• RUB:
    5.44
  • USD:
    478.58
  • EUR:
    520.84
Басты сайтқа өту
Үкімет 28 Шілде, 2017

Субсидия – шаруаға демеу

138 рет
көрсетілді

Премьер-Министрдің орынбасары – Ауыл шаруашылығы министрі Асқар Мырзахметов жұмыс сапарымен Батыс Қазақстан, Маңғыстау облыстарына барды. Онда Елбасының «Қазақстанның үшінші жаңғыруы: жаһандық бәсекеге қабілеттілік» атты Қазақстан халқына Жолдауында айтылған тапсырмалардың жүзеге асу барысымен танысты, деп хабарлады Премьер-Министрдің баспасөз қызметі.

Батыс Қазақстан об­лы­сының әкім­ді­гінде өткен ке­ңесте АӨК дамы­ту­дың мем­ле­кеттік бағдарламасын жүзеге асыру барысы, ондағы мін­дет­темелерді орындау бойынша бекі­тілген индикаторлар мен шаралар жетістігі талқыланды.

Мемлекеттік бағдарлама аясында биылғы жылы суб­си­дияның 65 түрі қарастырылып, соның нәтижесінде 11 тиімсіз субсидияны алып тастап, 40 субсидияның өлшемдері өз­гер­тілді. Ал қалған 14-і еш өзге­ріссіз қалды.

Мал шаруашылығында өл­шем­­дерді өзгерту дәл сол қар­жы шеңберінде субсидия алу­шылардың санын бір есеге арттырды. Егер бастапқыда сиыр еті бойынша субсидияны 175 шаруашылық алса, қазір ол 522-ге немесе 100%-ға артты; сүт бойынша 2 есеге; қой еті бойынша 1,3 есе, жүн бойынша 3,6 есе артты. Сондай-ақ, қой етін субсидиялау одан гөрі тиімдірек қозы етімен алмастырылды.

2017 жылдың 1 шілдесіндегі жағ­дай бойынша Батыс Қа­зақ­стан, Ақтөбе облыстарында ірі қара малдың, ұсақ қара малдың, жылқылардың, құс­тардың санының көбею үрдісі байқалды.

Қазіргі таңда республикада 1345 қайта өңдеу кәсіпорыны белсенді жұмыс жасап жатыр. Сүт, ет, тері, жүн, май және да­қыл өнімдерін, тұ­қым­дар мен көкөністер, қант қызыл­шасын және картопты қайта өң­дейтін 435 кәсіпорынның ішінде өнімдерді ұқсатудың 9 басым түрі анықталды. Солар бойынша әр облыс, әр аудан бойынша аграрлық қайта өңдеу кәсіпорындарының нақты орналасу картасы жасалды.

Кеңес барысында Премьер-Минис­тр­дің орынбасары – Ауыл шаруа­шылығы министрі фер­­мер­лердің барлық қызы­ғу­шылық таныт­қан сұрақтарына жауап берді.

Сондай-ақ, жұмыс сапары ке­зін­де А.Мырзахметов Жәңгір хан атындағы Батыс Қазақстан аграрлық-техникалық уни­вер­ситетіне, «ПОШ Руно» ЖШС тері өңдеу кәсіпорнына барды.

* * *

Вице-премьер жұмыс бағ­дар­ламасына сәйкес Маңғыстау облысындағы Түпқараған ауда­нының Ақшұқыр ауылындағы «Казах осетр» ЖШС-на бар­ды. Аталған серіктестік өңір­дегі бірден-бір бекіре етін шы­ғаратын бекіре фермасы болып табылады.

Мұнан соң облыстық әкім­дікте АӨК-ті дамытудың мем­лекеттік бағдарламасын іске асыруға арналған отырыс болып өтті және де онда мал шаруашылығы, мал шаруа­шылығы өнімдерін қайта өңдеу, ветеринарлық қауіпсіздік пен балық шаруашылығы мәсе­лелері қаралды.

Отырысқа Маңғыстау және Атырау облыстарының тұр­ғын­дары, шаруалар мен салалық қоғамдастықтардың өкілдері қатысты.

Осынау екі облыстың Кас­пий маңындағы географиялық тұрғыда қанаттаса орналасуын ескере отырып, бірінші кезекте балық шаруашылығына баса мән берілді. Ол жерде ағымдағы жағдайға байланыс­ты бұған дейін дәстүрлі түрде өндірістік аулауға негізделіп келген балық шаруашылығы саласының көп жылдық стратегиясын түбегейлі өзгерту керектігі атап өтілді.

Бұдан әрі де мал шаруа­шы­лығы мен ауылшаруа­шылық кооперациялары мәсе­лелері талқыға түсті. Бүгін­де ел аумағында 517 ауылша­руа­шылық кооперациясы бар болса, олардың 15-і Атырау облысында тіркеулі.

Биыл шілдеде былтырғы жылдың осы кезеңімен са­лыс­тырғанда Маңғыстау және Атырау облыстарында ірі қара мал мен ұсақ қара мал басының, жылқы, түйе, құс санының өсу тенденциясы байқалуда.

Отырыс барысында А.Мыр­захметов сұрақ-жауап форматында қатысушылардың сауалдарына жауап берді.

Жұмыс сапарын қоры­тын­дылай келе, ведомство басшысы «Ақбидай» астық терминалы мен Ақтау теңіз терминалында болды.