• RUB:
    5.06
  • USD:
    522.49
  • EUR:
    547.88
Басты сайтқа өту
24 Қыркүйек, 2011

Терминдер сөздігі жарық көрді

493 рет
көрсетілді

Сыртқы істер министрлігінің Алматы қаласындағы Өкілдігінде Сыртқы істер министрінің орынбасары Қайрат Сарыбайдың төрағалық етуімен Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 20 жылдығына орай дипломатиялық терминдер сөздігінің шығуына арналған дөңгелек үстел өтті. Дөңгелек үстел жұмысына А.Бай­тұр­сынов атындағы Тіл білімі инсти­ту­ты­ның, Абылай хан атындағы Қазақ ха­лықаралық қатынастар және  әлем тілдері университетінің, Қазақ-британ уни­верситетінің сарапшылары қа­тысты. Тіл сараптамасын А.Байтұрсынов атын­дағы Тіл білімі институты терминология бөлімінің жетекші ғалым-лин­гвистері, Абылай хан атындағы Қазақ халықаралық қатынастар және әлем тілдері университетінің теория және практикалық аударма кафе­дра­сы мен Қазақ-британ университе­ті­нің ағыл­шын тілі кафедрасының мамандары жүзеге асырды. Кәсіби сөздік кең аудиторияға ар­налған және республиканың қоғамдық-саяси өмірінің барлық саласында, сон­дай-ақ  келешек дипломат мамандарды оқытып шығаратын жоғары оқу орын­дарында кеңінен колданылады, деп хабарлады СІМ-нің алматы қала­сындағы өкілдігі.