• RUB:
    5.47
  • USD:
    473.29
  • EUR:
    512.81
Басты сайтқа өту
01 Қараша, 2011

Басты назарда – көліктегі қауіпсіздік

366 рет
көрсетілді

2010 жылғы 17 тамызда «Құ­қық қорғау қызметі мен сот жү­йе­сінің тиімділігін арттыру жө­ніндегі шаралар туралы» Президент Жарлығымен Бас проку­ра­тураға көлік прокуратурасы жү­йесін оңтайландыру, яғни үш аймақтық прокуратурасын біріктіру (Оңтүстік Шығыс, Батыс және Орталық) тапсырылған еді. Көлік жүйесі басқармасын бір­тұ­тас мемлекеттік жүйеге топтас­тыру Бас көлік прокуратурасына тұтастай алғанда орталықтан­ды­рылған кешенді көлік объек­ті­ле­ріндегі заңдылық жағдайына то­лық бақылау жасауға мүмкіндік берді. Бүгінде Бас көлік про­ку­ратурасының қарамағында ел ау­мағында орналасқан 24 аудан­дық көлік прокуратурасы бар. Көлік прокурорлары (темір жол, автомобиль, теңіз, ішкі су көлігі, әуе, қалалық электр және метрополитен, сондай-ақ ма­гис­тралды құбырлы өткізгіштерде) көліктерде заңнаманың бірегей қолданылуына қадағалау жа­сай­ды, сонымен қатар, орталық және жергілікті мемлекеттік ор­гандардың шаруашылық субъек­тілерінің (меншік нысанына қа­рамай) көлік саласымен байла­ныс­ты қызметіне бақылау жүр­гізеді. Бас көлік прокуратурасы жұмысының басым бағытта­ры­ның бірі – көлік нысандарында заң­дылықты қамтамасыз ету, мемлекет пен қоғам мүддесін, азаматтардың конституциялық құ­­қықтары мен бостандық­та­рын, кәсіпкерлікті қорғау болып табылады. Құрылған кезеңнен бастап біршама нәтижелерге қол жеткіздік десек артық айтқандық емес. Мысалы, ағымдағы жылдың 9 айы ішінде 26 мыңнан астам аза­маттардың конституциялық құ­қығы қорғалды, 1213 заңсыз актілер бұзылды, 2182 тұлға әкім­шілік жазаға тартылды. 2 млрд. 440 млн. теңге өндіріліп алынды, оның ішінде 823 млн. теңге мемлекет пайдасына өндірілді. Соңғы кездері дүниежүзілік тәжірибе көрсеткендей, көбінесе ұшақтар, вокзалдар терроршы­лар­дың басты шабуыл объек­тілері болып отыр. Осыларды ескере келе, кейінгі кезде әуе­жай­лар мен вокзалдарға шабуыл жасау фактілерін болдырмау мәсе­лелеріне талдама жасалды. Терроризм және діни экстремизмге қарсы әрекет жасау мәселесі де таяуда болып өткен Құқық қор­ғау органдарының үйлестіру ке­ңесінде тыңдалып, бірлескен іс-шаралар жоспары қабылданды. Террорлық актілерден басқа да қауіптер баршылық. Мәселен, әртүрлі көліктерде жиі кездесетін тосын оқиғалар салдарынан жыл сайын мемлекеттің адам ре­сурстарына, экономикаға үлкен шығындар әкелуде. Осындай жағ­дайлардың алдын алу да Бас көлік прокуратурасының басты назарында. Жыл сайын прокурорлар темір жол және басқа көлік түрл­е­рінде көптеген заң бұзушылық­тарды анықтайды. Тек ағымдағы жылы қадағалау тексеріс қоры­тын­­ды­сы­на сәйкес 114 локомотив­ті, 2,5 мың жолаушылар және жүк ва­гондарын, 130 арнайы қоз­ғалыс техникасын пайдалану тоқтатыл­ды. Жекелеген темір жол учаскелерінде жылдамдық азайтылды. Басты проблемалардың бірі – бұл темір жолда қолданылатын техникалардың ескіргендігі және оған көрсетілетін техникалық жөндеу сапасының нашарлауы, сондай-ақ осы мәселелерді реттеп айқындайтын нормативтік-құқықтық базаның болмауы. Жоғарыда айтып өткендей, темір жолда пайдаланылатын техника­лардың 70 пайызы жарамсыз күй­ге жетті. Соның нәтиже­сін­де биылғы жылы 123 қозғалыс құрамының темір жолдан шы­ғып кету, оның ішінде 60 ва­гон­ның келу жолдарында, 4 в­а­гон­ның стансалық жолдарында, 49 вагон магистралді жолда, сон­дай-ақ 10 локомотивтің жолдан шығып кету фактілері тіркелді. Биылғы жылы қозғалыс құрамы­ның жолдан шығып кетуі біршама азайды. Ал енді азаматтық авиация са­­ласына келетін болсақ, онда авиа оқиғалардың саны өте жо­ғары деңгейде қалып отыр. Әуе кемелерін, әуежайларды, тік­ұш­ақ­­тар мен олардың ұшу-қону алаңда­­­рын сертификаттау кезінде заң бұзушылықтарға жол беріліп, осы салада мемлекеттік реттеу толықтай қамтамасыз етіл­мейді. Құбырлы өткізгіш­тер­де де ос­ын­дай келеңсіздіктерге жол берілетіндігі анықталды. Осы жылдың мамыр айында Батыс Қазақстан облысы аума­ғын­да орналасқан «Интергаз Центральная Азия» АҚ газ құ­бырында жарылыс бо­лып, соның нәтижесінде машинист қаза тап­ты. Осы факті бой­ынша қыл­мыс­тық іс қозғалып, тексерілу үстін­де. Егер бұл жерде қателік адам тарапынан болса да пайдала­нылып отырған құ­быр­­дың ескіргендігін де атап өту қажет. Жекелеген учаскелердегі құ­быр­­лы өткізгіштер 60 жылдан асып кеткен, бұл пайдалану мер­зім­­нің баяғыда өткен­дігін бай­қатады. Жыл сайын көлік инфрақұ­ры­лымын жетілдіріп жаңартуға мемлекет тарапынан қаржы аз бөлініп отырған жоқ, алайда осындай келеңсіздіктер бүгін ғана туындаған жоқ ол ондаған жылдар бойы қордаланған мә­селе. Оны тексерістер нәтижесі дәлелдеп отыр. Бір ғана мысал келтіруге болады. Бас көлік про­куратурасының арнайы проку­рорлары «ҚТЖ» ҰК» АҚ лауа­зымды тұлғалары мен «Үркен ЛТД» ЖШС басшыларының жол­дың жоғарғы қабатын жөндеуге бөлінген мемлекеттің 900 млн. теңгеден астам қаржысын жым­­қырып қалу фактісін анықтады. Басқа да мысал. Көлік және коммуникация министрлігінің жо­лау­шыларды тасымалдау ұйым­дары қызметі бюджеттен бөлі­не­тін субсидия қаражаты бағасын қасақана көтеру арқылы мемлекетке 164 млн. теңге шығын келтірген. Анықталған заң бұзулар бойынша прокуратура тарапы­нан шаралар қолданылды. Көлік прокурорларының ма­ңызды мәселелерінің бірі бұл аза­маттардың конституциялық құ­қық­­тары мен көлік қызметін тұ­ты­нушылардың құқықтарын қор­ғау болып табылады. Кө­лік­тегі әлеу­меттік проблемаларға ұдайы кө­ңіл бөлініп, көлік қыз­мет­кер­ле­рі­нің еңбекақысының уақтылы жә­не толық төленуі басты назарда. Қадағалау актілері бойынша 24 мың қызметкерге жалпы сома­сы 1,4 млрд. теңге еңбекақы тө­лен­ді. Көлік саласы қызметкер­лерінің 26 өндірістік жарақат алу фактісі анықталды, олар кезінде тексерілмеген және есепке алын­баған. Проблемалық мәселенің бірі бұл вокзалдардың техникалық жағдайы мен оны жарақтандыру болып отыр. Елдегі 160 вок­зал­дың техникалық жағдайы сын көтермейді, олардың 32-сі апат­ты жағдайда. Тексеріс бары­сын­да би­летсіз жолаушылар тасы­мал­­дау және ақы төленбеген жүк­тер тасымалдау фактілері жиі ұшы­расады, жолаушылар вагон­дарын санитарлық-гигиеналық та­лапқа сай еместігін біле тұра пайдалану фактісі, сонымен қа­тар өртке қарсы нормаларды сақ­тамау жағ­дайлары анықталды. Жалпы, тексеріс қорытын­ды­сы бойынша әкімшілік және тәр­тіптік жауапкершілікке тарту ту­ралы 100 ұсыныс енгізіліп, 180 тұлға жауапкершілікке тартыл­ды, 4 ұсыныс орындалды, Үкі­мет­ке осындай заң бұзушылық­тардың себептері мен оларды туын­дата­тын жағдайлардың ал­дын алу шараларын қарастыру қажеттілігі туралы жинақталған ұсыныстар әзірленуде. Ыбырай ТІЛЕУҒАЛЕЕВ, Бас көлік прокуроры.