• RUB:
    5.47
  • USD:
    473.29
  • EUR:
    512.81
Басты сайтқа өту
27 Қазан, 2011

Шынында біз қандаймыз, осы?

556 рет
көрсетілді

«Егеменнің» осы жылғы 15 қыр­күйектегі санында журналист Жақсыбай Самраттың «Біз осы қандаймыз?» атты мақа­ла­сы жа­рия­ланған еді. Осы дү­ниені оқып отырып, өзекті дү­ние бол­ған соң мен де ой-пікір жазуды жөн көрдім. Қазір, шүкіршілік, халықтың тұрмысы өте жақсы. Той-думан, құдайы ас беру, сүндет тойы – бәр-бәрі де аста-төк болып, мол болып жатады. Дастарқан үсті кең құ­лаш, көл-көсір. Кафе, дәм­хана­лар­да кезекке тұрғандар қан­шама? Бірақ, кейінгі кезде бәсекелестік көбейіп, шектен шығу дегенге ор­ын беріліп бара жатыр. Міне, осындайлар той­дың сәнін кетіреді. Жақында бір ініміздің бала­сы үйленді. Ағыл-тегіл шашу­дың аяғында ауыл-аймаққа деп бір ағамыздың алақанына бір пәшкі мың теңгеліктер салды. Анау болса оны уыстап, оңды-солды шашты... Бұл қайдан шық­қан дәс­түр? Мырзалық деген осын­дай бола ма екен? Ақ­ша деген қағаз болса да маң­дай­тер, табан ақының өтеуі емес пе, оны шашу өзіңе де өз­геге де құрмет емес қой... Осы шектен шығу емес пе? Тағы бір мысал. Бір ағамыз­дың үйі мықты кәсіпкер-заңгер­мен көрші еді. Ол кісі іргелес, ортақ дуалды әктейін деп көр­шісінің дарбазасын ашып, ішіне кіріп, құмсылақ жасайды. Ал көр­шісі болса менің рұқсаты­м­сыз дарбазамды аштың деп тал­түсте полиция шақыртады. Бұ­ған қандай уәж айтуға болады? Үй арасында үй жоқ екі көрші бол­машыға бола қазір дүрдараз бо­лып кетті. Осыған кім кінәлі? Исатай Елубаев біздің елдің сыйлы азаматтарының бірі еді. Жазмыш шығар, зейнеткерлікке де жетпей дауасыз дерттен кенеттен көз жұмды. Ол кезінде обкомның бірінші хатшысының көмекшісі, бөлім меңгерушісі секілді қызметтерді абыроймен ат­қарды. Облыстық жастар ұйы­­­мын­да жұмыс жасап, арты­нан қа­лалық жастар ұйымын бас­­қарды. Соңғы кездері облыс­тық мәсли­хат­тың аппаратында еңбек еткен еді. Қалалық кеңес­ке бірнеше рет депутат болып сайлан­ды. Жаны жайсаң азамат ән-жырды жақсы көретін әрі айтулы домбырашы еді. Отыр­ған жерін ән-күйге бө­леп, ха­лықты әбден риза қылатын. Міне, осы азаматтың дүние­ден озғанына жақында 10 жыл толды. Азаматтың жарқын есімі ұмытылмасын деп тұрғын­дар­дың қозғауымен оның атына Қызылорда қаласынан бір кө­ше­нің аты беріліп, ескерткіш тақта орнатылды. Осы іске бас­тамашы болған ономастикалық комиссия, қалалық мәслихат пен әкімдік­ке халық риза болды. Бәрі жақсы-ау, бірақ «жақ­сы­лық қылсаң бүтін қыл» дегенді қызылордалық шенеуніктер білмейді екен. Көшенің атын беру рәсіміне қаланың ардагерлері, қонақтар, мар­құм­ның Астанадан, Алматы­дан келген туыстары бар – көп адам жи­налды. Көшені өзіміз аш­ып, ескерткіш тақта қой­дық. Бі­­рақ жергілікті билік қымс етпеді... Адамның көңілі шарайна ғой. Марқұмның алыс-жақын­нан келген туыстары да, жақын жора-жолдастары да билік ба­сында отыр­ғандардың осындай немкетті істеріне көңіліміз құ­ла­зып та­растық. Олардың ха­лық­тың кө­ңі­лін көзге ілмей, отырған орын­та­ғын бә­рі­нен жо­ғары қоятын мінездері қа­рын ашырды. Біз осы қандай бо­лып бара жатырмыз, ағайын? Қайырбек МЫРЗАХМЕТҰЛЫ, ардагер журналист. Қызылорда.