• RUB:
    5.47
  • USD:
    473.29
  • EUR:
    512.81
Басты сайтқа өту
29 Қазан, 2011

«Баян сұлу», «Гауһартас», «Қарлығаш»

335 рет
көрсетілді

Аттарына заттары сай тұлпарлар аламан бәйгеде жүлделі орындарды бөлісті Ел тәуелсіздігінің 20 жылдығына арналып, облыс орта­лы­ғындағы «Құлагер» ипподромында ұлттық ат спорты ойын түрлерінен 14-ші спартакиада болып өтті Ал «Аламан бәйгеге» қазақы атаулары бар осындай тұлпарлар қатысып, спарта­киа­даның сәнін келтірді. Үш күнге созылған спорттық мереке аударыспақ, қыз қуу, бәйге, теңге алу сияқты қазақтың ұлттық ойындарына арналып, соңы аламан бәйгеге, көкпаршылар сайысына ұласты. Апалы-сіңлілі Әлина, Әмина Бауыржановалар «Қыз қуу» ойынының нағыз өзін көрсетті. Ат үстінде дара шапқан екі қызға жете алмай жігіттер қалды шаң қауып. Оның үстіне қыздардан өз «сыбағаларын» алды. Одан кейін жанкүйерлер «Ұшқыр аттар» жарысын тамашалады. Атының өзі-ақ айтып тұрғандай, екі жарым шақырымға шапқан сәй­гү­ліктер арасынан екібастұздық Саят Бегалиевтің тұлпары бірінші болып келді. Оның «Энгимахант» атты тұлпары барлық айна­лымды еркін шауып өтті. Екінші орынға облыс орталығында тұратын Тұрар Саттаровтың «Трау-Мастер» атты тұлпары ие болды. Ал, Ақтоғай ауданынан келген Бөгенбай Мұсаевтың «Залькапур» атты жүйрігі үздік үштікті қорытындылады. Осыдан-ақ жүйріктердің үнемі бабын­да, күтімде ұсталғаны байқалады. «Тоқ бәйгеге» 15 жүйрік қатысты. Ал «Аламан бәйгенің» аты – «Аламан бәйге». Яғни, қай кезде болса да жұртшылық назары сонда. Сөйтіп, 24 шақырымдық «Аламан бәйгеге» 18 жүйрік жіберіліп еді. Нұрдәулет Төкенұлы баптаған атына заты сай «Баян сұлу» деген тұлпар бірінші орын алса, ақсу­лық Алан Ысқақовтың «Қарлығашы» сөре сызығын екінші болып қиды. Павлодар ауданының өкілі Ерғанат Шәмшаевтың «Гауһар­тасы» үздік үштікті қорытындылады. Жарыс соңында «Баян сұлудың» иесіне жеңіл көліктің кілті берілді. Фарида БЫҚАЙ. Павлодар облысы.