• RUB:
    5.47
  • USD:
    473.29
  • EUR:
    512.81
Басты сайтқа өту
29 Қазан, 2011

Ұсыныс, тілектер жинау жалғасуда

632 рет
көрсетілді

Қазірдің өзінде шамамен 900 мың қазақстандық «Нұр Отан» партиясының «Халық дауысы» республикалық ак­циясына белсенді қатысты. Павлодар мұнай химиясы зауыты сияқты өнеркәсіптік ірі кәсіпорындардың жұмысшы­ла­ры, этномәдени бірлестіктердің өкілдері, жастар, сондай-ақ ынта білдіргендердің барлығы Халық­қа қызмет көрсету орта­лықта­рын­да, қалалардың орта­лық алаң­дары мен денсаулық сақтау және білім беру мекемелерінде жайғасқан сауалдама жинау бекеттері арқылы Тәуел­сіздіктің 20 жылдығы қарса­ңында билеуші партияға өз ұсыныстарын білдіріп, елге тілектерін айтты. Мемлекет басшысы, «Нұр Отан» партиясының Көшбас­шы­сы Нұрсұлтан Назарбаевтың ұлтаралық келісім мен бейбітшілікті сақтау, ана мен баланы қолдау мәселелеріне баса назар аударып отырғанына көпшілік өз ризашылығын білдірді. Қа­зақ­стандықтар елімізде тәуелсіз 20 жылда жүзеге асқан оң өз­ге­рістер туралы айта отырып, бізді жарқын болашақ күтіп тұрғанына сенім білдірді. Қазақстандықтардың ұсы­ныс­­тары мен тілектерін жи­нау­ды «Нұр Отан» партиясы одан әрі жалғастыруда. «Егемен-ақпарат».