• RUB:
    5.05
  • USD:
    522.91
  • EUR:
    548.85
Басты сайтқа өту
24 Қыркүйек, 2011

«Жасыл көпір» қолдау табуда

484 рет
көрсетілді

Кеше Астанадағы Тәуелсіздік сарайында Премьер-Министр Кәрім Мәсімов «Еуропа үшін қоршаған орта» атты ми­нистр­лердің 7 жалпыеуропалық конференциясына қатысқан делегация басшыларымен кездесті. Олардың ішінде Польша, Финляндия, АҚШ, Швейцария және басқа да елдердің қоршаған орта министрлері, сондай-ақ халықаралық ұйымдар өкілдері, БҰҰ Бас хатшысының орынбасары Ян Кубиш қатысты. Кездесуде Үкімет басшысы Кә­рім Мәсімов су ресурстары және жа­сыл даму проб­ле­ма­лары­ның бү­гін­гі күннің ғана емес, болашақтың да бас ауыртар мә­се­ле­сі екенін атап өтті. «Бұл Қазақ­станда да маңызды мәселе. Еліміз су ресурстары мә­се­лесін шешумен, экологиялық таза да­муды тұрақты жолға қойып, қал­дықтар мен шикізаттарды өңдеуді жүзеге асыруға көмектесуде. Осы орайда Астана қаласында эколо­гиялық таза технологияларға негізделген жарықтандыру жүйесі құ­рылып жатыр», – деді ол. «Бірде-бір ел климат өзгерісі проблемасын өз алдына бөлек шеше алмайды. Сондықтан бізге күш біріктірген абзал. Әлемде экологиялық мәселелердің бар­лы­ғы трансшекаралық сипатқа ие. Бұл, әсіресе су ресурстары мен жасыл дамуға байланысты. Осыған орай, Қазақстан Президенті «Жасыл көпір» бағдарла­ма­сын ұсынды. Меніңше, алдыңғы өткен 6 конференцияда қолдау тапқан технологиялар жасыл эко­номикаға қосылған үлкен үлес, деп атап көрсетті Премьер-Министр. Кездесу барысында сөз алған делегация басшылары конферен­ция­ны ұйымдастырған Қазақстан тарапына алғыстарын жеткізді. Ал БҰҰ Бас хатшысының орын­ба­сары Ян Кубиш «Жасыл көпір» атты қазақстандық бастама еуро­па­лық елдер тарапынан қолдау тап­қандығын айтып өтті. «Әрине, кейбір елдерде мәселелер туын­дайды. Олар ондай сұрақтардың жауабын астаналық бастамадан іздейді. Бұл елдер бастаманың тұ­жырымдамалары екіжақты, үшжақты қарым-қатынастар ар­қы­лы қанатқақты жоба ретінде іс жүзінде жұмыс істей бастаса жақсы болар еді дегенді айтады. Жалпы алғанда, Еуропада «Жа­сыл көпір» бастамасына қолдау бар деп есептеуге болады. Тек кейбір бөлімдері бойынша пікірталастар жүруде, деп атап өтті Ян Кубиш. БҰҰ Бас хатшысы орын­басарының айтуынша, бастама нақты жобалар арқылы жүзеге асуға дайын. Кейбір халық­ара­лық ұйымдар бастамадағы қа­нат­қақты жобаларды қолдамақ ниетте көрінеді. «Жасыл көпір» 2012 жылы Бразилияда 4-5 маусымда өтетін РИО+20 саммитінде тал­қы­ланатын болады. Талқыланып қана қоймай, меніңше нақты дә­лелі, жоба үлгілері келтірілетін болады деген пікірдемін», деді ол. Климат қазірдің өзінде үлкен өзгерістерді бастан кешіруде. Жасыл экономиканы бүкіл әлем елдері бас қосып, бірге дамыт­па­са климат орны толмас қатер­лер­ге ұшырауы мүмкін. 2012 жылы өтетін мыңжылдық саммиті қар­саңында жасыл дамуды біріге оты­рып жүзеге асыруды на­си­хаттаған 3 күндік конференция осылайша өз мәресіне жетті. Венера ТҮГЕЛБАЙ.