• RUB:
    5.47
  • USD:
    473.29
  • EUR:
    512.81
Басты сайтқа өту
29 Қазан, 2011

Сегізбаевтың футбол академиясы

510 рет
көрсетілді

Алматыда тұсауын кесті Оңтүстік мегаполситегі «Алаш» стадионында қазақ­­тың атақты аяқдоп шебері Тимур Сегізбаев атын­дағы Футбол академиясының ашылу сал­та­наты болып өтті. Қазақ спорт және туризм академиясының құрылтайшы бо­­луымен ашылған бұл Футбол академиясының келешегі жар­қын болғалы тұр. Өйткені, ал­дағы жылдары осы «Алаш» ста­дионы аумағынан арнайы жас футболшыларға арнап спорттық мектеп-интернат құрылысы бас­талмақшы. Онда Қазақстанның түкпір-түкпірінен жиналған жет­кіншектер шет елдерден келген тәжірибелі жаттықтырушы­лар­дан тәлім алатын болады. Футбол академиясының ашы­лу салтанатында сөйлеген Қазақ спорт және туризм академия­сының ректоры Қайрат Закериянов өзі басқаратын оқу орнының қазақ футболын көтеру жолында атқарып жатқан біршама еңбегін атап өтті. Ұлыбритания, Бразилия, Түркия секілді спорттың осы түрі дамыған елдерден тә­жірибелі мамандар алдырылға­лы жатқандығы, Тимур Сегіз­баев­тың даңқымен қазақтың кө­к­өрім жастарын футбол спортына көп­теп тарту жоспарланып отыр­ған­дығы аталды. КСРО спорт шебері, Қазақ КСР-інің еңбек сіңірген жаттық­тырушысы, Қазақстанның бірнеше мәрте чемпионы, даңқты футболшы Тимур Сегізбаев 1961 – 1971 жылдар аралығында «Қайрат» командасы құрамында ойнағаны белгілі. Міне, сол кезде «Қайраттың» туы биік желбіреп, жанкүйер біткеннің есін алған болатын. Одан кейін Сегізбаев Қызылорданың «Автомобилисі» мен Қарағандының «Шахтерінде» бапкерлік қызмет етті. Шет ел асып, Йемен Халық Республикасының ұлттық құра­масын жаттықтырды. Өзімізге келіп Ұлттық футбол федера­ция­сының президенті болды. Т.Сегізбаев атындағы Футбол академиясының ашылу сал­та­на­тында «Қайраттың» ардагер ой­ын­­шысы, белгілі спорт журналисі Диас Омаров жиылған көп­ші­лік­ке, жас футболшыларға өзі­нің әр­іп­тесі жайлы жақсы естелік ай­тып берді. Қазақстан мен Белоруссия кездесуінде «Қай­рат­тың» даңқын шығарған қос гол­ды да соққан осы Сегізбаев еді, спорт­сүйер қау­ым оны «Тимур және оның командасы» деп бүкіл Ке­ңес Ода­ғының көгіне көтерді. Енді, міне, Қазақ елі өзінің даңқ­ты ұл­ын дә­ріптеп, көзі тірісінде Фут­бол ака­де­ми­я­сын ашу арқы­лы құрмет көр­се­тіп отыр, деді Д.Омаров. Бұл күні «Алаш» ста­дио­ны­ның жасыл алаңында Қазақ спорт және туризм академия­сы­ның мұ­ға­лімдерінен құралған футбол ко­мандасы «Қайраттың» танымал ардагерлерімен достық кездесу өткізді. Қанат ЕСКЕНДІР. Алматы. ––––––––––––––– Суретті түсірген Берсінбек СӘРСЕНОВ.