• RUB:
    5.51
  • USD:
    475.37
  • EUR:
    514.97
Басты сайтқа өту
24 Қыркүйек, 2011

Бағдарлама барысымен танысты

297 рет
көрсетілді

Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Гүлшара Әбдіқалықова Солтүстік Қазақстан облысына жұмыс сапарында өңірде «Жұмыспен қамту-2020» бағдарламасын іске асырудың барысымен танысты. 2011 жылы облыста «Жұ­мыс­пен қамту-2020» бағдарламасына қатысушылардың саны 7 мыңнан астам адамды, үш бағыт бой­ынша іс-шараларды іске асыруға арналған қаржы көлемі 1, 8 млрд. теңгені құрайды. Облыста 986 адамды оқы­ту­мен қамту  көзделіп отыр. 2011 жылы осы мақсатқа бір жылдан үш жылға дейінгі оқу мерзімімен 395 адамды кәсіби даярлау және 591 адамды қайта даярлау немесе біліктілігін арттыру үшін 116,0 млн. теңге қаржы бөлу жос­пар­ланған. Шығыстарда оқуға және шәкіртақыға, ал қаладан тыс жерлердегі азаматтарға тұруына және жол жүруіне қаржы қарас­тырыл­ған. Бұдан өзге, жалақыны ішінара субсидиялай отырып, 366 адам әлеуметтік жұмыс орын­дарына ор­наластырылатын бо­ла­ды, осы­ған  52,3 млн. теңге қаржы бөлінді. 2011 жылы әлеуеті төмен ауыл­дар­дан 222 отбасын (888 адамды) көшіруге 1,4 млрд. теңге мөлшерінде қаржы бө­лінді. Бағдарламаны іске асыру үшін әрбір ауданда және Петропавл қала­сында Жұмыспен қамту орталықтары құрылды. Сапар барысында министр 2011 жыл­дың 1 шілдесінен бастап іске кіріскен Петропавл қаласы жұмыспен қамту орталығының жұмысымен танысты. Орталықта 13 қызметкер жұмыс істейді. 2011 жылға арналған республикалық бюджеттен орталық қызметіне 56,1 млн. теңге қаржы бөлінді. Өз бетінше жұмыспен айна­лы­су­шы­ларды, жұмыссыздарды және табысы аз адамдарды оқыту және олардың жұ­мыс­қа орналасуына жәрдемдесуді көз­дейтін бағдарламаның бірінші бағыты аясында оқытумен танысу мақсатында Министр темір жол көлігі колледжінде болды. Онда оқу процесімен, оқы­ту­шылар құрамымен және оқу каби­нет­терінің заманауи құралдарымен және зертханамен танысты. Сондай-ақ, сапар барысында Гүл­шара Әбдіқалықова басқа да кәсіп­орындарда болып, қатысушыларымен кездесті. «Егемен-ақпарат».