• RUB:
    5.47
  • USD:
    473.29
  • EUR:
    512.81
Басты сайтқа өту
28 Қазан, 2011

Жыр шашуы тәуелсіздікке арналды

323 рет
көрсетілді

Жуырда облыс орталығында «Тәуелсіздік тұ­ғыры» атты тақырыпта жас қаламгерлер фестивалі өтті. Бұл фестивальға еліміздің әр қиырынан талантты жастар жиналды. Облыста осымен екінші рет өтіп отырған бұл жиынды өткізуге облыс әкімдігі және Жазушылар одағы бастамашы болды. Жалпы, бұл жиынның басты мақсаты – еліміздің тәуелсіздік жылдарындағы тыныс-тірші­лігін, еркіндік алғалы бергі жарқын қуаныштар, жақсылықтарды сөз өнерінде жырлап көрсету, осы жырлары арқылы жас таланттарды елге таныту. Соған орай жастар облыс орталығындағы еліміздің көк туы желбіреп тұрған алаңға барып Отан, туған ел, тәуелсіздік, болашақ жайлы өз өлеңдерін оқыды. Осы жиын аясында өткен дөңгелек үстел басында да осы тақырыпта әңгіме айтылды. Дарын қуатымен көзге түскен жас қаламгерлерге Кереку өңірінің атақты тұлғалары және күні кеше марқұм болған ақындар Қадыр Мырза Әлі, Тұманбай Молдағалиев атындағы сыйлықтар тағайындалды. Фарида БЫҚАЙ. Павлодар.