын: «Жылжымайтын мүлікке құқықтарды мемлекеттік тіркеу туралы» Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 26 шілдедегі Заңының 11-бабына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:»; көрсетілген қаулымен бекітілген Мемлекеттік органдардың құқықтық және өзге де кадастрларды жүргізу мақсатында ақпарат алмасуы жөнінде өзара іс-қимыл жасау ережесінде: 1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын: «1. Осы Мемлекеттік органдардың құқықтық және өзге де кадастрларды жүргізу мақсатында ақпарат алмасуы жөнінде өзара іс-қимыл жасау ережесі (бұдан әрі - Ереже) «Жылжымайтын мүлікке құқықтарды мемлекеттік тіркеу туралы» Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 26 шілдедегі Заңына сәйкес әзірленді.»; 7-тармақ мынадай редакцияда жазылсын: «7. Жылжымайтын мүлікке құқықтарды (құқық ауыртпалықтарын), жылжымайтын мүлікке теңестірілген объектілерге құқықтарды мемлекеттік тіркеу туралы барлық жазбаларды тіркеуші орган құқықтық кадастрдың ақпараттық жүйесіне енгізеді.». 11. «Жүйелі тіркеуді жүргізу туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007 жылғы 12 қыркүйектегі № 799 қаулысында (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2007 ж., № 34, 375-құжат): кіріспе мынадай редакцияда жазылсын: «Жылжымайтын мүлікке құқықтарды мемлекеттік тіркеу туралы» Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 26 шілдедегі Заңының 57-бабына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:». 12. «Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің кейбір мәселелері туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007 жылғы 18 қыркүйектегі № 816 қаулысында (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2007 ж., № 34, 382-құжат): кіріспе мынадай редакцияда жазылсын: «Қазақстан Республикасының «Жылжымайтын мүлікке құқықтарды мемлекеттік тіркеу туралы» және «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне жылжымайтын мүлікке құқықтарды мемлекеттік тіркеу мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» 2007 жылғы 26 шілдедегі заңдарын іске асыру мақсатында Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:». 13. «Мақта өңдеу ұйымдарының мақта қолхаттары бойынша міндеттемелердің орындалуына кепілдік беру жүйесіне қатысуы ережесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007 жылғы 26 қарашадағы № 1132 қаулысында (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2007 ж., № 44, 518-құжат): көрсетілген қаулымен бекітілген Мақта өңдеу ұйымдарының мақта қолхаттары бойынша міндеттемелердің орындалуына кепілдік беру жүйесіне қатысуы ережесінде: 3-тармақтың 7) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын: «7) мақта тазалау зауытына меншік құқығын және үшінші тұлғалардың міндеттемелері бойынша оған түскен ауыртпалықтың жоқ екенін растайтын жылжымайтын мүлікке құқықты тіркеу органының заңнамада белгіленген нысан бойынша анықтамасының түпнұсқасы;» 14. «Мүлікті жеке меншіктен мемлекеттік меншікке ерікті және өтеусіз беру ережесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007 жылғы 29 желтоқсандағы № 1371 қаулысында (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2007 ж., № 50, 632-құжат): көрсетілген қаулымен бекітілген Мүлікті жеке меншіктен мемлекеттік меншікке ерікті және өтеусіз беру ережесінде: 12-тармақ мынадай редакцияда жазылсын: «12. Жылжымайтын мүлікті тіркеу жылжымайтын мүлікке құқықтарды мемлекеттік тіркеу туралы заңнамаға сәйкес жүзеге асырылады.». 15. «Қазақстан Республикасы Бәсекелестікті қорғау агенттігінің (Монополияға қарсы агенттік) мәселелері» туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2008 жылғы 15 ақпан № 141 қаулысында (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2008 ж., № 7, 79-құжат): 14-тармақтың 42) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын: «42) Қазақстан Республикасының монополияға қарсы заңнамасында көзделген жағдайларда мәмілелерді (іс-әрекеттерді) жүзеге асыруға, нарық субъектілерін, сондай-ақ жылжымайтын мүлікке құқықтарды мемлекеттік тіркеуге, қайта тіркеуге алдын ала жазбаша келісімін ұсынады;». 16. «Ғимараттардың, имараттардың және оған іргелес аумақтардың қауіпсіздігіне қойылатын талаптар» техникалық регламентін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2008 жылғы 6 наурыздағы № 227 қаулысында (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2008 ж., № 12-13, 122-құжат): көрсетілген қаулымен бекітілген «Ғимараттардың, имараттардың және оған іргелес аумақтардың қауіпсіздігіне қойылатын талаптар» техникалық регламентінде: 14-тармақ мынадай редакцияда жазылсын: «14. Ғимараттарды (имараттарды) пайдалануға берген сәттен бастап оларды пайдаланудан шығарғанға дейінгі кезеңде осы өнімнің нарықта айналымда болуына жылжымайтын мүлікке құқықты мемлекеттік тіркеу саласындағы заңнама талаптарына сәйкес ресімделген техникалық паспорты болған жағдайда ғана жол беріледі.». 17. «Жедел тәртіппен жүргізілетін жылжымайтын мүлікке құқықтарды және онымен жасалатын мәмілелерді мемлекеттік тіркегені үшін алым ставкаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 30 наурыздағы № 428 қаулысында (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2009 ж., № 17, 149-құжат): көрсетілген қаулының тақырыбы және 1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын: «Жедел тәртіппен жүргізілетін жылжымайтын мүлікке құқықтарды мемлекеттік тіркегені үшін алым ставкаларын бекіту туралы» «Қоса беріліп отырған жедел тәртіппен жүргізілетін жылжымайтын мүлікке құқықтарды мемлекеттік тіркегені үшін алым ставкалары бекітілсін.»; көрсетілген қаулымен бекітілген жедел тәртіппен жүргізілетін жылжымайтын мүлікке құқықтарды және онымен жасалатын мәмілелерді мемлекеттік тіркегені үшін алым ставкаларының атауы мынадай редакцияда жазылсын: «Жедел тәртіппен жүргізілетін жылжымайтын мүлікке құқықтарды мемлекеттік тіркегені үшін алым ставкалары». 18. «Мемлекеттік қызметтер стандарттарын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 15 желтоқсандағы № 2121 қаулысында (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2009 ж., № 59, 519-құжат): 1-тармақтың 8) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын: «8) «Жылжымайтын мүлікке құқықтарды (ауыртпалықтарды) мемлекеттік тіркеу» мемлекеттік қызмет стандарты;». 19. «Жеке және заңды тұлғаларға көрсетілетін мемлекеттік қызметтердің тізілімін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2010 жылғы 20 шілдедегі № 745 қаулысында (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2010 ж., № 44, 401-құжат): көрсетілген қаулымен бекітілген Жеке және заңды тұлғаларға көрсетілетін мемлекеттік қызметтердің тізілімінде: 3-бөлімнің реттік нөмірі 43-жолы мынадай редакцияда жазылсын: «Жылжымайтын мүлікке құқықтарды (ауыртпалықтарды) мемлекеттік тіркеу». 20. «Мемлекеттік органдардың өз құзіретіне кіретін электрондық мемлекеттік қызмет көрсетуді қамтамасыз ету мерзімдері туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2010 жылғы 19 қазандағы № 1080 қаулысында көрсетілген қаулының қосымшасында: реттік нөмірі 22-жол мынадай редакцияда жазылсын: «Жылжымайтын мүлікке құқықтарды (ауыртпалықтарды) мемлекеттік тіркеу». 21. «Қазақстан Республикасында бәсекелестікті дамыту жөніндегі 2010-2014 жылдарға арналған бағдарламаны бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2010 жылғы 26 қазандағы № 1115 қаулысында: көрсетілген қаулымен бекітілген Қазақстан Республикасында бәсекелестікті дамыту жөніндегі 2010 - 2014 жылдарға арналған бағдарламасында: 3-бөлімнің 3-1-кіші бөлімінде: оныншы бөлік мынадай редакцияда жазылсын: «2009 жылғы 18 қыркүйекте қабылданған «Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы» Қазақстан Республикасының Кодексімен осы Кодекс қабылданғанға дейін бәсекелес болған дәрілік заттардың, медициналық мақсаттағы бұйымдар мен медициналық техниканың сәйкестігін растау нарығы монополияландырылды. «Жылжымайтын мүлікке құқықтарды мемлекеттік тіркеу туралы» Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 26 шілдедегі Заңымен Заң қабылданғанға дейін бәсекелес болған ғимараттарды, құрылыстарды және (немесе) олардың құрамдастарын техникалық тексеру нарығы монополияландырылды. Заңдарды әзірлеуші мемлекеттік органдар салалық заңдарда бәсекелестікті шектейтін ұқсас нормаларды көздеуді жалғастыруда.»; қырық жетінші бөлік мынадай редакцияда жазылсын: «Кейбір заңдарда қызмет түрлері мемлекеттік монополияға тікелей жатқызылмаған, бірақ мемлекеттік шаруашылық жүргізуші субъектілердің құқығы нақты түрде осы немесе өзге қызметті айрықша жүзеге асыруға бекітілген (Қазақстан Республикасының Жер кодексі, Экологиялық кодексі, Орман кодексі, «Авариялық-құтқару қызметі және құтқарушылардың мәртебесі туралы» 1997 жылғы 27 наурыздағы, «Қазақстан Республикасында зейнетақымен қамсыздандыру туралы» 1997 жылғы 20 маусымдағы, «Міндетті әлеуметтік сақтандыру туралы» 2003 жылғы 25 сәуірдегі, «Ішкі су көлігі туралы» 2004 жылғы 6 шілдедегі, «Жылжымайтын мүлікке құқықтарды мемлекеттік тіркеу туралы» 2007 жылғы 26 шілдедегі,  «Сәйкестікті бағалау саласындағы аккредиттеу туралы» 2008 жылғы 5 шілдедегі Қазақстан Республикасының заңдары).». 22. «Ғимараттар мен құрылыстардың, құрылыс материалдары мен бұйымдарының қауіпсіздігіне қойылатын талаптар» техиикалық регламентін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2010 жылғы 17 қарашадағы № 1202 қаулысында (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2011 ж., № 1, 3-құжат): көрсетілген қаулымен бекітілген «Ғимараттар мен құрылыстардың, құрылыс материалдары мен бұйымдарының қауіпсіздігіне қойылатын талаптар» Техникалық регламентінде: 16-тармақ мынадай редакцияда жазылсын: «16. Құрылыс объектісі пайдалануға берілген сәттен бастап оны кейіннен кәдеге жарату кезеңінің басталуына дейінгі кезеңде жылжымайтын мүлікке құқықтарды мемлекеттік тіркеу саласындағы заңнама талаптарына сәйкес ресімделетін техникалық паспорт болған жағдайда ғана құрылыс объектісі нарыққа айналымға жіберіледі.». 23. «Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің 2011 – 2015 жылдарға арналған стратегиялық жоспары туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 8 ақпандағы № 95 қаулысында: көрсетілген қаулымен бекітілген Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің 2011 - 2015 жылдарға арналған стратегиялық жоспарында: 2-бөлімнің 6.1-тармағының төртінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын: «Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007 жылғы 20 шілдедегі № 745 қаулысымен бекітілген Жеке және заңды тұлғаларға көрсетілетін мемлекеттік қызметтердің тізіліміне сәйкес Әділет министрлігі 25-ке жуық мемлекеттік қызмет көрсетеді (халықты құжаттандыру және тіркеу, азаматтық хал актілерін, заңды тұлғаларды, жылжымайтын мүлікті тіркеу және зияткерлік меншік құқығын қорғау саласында).». 24. «Жалпыға ортақ пайдаланылатын облыстық немесе аудандық маңызы бар автомобиль жолдарын немесе олардың учаскелерін өтеусіз уақытша пайдаланудың үлгі шартын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 3 мамырдағы № 477 қаулысында: көрсетілген қаулымен бекітілген жалпыға ортақ пайдаланылатын облыстық немесе аудандық маңызы бар автомобиль жолдарын немесе олардың учаскелерін өтеусіз уақытша пайдаланудың Үлгі шартында: 21-тармақтың 3) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын: «3) Объектіні уәкілетті орган Қазақстан Республикасының жылжымайтын мүлікке құқықтарды тіркеу саласындағы заңнамасына сәйкес тіркеген.».