• RUB:
    5.51
  • USD:
    475.37
  • EUR:
    514.97
Басты сайтқа өту
27 Қыркүйек, 2011

«Нұр Отан» мен «Единая Россия» – әріптес партиялар

410 рет
көрсетілді

«Нұр Отан» халықтық-демократиялық партиясының де­ле­гациясы партия Төрағасының бірінші орынбасары Нұрлан Нығматулиннің жетекшілігімен Мәскеу қаласында өткізілген «Единая Россия» партиясы съезінің жұмысына қатысты. Съезд 11 мың қатысушы­лар­дың ба­сын қосып, жай ғана пар­тиялық іс-шара шегінен шықты. «Единая Россия» партиясының ХІІ съезі қазірдің өзінде ең ау­қымды және көп талқыланатын іс-шара деп аталды. Оның басты қоры­тын­дысы екі негізгі жаңа­лық: премьер-министр Владимир Путиннің канди­да­ту­расы ел президенті лауазымына ұсы­нылып, желтоқсан айында өткізілетін Мем­лекеттік Дума сайлауында «Единая Россияның» партиялық тізімін президент Дмитрий Медведев басқаратын болды. Жалпы, осы тізімге 600 адам кірді. Сайлау тізімінің ерекшелігі – оның 53 пайызын қазіргі Мемлекеттік Дума депутаттары құраса, ал үштен бір бөлігі – Жалпыұлттық халықтық майдан арқылы өткен ешбір партияға кірмейтін азаматтар болып отыр. Осының арқа­сында тізімге аймақтардан мүл­дем жаңа қызықты адамдар кірді. Бұл жағдай Думаның жаңа құрамы­нан жаңаша ой-пікірлер мен көзқарастарды күтуге мүм­кіндік бермек. Дмитрий Медведев пен Владимир Путиннің съезд бары­сында сөйлеген сөздерінің мәті­нін партияның сайлауал­ды бағ­дар­ламасы деп есептеу ұсы­ныл­ды. Оның үлкен бөлігі әлеуметтік са­ла­ға, еңбекақы, зейнетақы мөл­шерін кө­бей­ту, ипотекалық не­сиенің пайыздық мөлшерлеме­лерін азайту, тұрғын үй салу және байлардың салық көлемін кө­бейтуге арналған. Алайда, көшбасшылардың өз­дерінің айтуынша, ең маңыздысы – осыған қалай қол жеткізуге болатыны және Ресей азамат­та­ры­­ның бұған қатысты көз­қа­рас­тары қандай болатыны. Форум партияның сайлауалды такти­ка­сын айқындап қана қоймай, со­нымен қатар, елде орнаған билік моделінің тиімділігін көрсетті. Ең жақын көршілермен жақын­да­су да басты басымдықтардың бірі болып табылады. «Единая Россия» партиясы мен Ел­басы Нұрсұлтан Назарбаев басқаратын «Нұр Отан» ха­лықтық-демократиялық партиясы арасында әріптестік қаты­нас­тар қалыптасып үлгерген. Сол себепті шетелдік партия өкілдерінің алғаш­қы­сы болып қазақстандық делегация же­текшісінің сөз сөй­легені кездейсоқтық емес. Нұр­лан Нығматулин Мемлекет бас­шы­­сының құттықтау сөзін оқы­ды. Құттықтау мәтінінде соңғы жыл­дары екі ел арасындағы сын­дарлы жан-жақ­ты әріптестік пен стратегиялық ын­тымақтастық жаңа деңгейге шыққаны туралы айтылған. Бұған Кеден одағы­ның құрылып, Бірыңғай экономика­лық кеңістіктің қалыптасуы дә­лел бола алады. Партияаралық қарым-қаты­нас­тарға қатысты: «Өз елдеріндегі саяси үдеріс­тер­дің көшбас­шы­лары болып табы­ла­тын «Нұр Отан» мен «Единая Россия» пар­тия­лары арасындағы байланыс­тар да күн сайын күшейіп келеді. Осы­лай­ша екі елдің бауырлас ха­лықтары ара­сындағы достық қа­рым-қатынастарын одан әрі да­мытуға біздің партияларымыз өз үлесін қосуда. Алдағы уақытта да ресейлік достарымызбен әріп­тес­тігімізді дамытып, партияаралық қарым-қатынастарымызды ны­ғай­туды көздеп отырмыз», делінген. Қазақстан мен Ресей жай ғана көрші елдер емес, біздің даму жолдарымыз ортақ. Бұл туралы «Единая Россия» өкілдері бірнеше рет айтқан болатын. Ал ин­теграциялық байланыстар кеңей­іп, нақты нәтижелер беруде. Мемлекеттік Дума депутаты Олег Савченко қазақстандық пар­тияның ал­ғашқы болып сөз сөй­легені Ресейдің Ел­басымыз Нұр­сұлтан Әбішұлы Назар­баевқа деген айрықша көзқарасының дәле­лі екенін атап өтті. Ол – бірегей тұлға, біздің стратегиялық әріп­тесті­гіміз де оның атымен бай­ланысты. – Басқа шетелдік партияларға қа­ра­ғанда, біздің «Нұр Отан» партиясымен қарым-қаты­нас­та­ры­­мыз алда келеді. «Нұр Отан» – бұл біздің нағыз әріптесіміз, на­ғыз досымыз. Біз өткен уақытта жасаған істерімізбен мақтана ала­мыз және де болашақта одан да қыруар жұмыс ат­қа­раты­ны­мызға сенімдімін. Ала алмайтын асуларымыз жоқ, – деді Мемлекеттік Дума депутаты Константин Косачев. Партияаралық байланыстар қарқын­ды дамып келеді. Оған дә­лел – ын­ты­мақтастық жайлы жаңа келісімге қол қойылғаны. Оған «Нұр Отан» партиясы Төр­ағасының бірінші орынбасары Нұр­лан Нығматулин мен «Единая Россия» Жоғарғы кеңесінің төр­ағасы Борис Грыз­лов қол қойды. Құжатқа өзара қа­рым-қатынас ор­натудың, алдағы жыл­дары тә­жі­рибе алмасудың нақты шара­ла­ры кірген және де бұл құжат екі партия байланыстары тарихының жаңа тарауын ашады деп айтуға болады. «Егемен-ақпарат».