24 қыркүйекте Нью-Йоркте Қазақстан Сыртқы істер министрінің орынбасары Қайрат Омаровтың және АҚШ Мемлекеттік хатшысының Оңтүстік және Орталық Азия бойынша көмекшісі Роберт Блейктің төрағалығымен 2010 жылдың наурыз айынан бері іске қосылған жыл сайынғы Қазақстан-Америка консультациялар құрылымы аясындағы келісімдердің орындалу барысы жайында жоспарлы «сағат туралауы» өтті.
Шара барысында қазақстандық және америкалық тараптар Қазақстан мен АҚШ арасындағы стратегиялық әріптестіктің негізін құрайтын екіжақты консультациялар тетігінің негізгі бес бағытта ширақ дамып келе жатқанына тоқталды. Атап айтсақ, олар: жаһандық және аумақтық қауіпсіздік, саяси мәселелер, демократия мен адам құқықтары, экономика және әлеуметтік даму, энергетика.
Сонымен бірге, Қ.Омаров пен Р.Блейк күн тәртібіндегі және БҰҰ Бас Ассамблеясының 66-сессиясы шеңберінде Президент Нұрсұлтан Назарбаев пен Президент Барак Обаманың екіжақты консультациялар мәтініндегі қазіргі заманғы жаһандық мәселелер мен аумақтық қауіптерді шешудегі жолдарының ұқсастығын тағы да растағанын атап өтті.
Қазақстан және Америка дипломаттары әңгіменің жалғасында келешекте жаппай қырып-жою қаруын таратпау және ядролық қауіпсіздікті қамтамасыз ету, аумақтық қауіпсіздік мәселелерін шешу, Ауғанстан мәселесі сияқты жұмыстардың біріккен қадамдарын талқылады.