• RUB:
    6.68
  • USD:
    520.93
  • EUR:
    609.07
Басты сайтқа өту
29 Қазан, 2011

Үкіметтік емес ұйымдар белсенділігі

450 рет
көрсетілді

Денсаулық сақтау министрлігі Медициналық және фармацев­ти­калық қызметті бақылау комитеті төрағасының орынбасары Д.Есі­мовтің төрағалығымен жұмыс­шы кеңесі өтті. Кеңес жұмысына үкіметтік емес ұйымдар, коми­тет­тің аумақтық бөлімшелерінің қыз­меткерлері қатысты. Жиынды өткізудегі мақсат, үкі­меттік емес ұйымдармен бірге денсаулық сақтау саласында біліктілік емтихандарын өткізуді жү­­­зеге асыру тетігін талқылау еді. Ағымдағы жылы Қазақстан Республикасының денсаулық сақ­­тау саласын дамытудың 2011-2015 жылдарға арналған «Сала­мат­ты Қазақстан» мемлекеттік бағ­дарламасын іске асыру бары­сында азаматтық қоғамдастық пен үкіметтік емес ұйымдарды тарту қарастырылған. Бұл жоба, ең ал­ды­мен, медицина қызмет­кер­ле­рі­нің, атап айтқанда кәсіптік орта­дағы біліктілік деңгейін анық­тауға бағытталған. Бұл маман­дар­дың теориялық және практикалық дағдыларын жақсы меңгеруіне ықпал етеді. Кеңесте комитеттің, оның ау­мақтық бөлімшелері мен әлеу­мет­тік тапсырыс шеңберінде аталған қызметтерді мемлекеттік сатып алу жөніндегі конкурстың жеңім­паздары болып танылған 4 үкі­меттік емес ұйымның («Ұлт­­тық медициналық қауымдастық» РҚБ, «Астана қаласының тәу­елсіз ме­дициналық сарапшылар қауым­дастығы» ҚБ, «Жамбыл облысы бойынша тәуелсіз меди­циналық сарапшылар қауым­дас­тығы» ҚБ, «Алматы қаласы бой­ынша тәу­елсіз медициналық са­рап­шылар қауымдастығы» ҚБ) өзара іс-әрекет ету мәселелері, сондай-ақ әкімшілік кедергілерді төмен­де­туге, бақылау-рұқсат беру функ­ция­ларын қысқартуға бай­ла­ныс­ты басқа да мәселелер талқы­ланды. «Егемен-ақпарат».
Соңғы жаңалықтар