• RUB:
    5.51
  • USD:
    475.37
  • EUR:
    514.97
Басты сайтқа өту
27 Қыркүйек, 2011

Бірінші оқылымда қаралады

279 рет
көрсетілді

Кеше Қайрат Мәмидің төрағалық етуімен Парламент Сенатының бюро отырысында 29 қыркүйекте болатын па­ла­таның кезекті жалпы отырысының күн тәртібі бойынша ұсы­ныстар талқыланды, деп хабарлады Парламент Сенатының бас­пасөз қызметі. Таяудағы отырыста «Неке (ерлі-зайыптылық) және отбасы туралы» кодекстің жобасы бірінші оқылымда талқыланатын бол­ды. Сондай-ақ бірінші оқы­лым­да «Қазақстан Республи­ка­сының кей­бір заңнамалық актілеріне ұй­ымдасқан қылмысқа қарсы іс-қимыл мәселелері бой­ынша өз­ге­рістер мен толық­ты­ру­лар енгізу туралы» және «Қа­зақстан Рес­пуб­ликасының кейбір заң­на­ма­лық актілеріне экологиялық мә­селелер бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» заң жобалары қаралады. Одан басқа депутаттар тал­қы­сына «Діни қызмет пен діни бірлестіктер туралы» заң жобасы ұсынылады, ал «Қазақстан Рес­пуб­ликасының кейбір заңна­ма­лық актілеріне діни қызмет және діни бірлестіктер мәселелері бой­ынша өзгерістер мен толық­ты­рулар енгізу туралы» заң жобасы бірінші оқылымда қаралады.