• RUB:
    5.51
  • USD:
    475.37
  • EUR:
    514.97
Басты сайтқа өту
29 Қыркүйек, 2011

Нақты тапсырмалар берді

420 рет
көрсетілді

Кеше Мемлекет басшысы Қарағанды облысының әкімі Серік Ахметовті қабылдады, деп хабарлады Қазақстан Республикасы Президентінің баспасөз қызметі. С.Ахметов Мемлекет басшысын облыстың әлеуметтік-экономикалық дамуы жөнінде ағым­дағы жылы атқарылған жұмысы туралы хабардар етті. 8 айдың қорытындысы бойынша өнер­кә­сіп өнімі өндірісінің көлемі 870 млрд. тең­геден асты. Бұл ретте 2011 жылдың соңында айғақты көлем индексі 105 пайыз болады деп күтілуде. Қарағанды облысы үдемелі индус­трия­лық-инновациялық даму бағдарламасы аясындағы жобаларды іске асыру бойынша еліміздің өзге өңірлері арасында көш бастап келеді. Индустрияландыру картасына өңірден жалпы сомасы  282,2 млрд. теңге 45 жоба енгізілді, 5 мыңнан аса жұмыс орны құры­ла­тын болады. Жыл басынан бері жалпы сома­сы 4 млрд. теңгені құрайтын 9 жоба іске қо­сылды, 507 жұмыс орны құрылды. Биылғы жылдың соңына дейін 42 млрд. теңгеден астам сомаға 15 инвестициялық жоба жүзеге асы­рылып, 1350 жұмыс орны ашылатын бо­лады. Олардың арасында «Сары Қазына» ЖШС катодты мыс өндіретін зауыт құ­ры­лысы, «Хром-Т» ЖШС ферроқұйма өндірісі кешені, №2 домна пеші мен «Арселор Миттал Теміртау» АҚ әзірлемелерді үздіксіз құю ма­ши­насы, «ҚазАвиаСпектр» ЖШС ауыл ша­руашылығы ұшақтарының өндірісі, Қара­ған­ды ЖЭО-3 жаңғырту және қуаттылығын арт­тыру жөніндегі мәні зор жобалар бар. Соны­мен қатар, облыс «Бизнестің жол карта­сы-2020» мемлекеттік бағдарламасын іске асыру бойынша да бірінші орында келеді. Бұл жұмыста өңірде әзірленген базалық сала­лар­ды дамыту тұжырымдамасы негізгі құрал бо­лып табылады. Бүгінгі күнге дейін бағдар­лама аясында несиелерді субсидиялау мен кепілдендіру бойынша 14 млрд. теңгеден аса сомаға 87 жоба мақұлданды. Осының арқа­сында 10 мыңға жуық жұмыс орны сақталып, 2 мыңнан астам жұмыс орны жаңадан ашыл­ды. Қарағанды облысының 2010-2015 жыл­дар­ға арналған энергия үнемдеу бойынша кешенді жоспары қабылданды. Аталған құжат коммуналдық жүйелерді үнемді пайдалануға байланысты отандық әзірлемелерге негізделген. Күтілетін деректер бойынша ағымдағы жылдың 9 айында ауыл шаруашылығы өнім­дерінің жалпы көлемі 69,7 млрд. теңгені құрайтын болады. Бұл – 2010 жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 18,7 пайыз артық. Ел Тәуелсіздігінің 20 жылдығын атап өтуге байланысты шаралар шеңберінде об­лыста елді мекендердің инфрақұрылымын дайындау, абаттандыру, көгалдандыру бойын­ша ауқым­ды жұмыстар атқарылуда. Бүгінге дейін мына нысандар, атап айтқанда, облыс­тық қан ор­та­лығы, Қарағанды қаласындағы нәресте орта­лығы, Шахтинск қаласындағы саяси қуғын-сүргін құрбандарын есте сақтау мұражайы, балабақшалар, тұрғын үйлер, сая­бақтар, спорт алаңдары, мәдениет қайрат­керлерінің ес­керткіштері пайдалануға берілді. Тәуел­сіздік мерейтойы қарсаңында теннис орта­лы­ғы, мұз айдыны, бокс орталығы, 4 мың орын­дық мешіт, кардиохирургиялық орта­лық­тың жаңа блогы, емхана, Теміртау қала­сын­дағы та­рихи-мәдени орталық, Қарағанды қа­ласын­да Қазыбек бидің, Қаныш Сәтбаевтың ескерткіштері және басқа да нысандар ашылатын болады. Тек соңғы 10 жылдың ішінде Қара­ған­ды облысында тұрғындардың орташа ай­лық ақшалай кірістері 6 есеге артты, ал кіріс мөлшері күнкөріс шегінен төмен тұрғындар үлесі 39 пайыздан 3 пайызға төмендеді. Есеп қорытындысы бойынша Мемлекет басшысы Қарағанды облысының әкіміне өңір­ді әлеуметтік-экономикалық жағынан одан әрі дамытуға қатысты нақты тап­сыр­малар берді.