• RUB:
    5.47
  • USD:
    473.29
  • EUR:
    512.81
Басты сайтқа өту
29 Қазан, 2011

Жалпы жағдай жақсы қалыпта

404 рет
көрсетілді

Кеше Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің төрағасы Григорий Мар­чен­коны қабылдады, деп хабарлады Қазақстан Республикасы Президентінің баспасөз қызметі. Г.Марченко Мемлекет басшы­сын елдің қаржы саласындағы, атап айтқанда, валюта нарығы­ның ағымдағы жағдайы туралы хабардар етті. – Соңғы бірнеше күнде теңге нығаюда. Сыртқы орта Қазақстан үшін қолайлы қалпын сақтауда. Мұ­най, астық, металл бағасы жоғары деңгейде. Біз егер бұл жағдай одан әрі жалғасатын болса, онда жалпы аталған оң үрдіс сақталады деп күтіп отырмыз. Сонымен қатар, мен Мемлекет басшысына банк нарығы­ндағы жағдай туралы баяндадым. Би­ыл­ғы жылдың мамыр айынан бастап оң үрдіс байқалуда. Банктер тарапынан экономиканың нақты секторына несие бөлу арта бас­тады. Тұрғындардың депозиттері мен салымдарының өсімі тұ­рақ­ты жалғасын табуда, осы ретте депозитті доллардан гөрі тең­ге­мен салу жалғасын табуда. Жал­пы алғанда, макроэкономикалық жағдай, банк секторы мен валюта нарығы­ндағы жағдайлар жақсы қалыпта қалып отыр, – деді Г.Мар­ченко журналистерге ар­нал­ған брифинг барысында.