• RUB:
    5.47
  • USD:
    473.29
  • EUR:
    512.81
Басты сайтқа өту
27 Қазан, 2011

Болашақтың кепілі

414 рет
көрсетілді

«Известия» газетінде жа­рия­лан­ған мақаласын Елбасы Нұр­сұл­тан Назарбаев біздің жаңа та­рихымыздағы екі елеулі оқиғаны еске алудан бастаған екен. Оның біріншісі – 1991 жылдың 21 желтоқсанында бұрынғы Кеңес Одағының құрамында болған республикалар бірінші басшы­лары­ның Алматыда бас қосып, Тәу­ел­сіз Мемлекеттер Достастығы (ТМД) туралы Алматы Декларациясын қа­былдауы – яғни, жаңа дәуірі­міз­дің алғашқы күндері болса, екіншісі – алдағы 2012 жылдың 1 қаңтарында жаңа жоба – Біртұтас экономикалық кеңістіктің (БЭК) құрыла бастауы. Осы екі кезеңде не сыр жа­тыр? Екі аралықта қандай құбы­лыс­тар мен өзгерістерден өттік? Неден бастадық? Неден сақ­тан­дық? Қандай жетістіктерге жеттік деген сияқты толып жатқан сұрақтарға осы мақала егжей-тегжейлі талдау жасайды. Бірі – өткен жолымыз. Екіншісі  – өтер жолымыз. Өткен жиырма жылда Қазақ­стан­ның Тұңғыш Президенті Н.На­зарбаевтың бастамашылды­ғы­мен, нақты ұсынысымен құрыл­ған ТМД бұрынғы кеңестік ке­ңіс­тіктегі республикалардың өзара түсіністікпен, қайшылықсыз, қақ­ты­ғыссыз Орталықтан бөлініп, өз жолдарын таңдауына шешуші ық­пал еткені осы мақалада айқын ай­тылған. Сондай-ақ атаулы ма­қа­лада ТМД құрылысының ат­қарған қызметіне, оның тарихи рөліне адал баға берілген. Осынау күрделі де өте шұғыл оқиғалар мен кереғар пікірлерге, әртүрлі ұсыныстарға толы қар­ба­ласы мен қайшылығы мол кезеңге түгелдей өзінің қатынасуымен, жәй ғана қатынасу емес, батпандай жауапкершілікті именбестен өз иығына артып, ұтқыр ұсыны­сы­мен, ұтымды сөзімен халық­ара­лық дәрежедегі мемлекеттік қайраткерлігімен тер төккен Қа­зақ­станның Тұңғыш Президенті сараптама жасап, оқушылармен ой бөліседі. Сол қым-қуыт оқи­ға­лардың ең қауіптісі ұлттар ара­сын­дағы қайшылықтың туындап кету ықтималдығы еді. Оның үс­тіне дәл Кеңес Одағы ыдырардың алдындағы Кавказдағы, Балтық жа­ғалауындағы, тағы басқа жерлердегі қақтығыстар ондай қауіп­ті үдете түсіп еді. Сол жағдайлар, жалпы саяси ахуал мақалада нақ­ты көрсетілген. Бұрынғы алып империяның құлауынан туын­да­ған жаппай экономикалық, саяси дағдарыс салдарынан тұтанып кетуге шақ қалған азаматтық қақ­ты­ғыстардың жайылмауына алды­мен мән беріп, әріптестерінің на­за­рын аударған да біздің Елба­сы­ның ТМД-ны құру жөніндегі маңызды жобасы еді. Өткен жиырма жылда біздің еліміз бұдан бұрынғы тари­хы­мыз­да ғасырлар бойы армандаған экономикалық даму мен рухани өркендеуге қол жеткізе алды. Со­ның арқасында біздің «қазақ» деген ұлтты әлем танып, мой­ын­дады. Бізбен санасатын болды. Бұл, сөз жоқ, ұлы жеңіс, ұлы жетістік. Мақала мазмұны тек өткен тарих емес, болашаққа деген стра­тегиялық жобасымен қуаттанған. Н.Назарбаев Тәуелсіз Қазақстан­ның ұзақ мерзімде өркендеп, әлем­дік қоғамдастықта бәсекелес­тік­ке лайық мемлекет болуының қамында қомақты жобалар ұсын­ғанына мән бере келіп, дәл осы еңбегінде өзінің Еуразиялық Одақ идеясына айрықша тоқталғаны өте маңызды. Бұл – қажет. Қоғам­дық санаға қажет. Өйткені, сонау 1991 жылмен салыстырғанда бү­гін­гі қоғам мүлдем басқа қоғам. Біз қазір бұрын-соңды болмаған геосаяси кеңістікке, түбегейлі жаңа дүниетанымдық кеңістікке кірістік. 1994 жылдың наурызында Нұр­сұлтан Әбішұлы     М.Ломоносов атындағы Мәскеу мемлекеттік университетіндегі зиялы­лар алдында сөйлеп, тұңғыш рет өзінің Еуразиялық Одақ жо­басын жария еткенде, оның мән-ма­ғынасын әлі көп елдер, тіпті саясаткерлер бүгінгідей түсініп, қабылдауға жете қой­маған еді. Мақала авторы сол мезеттен бастап Еуразиялық Одақ жобасы жөнінде осы жылдар бойына да­мылсыз, толассыз ізденіп, осыған байланысты қандай да құры­лым­дардың қажеттігін мейлінше түсінікті етіп сараптаған. Еуразия Одағы – халықтар арасын жақын­дас­тырып, өзара түсіністікті өр­кениеттің жаңа баспалдағына кө­те­ретін мүмкіндік, еркін одақ­тас­тық арқылы азаматтық қоғамның сапасын қалыптастыратын стра­те­гиялық жоба екендігін қазір көп адамдардың, саясаткерлердің, ин­тел­лектуалдардың қолдап жатуы да қоғамның жаңа көрсеткіші. Нұрсұлтан Әбішұлы Еур­азия­лық Одақ жобасының жалаң идея емес екеніне, күнделікті өміріміз­дегі тұрмысымыздың сұранысы­мен, адамдардың ізгілікке, ты­ныш­тыққа, жасампаздыққа бейімдігін, ұмтылысын ынталандыру арқылы келетін жоба екеніне жан-жақты талдау жасаған. Осыған байланысты Кеден одағының қыр-сыры да ашық, алақанда­ғы­дай көрінеді. Әрине, бұл жоба жеңіл жұмыс емес. Оның жолы да оңай бола қоймасы хақ. Бірақ мемлекетіміздің, еліміздің ертеңі, болашаққа, дүниежүзілік қоға­м­дас­тықта бәсекелестікке лайық болып, еркін жүрудің кепілі екені Президент еңбегінде түсінікті жа­зылған. Мақаланың өне бойында Еу­разиялық Одақ идеясының өмір­шең­дігі нақты мысалдармен, тұ­ғыр­лы тұжырымдармен тиянақ­тал­ған. Өткен жиырма жылда мақала авторы – Мемлекет бас­шы­сы өзінің әуелгі ой-пікірін, жаңа жобасын жетілдіру мақсатында бірде-бір жыл текке кетпегенін, ойға бастама, бастамаға нақты әрекет, көрнекті жұмыс жал­ғас­қа­нын оқырманының көз алдына тізбектеп, бұлтартпас дәлелдерін келтіреді. Осы бағытта сарап­та­маға салынған Еуро Одақтағы, басқа да өркениетті мемлекет­аралық қарым-қатынастар тек қана қызығушылық туғызып қой­майды, оқырманын сендіріп, мүд­делілігін нықтай түседі. Мақала – болашақ өркениетті Одақтың тамаша тартымды Жобасы. Осы ғасыр Жобасының авторы біздің Елбасымыз – Нұрсұлтан Әбіш­ұлы Назарбаев екендігі Қазақтың мәртебесін әлемдік дәрежеге көте­ріп-ақ тұр. Қуаныш СҰЛТАНОВ, Парламент Сенатының Халықаралық қатынастар,  қорғаныс және қауіпсіздік комитетінің төрағасы.