• RUB:
    5.47
  • USD:
    473.29
  • EUR:
    512.81
Басты сайтқа өту
29 Қазан, 2011

Бейбітшілік – ортақ құндылықтарымыз

302 рет
көрсетілді

Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің Халықаралық істер, қорғаныс және қауіпсіздік комитетінің хатшысы Виктор Рогалев, комитет мүшелері Сәт Тоқпақбаев пен Уәлихан Қоңырбаев Америка Құрама Штаттары Қорғаныс министрлігінің «CAPSTONE» бағдарламасы делегациясының мүшелерімен кездесті. Комитет хатшысы Виктор Рогалев сөз бастап, әріптестерімен таныстырды. Еліміздің ең жоғарғы заң шығарушы органының қабырға­сын­да араға жыл салып дәстүрге айналған екі­жақты ынтымақтастық туралы пікір алмасып отырғандығына ризашылық білдірді. Қа­зақ­стан Республикасы Тәуелсіздігінің 20 жыл­ды­ғын мерекелеу қарсаңындағы дайындық ба­ры­сынан хабардар етті. «200 жылдық тарихы бар АҚШ-тан алар тәжірибеміз бен үйре­нері­міз көп», – деді депутат. Биыл еліміз тағы бір атаулы дата – Семей ядролық сынақ полигонының жабылғанына 20 жыл толғанын атап өтті. Сол кезде бізді бірінші болып қолдап, ядролық сынаққа қарсы мораторий жариялаған Невада штаты болды. Жақында осы тарихи оқиғаға байланысты «Ядросыз әлем үшін» атты үлкен форум өтті. Оған АҚШ-тан конгрессмендер қатысты. АҚШ делегациясының мүшесі Ричард Нил Қазақстан Тәуелсіздігінің 20 жылдығымен құттықтады, деп хабарлады Мәжілістің баспасөз қызметі. ----------------------------------------- Суретті түсірген Аманқұл ДҮЙСЕБАЕВ.