• RUB:
    5.47
  • USD:
    473.29
  • EUR:
    512.81
Басты сайтқа өту
27 Қазан, 2011

Еуразияшылдықтың келешегі кемел

242 рет
көрсетілді

Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевқа қа­тыс­ты кез келген ақпарат бөлекше қы­зы­ғушылық тудырады. Кеше Прези­денттің «Известия» газетіне шыққан мақаласы туралы естідім. Қолыма газет түскенше шыдамым жетпей, «Известия» газетінің сайтынан Нұрсұлтан Әбішұлының мақаласын қызыға оқып шығып, өз пікірімді білдіріп отырмын. Жаһандану – ХХІ ғасырдың негізгі нақтылығы. Объективті экономикалық факторлар оның базистері болды. Со­ның ішіндегі ең бастысы – әлемдік рыноктың дамуы. ХІХ ғасырда пайда болған «кәсіпкерлік еркіндігі» идеясы ХХ ғасырдың 80-жылдары «нарықтық фун­даментализмге» (Сорос), яғни жа­һан­дануға айналып, нарықтық құнды­лық­тарды саяси және қоғамдық құнды­лық­тардан жоғары қоюға апарып, кез келген ұжымдық шешімдер қабылдау тетіктерін жоққа шығарады. Бүгінгі күні Батыстың экономикалық экспансиясына сүйенген жаһандану бар­лық шекараларды жойып, тамаша ұлт­тық құндылықтарды түгел жұту ке­зе­ңіне шығып тұр. Бүкіләлемдік алаңдау­шы­лықты дөп басқан Қазақстан Президенті Н.Назарбаев әлемдік қоғам­дас­тықты осы заманғы капиталистік жүй­е­н­ің тереңге кеткен кем-кетіктерін жүй­е­лі түрде іздеп, дүниежүзілік катак­лизм­дердің бетін қайтаруға шақырады. Пре­зиденттің пайымдауынша, қазір дүние жүзі әлемдік экономиканың, саясат пен жаһандық қауіпсіздіктің радикалды жаңа, басқаша құрастырылған үлгісін жасаудың қарсаңында тұр. Әлем көп­по­ляр­лылыққа аяқ басуда. Экономикалық дамудың бүгінгі сипаты болып отырған жаһандану үдерістері халықаралық құ­қықтың шеңберіндегі саяси-құқықтық реттеуішке бағынуы керек. «Сондықтан, деп атап өтті Елбасымыз өзінің «Дағ­да­рыстың кілті» атты мақаласында, тұрақты даму мен гүлдену мәселелері бар­лық әлемдік саяси және экономи­ка­лық органдардың, саммиттер мен фо­румдардың күн тәртібіне енгізілуі керек. Жаһандық проблемаларды  жеке-жеке еңсеру өте ауыр, тіпті мүмкін емес. Сон­дықтан да біз аймақтық та, ғалам­дық та интеграцияларды қолдаймыз». Осы постулат жаһанданудың негізі болып табылатын құндылықтарды қай­та бағалауды талап етеді. Ал бұл осы заманғы адамның болмысын радикалды түрде өзгертетін  жаңаша ойлау, ха­лықаралық қатынастардағы жаңа мәдениет болып табылады. Еуразияшылдық әлемдік тарихтағы екі ғаламдық фактор, яғни большевиктік төңкеріс пен батыстық үлгідегі мәде­ниеттің дағдарысына қарсы туған шы­ғармашыл реакция екендігі белгілі. Бүгінгі күні ол батыстық үлгідегі жа­һандануға қарсы тұра алатын рухани балама болып тұр. Ол Еуразия халықтары ғана емес,  болашақта барлық адамзатты біріктіре алатын берік іргетас болмақ. Бейбіт МАМРАЕВ, С.Аманжолов атындағы Шығыс  Қазақстан мемлекеттік университетінің ректоры,  филология ғылымдарының докторы.