Желіде «Mercedes-Benz» көлігінің жүргізушісі Тараз көшелерінде жол ережесін елемей, өрескел қателік жасағаны бейнеленген видео тарап жүр. Тәртіп сақшылары қылмыскерді анықтап, жауапкершілікке тартқан, деп хабарлайды Egemen.kz.
Жамбыл облысының полиция қызметкерлері Тараз қаласының көшелерінде жол ережесін өрескел бұзған «Mercedes-Benz» маркалы автокөліктің жүргізушісі 21 жастағы Шымкент тұрғынын ұстады.
«Жүргізушіге қатысты әкімшілік хаттамалар толтырылып, 110 760 теңге көлемінде айыппұл салынды. Сондай-ақ ҚР ӘҚБтК-нің 596-бабына сәйкес жүргізуші алты ай мерзімге көлік құралдарын басқару құқығынан айырылды. Көлік арнайы айыптұраққа қойылды», делінген хабарламада.
Полиция қызметкерлері жол ережелерін қатаң сақтау қажет екенін еске салды.