Кеше Қауіпсіздік Кеңесі хатшысының орынбасары Қозы-Көрпеш Жаңбыршиннің төрағалығымен Қауіпсіздік Кеңесі ведомствоаралық комиссиясының кезекті отырысы болды.
Отырыста елдің шекара қауіпсіздігін қамтамасыз ету және қуатты құрылымдар қызметін жетілдіру мәселелері қарастырылды. Комиссия отырысында сөз алған мемлекеттік органдар өкілдері құзырет шеңберінде ұлттық қауіпсіздікті қамтамасыз ету жөнінде қабылданудағы шаралар туралы хабарлады.