• RUB:
    5.06
  • USD:
    522.49
  • EUR:
    547.88
Басты сайтқа өту
Аймақтар 16 Маусым, 2017

Әкесіне заңсыз субсидия алып берген

242 рет
көрсетілді

Әдеп жөніндегі кеңестің мүшелері Ақжар ауданы Май ауылдық кеңесінің әкімі Мұрат Надыровтың тәртіптік ісін қарай келіп, қызметінен босату туралы шешім қабылдады.

 Ол қызмет бабын жеке мүд­десіне пайдаланып, заң талаптарын өрескел бұзған. Атап айтқанда, ауыл­шаруашылық өндірістік коо­перативін құруға ықпал жасап, тиесілі қаражатты әкесіне, одан қалды туған-туыстарына қылдай етіп бөліп берген. Осылайша 3 миллион 96 мың теңге демеуқаржыны шүлен тарат­қан­дай үлестірген. Кейін тексеріс нәтиже­сінде қаражат қайтарылса да, шенеу­ніктің мемлекеттік қызметші атына кір келтірген іс-әрекетіне қатаң баға беріліп, лауазымынан шеттетілетін болды. Ақжар аудандық ауыл шаруа­шылығы бөлімінің басшысы Әб­діжапар Қиманов асыл тұқымды мал өсірумен айналысатын фер­мер­лерге субсидия беру туралы құ­жат­қа екі рет қол қойып, бір жыл­дың ішінде 1 миллион 800 мың теңгені қолдарына ұстатып жі­берген. Ол штатта мамандар же­тіспейді, жұмыс жүктемесі көп, субсидия алғандарын білмедім деп сан сылтау айтқанымен, қызметіне толық сай емес деген ұйғарым шығарылды. Уәлиханов аудандық ауылшаруашылық бөлімінің же­текшісі Азамат Жауаровқа да қыз­метіне толық сай еместігі бетіне басылды. Ол 13 шаруашылыққа заңсыз субсидия бөлген. Жеңілдікті субсидия, демеу қар­жы бөлуге, төлеуге байла­нысты заң­сыздық­тардың жиі кездесуіне қарағанда, тиісті орындар тарапынан бақылау мен талаптың босаңсығанын аңғару қиын емес.  Ал М.Жұмабаев ауданы Воз­вышен ауылдық округінің әкімі Қай­сар Әбішев мәдениет үйінің шатырын күрделі жөндеуден өткі­зу үшін ашық конкурс өткізу талабын біле тұра, лицен­зия­сы жоқ «Ус­пех СК» жеке кәсіпкер­лігімен мем­­лекеттік сатып алу жөнінде ке­лі­­сім­шартқа отырған. Осының сал­­дарынан құрылыс жұмыстары са­пасыз жүргізіліп, 200 мың теңге шығын келген. Осы заңсыз әрекеті үшін ол әкімшілік жауап­кер­шілікке тартылып, 100 айлық есептік көр­сеткіш көлемінде айыппұл тартқан. Кеңес мүшелері оған қатаң сөгіс жариялады.

Өмір ЕСҚАЛИ, «Егемен Қазақстан»

Солтүстік Қазақстан облысы