• RUB:
    5.51
  • USD:
    475.37
  • EUR:
    514.97
Басты сайтқа өту
27 Қыркүйек, 2011

Тотыдай таранған Тараз

512 рет
көрсетілді

Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың ағымдағы жылды әлеумет­­тік жаңғырту мәселелеріне арнауы, әсіресе, қалалықтар үшін үл­кен мүмкіндіктердің бастауы болды. Соның нәтижесінде, Тараз қаласының экономикалық, саяси-әлеуметтік тұрмыс-тіршілігі ны­ғая түсті және қала сәулеті мен келбеті де назардан тыс қалған жоқ. Ондағы жол жөндеу, жарық, құрылыс, тұрғын-үй коммуналдық шаруашылықты жаңғырту салалары бойынша жұмыстар мейлінше қарқын алды. Біз осы істердің басы-қасында жүрген қала әкімі Бекболат ОРЫНБЕКОВТІ әңгімеге тартқан едік. – Өнеркәсіп саласында жыл ба­сынан бері айтарлықтай өсіп, өр­­­кен­­деу байқалады. Осы табысты жұ­мыстарға нақты деректермен тоқ­­­талып өтсеңіз? – Қаңтар-шілде айларында қала кә­сіпорындары 68,3 млрд. теңгенің өні­мін өндірді, сөйтіп, нақты көлем индексі 152,6 пайыз болды. Сонау 2001 жылы бұл көрсеткіш 9,3 млрд. теңгені құраса, он жылдың бедерінде өнер­кә­сіп өндірісінің көлемі 7,4 есеге өскен. Ал өткен жылдың осы кезеңімен са­лыстырғанда өнім шығару көлемін «Қазфосфат» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі – 1,9, «Тараз металлур­гия­лық зауыты» – 2,7, «Құрылыс құрыл­ғы­­лар зауыты» – 1,4, «Жамбылгипс» ак­­ционерлік қоғамы – 1,3, «Имсталькон» – 1,5, «САФ шыны жасау компа­­ния­сы» – 1,4 және «Қант» – 7,2 есе өсірді. – Үдемелі индустриялық-инно­ва­циялық дамудың 2010-2014 жыл­дар­ға арналған мемлекеттік бағдарла­ма­сы қаламызда қалай жүзеге асы­рылып отыр? – Ағымдағы жылы жалпы сомасы 1 млрд. 425 млн. теңгені құрайтын 3 инвестициялық жоба іске асырылуда. Республикалық индустрия­ландыру кар­тасына енгізілген «Энерджи-Тараз» жау­апкершілігі шектеулі серік­тес­ті­гі­нің диодті лампалар мен шам­дарды шы­ғару жобасы іске қосылды. Ол бой­ынша 20 жұмыс орны ашылды. «Тараз құбыр зауыты» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің полиэтилен­ құ­бырлар шығаратын зауыт салу жоба­сын іске асыру желтоқсан айына жоспарлануда. «Тараз-Тарту» серік­тес­ті­гі­нің көкөністерді сақтау қоймасы және ауылшаруашылық өнімдерін қай­­та өң­деу цехының құрылысы да аяқ­талып келеді. – Қала кәсіпкерлерінің жай-күйі қалай? – Қалада қазіргі уақытта 21 мың 182 кәсіпкер тіркелген, оның ішінде 16 мың 384-і немесе 77,3 пайызы жұмыс істеуде. Көп түкірсе – көл. Соның нә­ти­­жесінде биыл жеке кәсіпкерлік бой­ынша 52 млрд. 536 млн. теңгенің өнім­дері өндіріліп, қызметі көрсетілді. Бұл өткен жылмен салыстырғанда 12 пай­ызға артық. «Бизнестің жол картасы-2020» бағ­дарламасы бойынша қаладағы екінші деңгейдегі банктерге 24 кәсіпкерлік тұлға өз жобаларын тапсырды. Қазіргі уақытта қаржыландыру мәселесі шешілген жалпы құны 164,7 млн. теңгені құрайтын 7 жоба, жалпы құны 4 млрд. 589,6 млн. теңгені құрайтын 4 жоба ау­мақтық үйлестіру кеңесінде қара­лып, мақұлданды. Ал 13 жоба сараптамадан өтуде. – Елбасының Қазақстан халқы­на Жолдауында маңызды мәселе­лер­дің бірі ретінде қаралған тұрғын үй мәселесін шешу, азаматтардың өмір сапасының көрсеткіші болып табылатын тұрғын үй жайлы­лы­ғы­ның деңгейі қалай? – Тараз қаласында 2005 жылдан бері тұрғын үй мемлекеттік бағдар­ла­ма­сы аясында барлығы 1711 пәтер пай­да­ла­нуға берілді, оның 1048-і ипо­те­ка­лық, ал қалған 663-і коммуналдық пә­терлер. Осы бағдарламаны іске асы­ру бары­сын­да 1007 ипотекалық пә­тер са­тыл­ды. Ел Үкіметінің тұрғын үй-комму­нал­дық шаруашылығын жаңғыртудың 2011-2020 жылдарға арналған бағдар­ла­масына сәйкес, тұрғын үй шаруа­шы­лығын модернизациялау бағдарламасы бойынша күрделі жөндеу жұмыстарын қажет ететін көп қабатты тұрғын үй­лердің тізімі әзірленіп, оған республи­калық бюджеттен 326,3 млн. теңге бөлінді. Облыс әкімі қалада орналасқан бұ­рынғы жатақханаларды жылу жүйе­сі­не қосу мәселесін тапсырған болатын. Сол мақсатта 11 жатақхананың инженерлік жүйелерін жөндеуге 138 млн. 547 мың теңге, 11 көп қабатты тұрғын үйлердің шатырларын, сырт келбетін және жұмсақ төсенішін жөндеуге 77 млн. 310 мың теңге қаражат қарас­ты­рылып, 22 үйде жөндеу жұмыстары бас­талды. «Тараз» әлеуметтік-кәсіп­кер­­лік корпорациясы арқылы 12 көп қа­батты үйдің 120 млн. теңгеге жөндеу жұмыстары нақтыланып, 4 үйде жөн­деу жұмыстары басталып кетті. Биылғы жылы кондоминимум ны­сан­дарын тұрғын үй жәрдемақысы ар­қылы жөндеуге жергілікті бюджет есебінен 60,9 млн. теңге қаражат бөлініп, 13 көп қабатты үйдің жөндеу жұ­мыс­тары толығымен аяқталды. «Бәйтерек» шағын ауданындағы 5 қабатты 70 пәтерлі несиеге берілетін тұрғын үй пайдалануға тапсырылды. Жалға берілетін тұрғын үй құрылысына рес­пуб­ликалық бюджеттен 586 миллион тең­ге бөлініп, «Бәйтерек» шағын ауда­нын­да екі 5 қабатты 70 пәтерлі тұрғын үйдің құрылысы жүргізілуде, ол жел­тоқсан айында тұрғындар игілігіне беріледі. Облыстық бюджеттен бөлінген 65,1 млн. теңгеге 5 қабатты 70 пәтерлі жалға берілетін тұрғын үйдің құрылыс жұмыстары басталып, ол келесі жылы пайдалануға берілетін болады. Тұрғын үй салынған аумақтан білім, мәдениет, спорт және денсаулық сақтау мекемелері де пайдалануға берілуі керек. Сон­дықтан «Арай» тұрғын алабында 720 орындық интеллектуалды мектеп­тің, «Бәйтерек» шағын ауданында 200 орындық облыстық балалар ауруха­на­сының құрылыс жұмыстары жүргізі­лу­де. Сондай-ақ 200 орындық қалалық балалар ауруханасының құрылысы қол­ға алынады. Зәулім спорт сарайы да жаңа ауданнан бой көтереді. Тұрғын үй құрылыс жинақ банкі арқылы республикалық бюджеттен 512 млн. теңге қаржы бөлініп, «Ұн комбинаты» маңынан екі 9 қабатты 32 пәтерлі несиеге берілетін тұрғын үй­дің құрылысы басталып, пайдалануға беру жоспарланып отыр. – Қала тұрғындары ғимараттар мен көп қабатты тұрғын үйлердегі, көшелердегі жөндеу жұмыстарына деген алғыстарын баспасөз арқылы жеткізбек болып, редакция қосы­нына жиі келе бастады... – Түсініктеріне рахмет, қала жол­да­рының күрделі жөндеу жұмыс­та­рына биыл облыстық бюджеттен 1 млрд. 53 млн. теңге қаржы қарас­ты­ры­лып, қа­ла­ның 10 нысанының асфальт-бетон қабатына күрделі жөндеу жұмыстары жүргізілуде. Бүгінгі күні Рысбек ба­тыр, Балуан Шолақ, Әсі­мов, Казаков көшелерінде және Бай­зақ батыр кө­ше­сінің 3-ші бұрылы­сын­да күрделі жөн­деу жұмыстары то­лығымен аяқталды. Ал орталық «Дос­тық» алаңы, Д. А. Қонаев көшесі, Төле би және Жамбыл Жабаев даң­ғылы, «Жігер», «Рассвет», «Проектировщик», «Родничок», «Мелиоратор» саяжай алқаптарының кіре беріс жол­дары бойынша құрылыс-мон­таж жұ­мыстары атқарылуда. Сон­дай-ақ Төле би, Абай даңғылдары, Жібек жолы, Ба­луан Шолақ, Тәуке хан көшеле­рі­нің сыртқы жарықтандыру же­лісін мо­дернизациялау бойынша жал­пы со­масы 274 млн. теңгеге жоға­ры әрі тиімді электр қуатын үнем­дей­тін құ­рыл­ғыларды жобалық-смета­лық құ­жаттар жасалуда. Қала көшелерінің орташа жөндеу жұмыстарына облыстық және қалалық бюджеттен 193,5 млн. теңге бөлініп, «Динамо» сауықтыру кешенінің кіре беріс жолы, Қыпшақбаев, Аппаев, Ты­нышбаев, Коммунальная және Саңы­рақ батыр көшелерінің жөндеу жұмыс­тары аяқталып, Ықылас Дүкенұлы кө­шесінің жөндеу жұмыстары жалғасу­да. Көшелерді сыртқы жарықтандыру жүйелеріне техникалық қызмет көрсе­туге 24,8 млн. теңге бөлініп, қалада 1731 шам қойылып, 14 жатақхананың көше жарықтандыру жүйелері толы­ғы­мен қалпына келтіріліп, 42 жарық­тан­дырғыш орнатылды. Сыртқы жа­рықтандыру желісінің есептегіш құ­ралдары үш тарифтікке ауыстырылды, бұл есептегіш құрал бюджет қара­жатын 25%-ға үнемдей алады. Сонымен бірге, қала тұрғын­дары­ның мамыражай демалуына жағдай жа­сау үшін «Тараз қаласының саябақ­тар және скверлер» бағдарламасы бекітіліп, оған жергілікті бюджеттен 59,4 млн. теңге қаржы қарастырылды. Қа­зіргі уақытта Б. Момышұлы атындағы «Жеңіс» саябағында балаларға арнал­ған ойын нысандары, кіші архитек­ту­ралық мүсіндер орнатылып, су бұр­қақ­тары қалпына келтірілді. «Мектеп бітірушілер» аллеясындағы тротуарларға плиткалар төселіп, бордюрлер және орындықтар қойылды, автотұрақтың аумағы кеңейтіліп, асфальт төселді. Қ. Рысқұлбеков атындағы саябақта су бұрқақтары қайта жаңғыртылды, кіші архитектуралық нысандар орнатылып, амфитеатр қалпына келтірілді. Энер­гия­ны үнемдейтін жаңа сыртқы жа­рық­тандыру желілері ауыстырылып, орындықтар мен күл-қоқыс жәшіктері орнатылды, «Қуғын-сүргін құрбан­да­ры» скверінде де тротуарлардың пли­т­алары ауыстырылып, сыртқы жарық­тан­дыру желісінің жұмыстары жүргі­зіл­ді. Қаладағы құрылыс, абаттандыру және қоғамдық мәдени іс-шараларды бюджеттен тыс қаржыландыру мақса­тында «Көне Тараз» қоғамдық қоры құрылып, соның нәтижесінде орталық «Һибатулла Тарази» мешіті мен медресе ғимараты 225 млн. теңгеге қайта жөн­деуден өткізілді. «Достық» ала­ңын­да орналасқан мекеме ғимарат­та­рының қасбеттерін жаңа тұрғыда біркелкі сәулеттік ансамбліне келтіру, жаң­ғырту жұмыстары жүргізілуде. Жал­пы сомасы 129,8 млн. теңгені қ­ұ­райтын: гранит бордюрлер орнату, Бәй­дібек баба ескерткішінің айнала­сын гранит плиталармен қаптау, су бұрқақтар жүйесін қайта жаңарту, жол төсенішін асфальттау жұмыстары қа­зан айында аяқталатын болады. «Атшабар» скверінде 2 ойын алаңша­ла­рын жаңа талапқа сай абаттандыру жұ­мыстары аяқталды. Қала бойынша Абай – Қазыбек би көшелерінің қиы­лы­сында «Садақшы», Төле би даңғы­лының бойында «Айша бибі», «Қо­быз­шы қыз», «Керуен», Тұңғыш Президент саябағы маңында «Ақ бота», Абай даңғылы мен Байзақ батыр кө­шелерінің қиылысында «Ана мен бала», Қ.Рысқұлбеков саябағында «Ал­тын балық», Әуежай алаңында «Қо­бызшы ата», Абай даңғылы – Көшеней көшелерінің қиылысында «Томирис» шағын сәулеттік композициялық нысандары орнатылды. – Қалаға келген қонақтар ең ал­дымен оның жасыл-желегі мен таза­лығына дән риза болады. – Тазалық – бүгінгі күннің басты мәселесінің бірі. Жыл басынан 3 мың 140 жапырақты және 206 қылқан жа­пырақты ағаш түрлері отырғызылды. 16 дана тарихи ескерткіштер жөнде­ліп, сырланды. Көше бойындағы 10 мың 675 текше метр күл-қоқыстар, 16 мың 872 текше метр кездейсоқ күл-қоқыс және 42 мың 813 текше метр тұрмыс­тық қатты қалдықтар шыға­ры­лып, 9 мың 88 метр көше бойындағы арықтар тазаланды. Жергілікті бюджеттен 4,8 млн. теңге бөлініп, 50 қоқыс алаңдары қалпына келтіріліп, демеушілердің кө­ме­гімен 1300 дана тұрмыстық қатты қалдықтарды сала­тын жаңа жәшіктер және 2 дана «КамАЗ» арнайы техни­ка­сы сатып алын­ды. Аумағы 30 гектарды құрайтын тұр­мыстық қатты қалдықтар полиго­ны­ның құрылысын аяқтауға 53,9 млн. теңге қаржы қарастырылып, оның ішін­де арнайы техникасына 25,7 млн. теңге, қоршау жұмыстарына 28,2 млн. теңге бөлінді. Қысқы маусымда жол­дар­ды күтіп ұстау үшін 50 млн. тең­геге 5 дана мамандандырылған тех­ни­ка­ларды сатып алу бойынша жұ­мыс­­тар жүргізілуде. – Соңғы кезде қаланың шекара­лық аумағы өсе түсті. Осыған орай қандай жұмыстар атқарылып отыр? – Ел Үкіметінің қаулысына сәйкес, қала аумағына 5 954 гектар жер қо­сылып, оның жалпы көлемі 18 787 гектарға өсті. Сөйтіп, Тараз қаласы­­­ның жаңа шекарасына Құмшағал, Көлто­ған, Қызылабад, Казарма, Шөлдала және Учхоз деп аталатын 6 ауыл мен 42 саяжай алқаптары, 585 шаруа қожа­лықтарының жер учаскелері және әр түрлі 20 нысан қосылып отыр. Бас жоспарға сәйкес осы жаңа аумақтың 966,0 гектар жер уческесіне жеке тұр­ғын үй құрылысын жүргізуге арнайы алаңдар дайындау үшін жұмыстар жүр­гізілуде. Бүгінгі күні 69 шаруа қо­жалығының меншігіндегі 469,5 гектар жер телімін мемлекетке қайтару тура­лы қаулы қабылданды және сатып алу үшін жергілікті бюджет есебінен 76,2 млн. теңге қаражат бөлінді. «Жұмыла көтерген жүк жеңіл» деген халық даналығы бекер айтыл­ма­ған. Қаланың көркеюіне, өндірістің өркендеуіне, тұрғындар тұрмысының жақсаруына көп болып атсалысуымыз керек. Сондықтан ел игілігі, мемлекет мүддесі жолындағы кез келген абы­рой­лы іске табыс тілейік. – Әңгімеңізге рахмет.

Әңгімелескен Көсемәлі СӘТТІБАЙҰЛЫ.

Тараз.