• RUB:
    4.98
  • USD:
    516.93
  • EUR:
    542.52
Басты сайтқа өту
Қазақстан 27 Маусым, 2017

Туризм және «жасыл энергия»

427 рет
көрсетілді

тақырыптары дүниежүзілік конференцияда кеңінен талқыланды. Астана қаласында өтіп жатқан халықаралық мамандандырылған көрменің аясында «Туризм және болашақ энергиясы» атты дүниежүзілік конференция басталды. Екі күнге созылатын шараға қатысушылар көмірсутек қалдықтарын азайту, туризмнің дамуы мен бәсекеге қабілеттілігін арттыру мәселелерін, сондай-ақ БҰҰ-ның күн тәртібінде қаралған 2030 жылға арналған туризмді дамытудың басты тетіктерін талқылайды.

Конференцияда белгілі болғандай, көрмеде еріктілер ретінде 46 мем­лекеттің өкілдері қызмет етуде. Бұдан бөлек, шараны халықаралық дең­гейде насихаттауда елеулі жұмыстар атқарылып, бүгінге дейін 1,5 млрд адам қамтылған, ал көрме соңына дейін бұл көрсеткіш 2,5 млрд адамға жетпек. ЭКСПО-2017 жайындағы ақпарат халықаралық ірі әуежайларда және өзге де маңызды нысандарда орналастырылуда. Сондай-ақ, «Google» компаниясымен стратегиялық ынты­мақ­тастық іске асырылып, жарнамалар алдыңғы қатарлы әлемдік телеарна­ларда көрсетілуде. ЭКСПО-2017 көр­месінің салтанатты ашылуынан шетел­дік БАҚ-тың 800-ден астам өкілі ха­бар таратты. Көптеген елдерде бұл ша­ра тікелей эфирде көрсетілді», деді «Астана ЭКСПО-2017» ұлттық компа­ниясының басқарма төрағасы Ахметжан Есімов.

Дүниежүзілік конференцияда Ас­тана әкімі Әсет Исекешев сөз сөйлеп, елордада баламалы энергия көздерінің 50 нысаны орнатылғанын баяндады. «Қалада баламалы энергия көздерінің 50 нысаны жұмыс істеуде. Мысалы, гүл бейнесінде жасалған «Smart flower» күн энергия­сын энергияға айналдыратын құрал ноухау болды. Сонымен қатар, автобус аялдамалары, бағдаршамдар, технологиялық орындықтар, парктер мен скверлердегі шамдар күннен қуат алады. Әрине, мұның барлығы шағын жобалар екені белгілі. Бірақ бұл жаңаша ойлау үшін қажет, сондай-ақ ірі жобаларды жүзеге асыру үшін негізгі іргетас болады. Біз ірі жобаларды да жүзеге асырып жатырмыз», деді қала басшысы.

Әсет Исекешев алдағы уақытта Астана көшелеріндегі шамдардың энергия үнемдейтін шамдарға ауыс­тырылатынын айтты. «Ауқымды түрде қаладағы шамдарды энергиялық жағынан тиімді шамдарға алмас­тырамыз. Сонымен қатар, кезең-кезеңмен әлеуметтік нысандарда – мектептерде, балабақшаларда, ауру­ханаларда энергия үнемдеуге бағыт­талған бағдарламалар жүзеге асыры­лады. Энергия үнемдеу институты­мен оның тиімділігін арттыруға бағыт­талған кешенді жоспар жасалды. Ал Экологиялық тұрақтылықты сақтау үшін бірқатар төмен көміртекті жобаны жүзеге асыруды жоспарлап отырмыз. Оның ішінде төмен көміртекті көліктерге көшу де бар», деді әкім.

Елорда басшысының айтуынша, 2020 жылға қарай Астана Еуразия кеңістігіндегі туристер үшін ең тартымды қала болмақ. Сонымен қатар, әртүрлі форумдар мен саммиттер, іс­керлік кездесулер мен мәдени-спорт­тық шаралар өтетін басты орталық­тың біріне айналуы тиіс. Осы мақ­сатта әуежай, темір жол вокзалы, қонақ­үйлер мен басқа нысандар, біз сөзбен айтқанда, инфрақұрылым сапалы әрі жан-жақты жетілдіріліп, дамуда.

Асхат РАЙҚҰЛ, «Егемен Қазақстан»