• RUB:
    5.51
  • USD:
    475.37
  • EUR:
    514.97
Басты сайтқа өту
24 Қыркүйек, 2011

Мәжіліс бюросының кезекті отырысы

247 рет
көрсетілді

Кеше Парламент Мәжілісінің Төрағасы Орал Мұ­ха­мед­жановтың жетекшілігімен палата бюросының оты­рысы өтті. Онда алдағы аптада Мәжілістің жалпы оты­ры­сына шығарылатын мәселелер сарапқа салынды. Палатаның Заңнама және сот-құқықтық реформа комитеті «Қазақстан Республи­касының кейбір заңнамалық актілеріне адвокатура мәсе­ле­лері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу ту­ралы» заң жобасы бірінші оқылымда депутаттардың тал­қысына шы­ғарылатынын хабарлады. Қаржы және бюджет комитеті «Қазақстан Республи­ка­сы­ның кейбір заңнамалық актілеріне бюджет процесінде мемлекеттік және бюджеттік жоспарлау жөніндегі уәкі­летті органдар кұзыретінің аражігін ажырату мәселелері бойынша өзгерістер мен то­лықтырулар енгізу туралы» заң жобасын бірінші оқы­лым­да талқылауға ұсынды. Сондай-ақ «2011-2013 жыл­дар­ға арналған рес­пуб­ли­ка­лық бюджет туралы» Қазақ­стан Республикасының Заңы­на өзгерістер мен то­лық­ты­ру­лар енгізу туралы» заң жо­басы да талқыға салынады. Халықаралық істер, қор­ғаныс және қауіпсіздік комитеті «Қазақстан Рес­пуб­ли­касы мен Біріккен Араб Әмір­ліктері арасындағы Қылмыстық істер бойынша өзара құқықтық көмек көр­сету туралы келісімді ратификациялау туралы» және «Қазақстан Респуб­ли­касы­ның Үкіметі мен Қырғыз Республикасының Үкіметі ара­сындағы өтеусіз әскери-тех­никалық көмек көрсету туралы келісімді ратификациялау туралы» заң жоба­ларын жалпы отырыстың күн тәртібіне енгізуді ұсынды. «Егемен-ақпарат».