Кеше Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі Кәрім Мәсімов Кеден одағы комиссиясының мүшелері Игорь Шуваловты (Ресей), Сергей Румасты (Беларусь), Өмірзақ Шөкеевті (Қазақстан) сондай-ақ ЕурАзЭҚ Бас хатшысы Тайыр Мансұров пен Кеден одағы комиссиясының Жауапты хатшысы Сергей Глазьевті қабылдады.
Кездесу барысында Қазақстан, Ресей және Беларусьтің Кеден одағы аясындағы өзара іс-қимыл мәселелері талқыланды.
Бұл туралы Қазақстан Үкіметінің басшысы Twitter-дегі өзінің жеке парақшасында хабарлады.