Мемлекетіміз Тәуелсіздігінің 20 жылдығына орай жақында Қазақстанның Ослодағы Дипломатиялық миссиясы Норвегияның Сауда-өнеркәсіптік палатасының қолдауымен Қазақстан жайлы тұсаукесер-семинар өткізді. Аталған іс-шарада норвегиялық қауым өкілдері еліміз тәуелсіздігінің 20 жылында қол жеткізген экономикалық жетістіктерімен таныстырды, сондай-ақ ынтымақтастықтың қазіргі таңдағы инвестициялық және сауда мүмкіншіліктерінен хабардар етілді.
Ослода семинар екі елдің екі жақты қатынастар тарихында алғаш рет жүзеге асқан қазақстандық іс-шара болып табылды. Аталмыш семинарға өнеркәсіп, қаржы қызметі, ақпараттық технологиялар мен инфрақұрылымдық салаларда жұмыс істейтін Скандинавия елдері іскер топтарының өкілдері қатысты.
Жүзеге асқан семинар «Казнекс-Инвест» экспортты тарту және ілгерілету бойынша ұлттық агенттігі мен «Grata» қазақстандық ең ірі заң фирмасының белсенді көмегімен ұйымдастырылды, деп хабарлады Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігінің баспасөз қызметі.