Парламент Сенатының Әлеуметтік-мәдени даму комитетінде «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне мемлекеттік әлеуметтік тапсырыс мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» заң жобасы қаралды, деп хабарлады осы палатаның баспасөз қызметі.
Заң жобасының мақсаты үкіметтік емес ұйымдарды мемлекеттік қолдау жүйесін жетілдіру, мемлекеттік әлеуметтік тапсырысты жүзеге асыру процесінде туындайтын қоғамдық қатынастар субъектілерінің бөлінетін бюджет қаражатын тиімді пайдалану жөніндегі жауапкершілігін арттыру болып табылады.
Жоба мемлекеттік әлеуметтік тапсырыс процесінің жариялылығы мен ашықтығына, мемлекеттік әлеуметтік тапсырыс бойынша қызмет берушілерді сапалы іріктеп алуға қол жеткізу, мемлекеттік саясат басымдықтарын және мемлекеттік әлеуметтік тапсырысты бөлу кезінде республика мен оның жекелеген өңірлерінің әлеуметтік-экономикалық даму қажеттіліктерін ескеру жөніндегі пәрменді тетіктерді құруға бағытталған.
Осы заң жобасымен «Мемлекеттік әлеуметтік тапсырыс туралы» және «Мемлекеттік сатып алу туралы» заңдарға өзгерістер мен толықтырулар енгізіледі.
Заң жобасы палатаның қарауына жіберілді.