• RUB:
    5.47
  • USD:
    473.29
  • EUR:
    512.81
Басты сайтқа өту
11 Қараша, 2011

«Ана тілі – бәріміздің анамыз. Өйткені, ол ұлтымыздың анасы»

2362 рет
көрсетілді

Кезінде қазақ даласына аш-жа­лаңаш, қиналып келгендердің бәрін құшақ жая қарсы алып, төрінен ор­ын беріп, өзі төменге жатқан қонақ­шыл да қайырымды қазақ солармен бүтінін бөліп жеді, жартысын жа­рып жеді. Одан бері де қанша уа­қыт өтті, сырбаз қазақ сыпайы­лық­тан аттаған емес. Олай болса, сый­ластық деген екі жаққа бірдей емес пе? Олар неге өздеріне қамқор бол­ған кеңпейіл қазаққа, оның тіліне қалқан болмайды. Осы орайда, «ши шығып кетпесінді» сылтау­ратып, өз­гелерді қолдан құбыжық етіп көрсетіп жүрген жоқпыз ба осы деген ой қылтияды. Өйткені, тіл ту­ра­лы сөз бола қалса, өзге­лер­ден бұ­рын өзіміз өре түре­ге­леміз. Алды­мен байбалам салып қазақ тіліне қарсы шығамыз. Бұ­лар туған тілдің тағдырына бас қатырмайтындар. Олар осында туды, өсіп-өнді, оқы­ды, білім ал­ды, жоғары лауазымға ие болды. Енді келіп ел мен жерге, туған халқына тағзым етіп, адал еңбек сіңірудің орнына, мемлекеттік қыз­метте отырып, мемлекеттік тіл­ді аяқ асты етеді, шет мемле­кет­тің тілін ту ғып көтереді. Бұл енді ешқандай ұғымға сыймайды. Парламентте, билік тізгінінде, басқа да лауазымды қызметтерде ой-санасы жоғары, парасаты те­рең, білімді де, білікті ұлтжанды азаматтар аз емес. Енді алдағы уақытта ұлт болашағына немқұ­райлы қа­рай­тын рухсыздардан ба­тыл түрде арылып, олардың қа­тарына ұлттық қасиеттерді бо­йына дарытқан, қа­за­қы тәрбиесі, ұлт деп соққан жүрегі бар ойлы да отты, іскер жастарды көптеп тартса жөн болар еді. Жалпы, біле білсек қазақпын деген қаны бар әрбір азамат тілім тәуелсіздігімнің тірегі, тілім – бо­лашағым, тілім мақтанышым деген биік сезімді мұрат етуі шарт. Бұл, әсіресе, билік басындағылар мен халық қалаулылары қатаң ұс­танар қағидаға айналуы қажет. Себебі, олар­дың мінез-құлқы, іс-әре­кеті, сөй­леген сөзі үнемі көп­тің көз ал­дында. Көзқарасы қа­лып­та­сып үл­гір­меген еліктегіш жастар соларға қарап бойын тіктеп, ойын түзейді. Ал ол мыр­за­лар бәз-баяғы қалпы, мінберге шығады да орыс­ша желдіртіп ала жөнеледі. Сонда олардан үйренер үлгі, алар өнеге осы бол­ғаны ма? Осылай қашанғы жалғаса бермек? Турасын айтар болсақ, өз­ге­ге емес ең алдыменен билік тізгінін ұстаған, лауазымды қызметте жүрген өзіміздің көпте­ген қандас бауырларға сілкініс қа­жет. Сана сілкінісі. Құлдық санадан арыла­тын кез әлдеқашан жетті. Еркін елге айналғанымызға жи­ыр­ма жыл­­дың жүзі болды. Енді кімнен қор­қып, неден бұғамыз? Жалтақтау мен жалпақтаудың да шегі бар емес пе? Қоғамға қызмет ету бар да, ұлт болашағына қызмет ету бар. Бұл екеуі ажырағысыз ұғымдар. Білгір маман, іскер басшы болумен қатар ұлтжанды азамат болу парыз. Қа­зақпын деген қаны бар әр жүректе ұлтжандылық алауы үздіксіз ла­пылдап тұрғанда ғана тіліміздің де еліміздің де бағы жанбақ. Бүгінде жігіт ағасы жасқа келген тілге шорқақ қандастарымыз өз­дерінің осындай мүшкіл халіне алдыңғы аға буынды, яки өз ата-аналарын кінәлайды. Дұрыс деп есептеймін. Ана әлдиін тыңдап, бесік жырына балқымаған сәби, бала сезімін ертегі шуағына шо­мыл­ды­рып, бұла сезімін батыр­лар жыры­на суармаған, ерлік пен елдікті сезініп, бойында туған халқына деген сүйіспеншілік пен мақтаныш сезімі қатар өрбімеген бала ес жиып есейгенде елім деп емірене қоюы екіталай. Ел тізгінін ұстаған лауазымды шенеуніктер арасында осы іспеттес бау­ыр­ларымыздың қатары басым боп тұрғаны жасырын емес. Мемлекеттік билік тізгініндегі өз тілін білмейтін “мықтылар” тілдің қа­ді­ріне жетіп, оған жанашырлық жа­сайды, ұлт болашағына қызмет етеді дегенге сену қиын. Елін елжірей сүйіп, халқына қалтқысыз қызмет етер ұлтжандылық сезімі қа­сиетті тіліміз арқылы ғана бой­ға тарап, қанға сіңбек. Сондықтан да, қай деңгейде болмасын жоға­ры лауазымды мемлекеттік қыз­метке тағайындарда өзгелерді қоя тұ­рып, әсіресе, өз қандаста­ры­мыз­дың мем­лекеттік тілді жетік білуін қатаң түрде талап еткен жөн. Сайлау кезінде ел мен тілден биік емеспін деп, Пре­зи­дент­тің өзі мемлекеттік тілден емтихан тапсырып, сынақтан өтіп жат­қан­да неге басшысынан бастап үкімет мү­шелері түгел, яки барлық министрлер, депутаттық­қа кандидаттар, әкімдер мен бас­қа да лауазымды қызметке үміт­кер­лер тү­гел сол сынақтан өт­пей­ді? Осы­лай етер болсақ мемлекеттік тіл мәр­те­бесі өзінен-өзі өсіп шыға келер ме еді, бәлкім. Әлде ол мыр­за­лар ел мен тілден биік тұр ма? Тап осындай талап көпшілікпен күнделікті қоян-қолтық жұмыс жа­сай­тын, ең бастысы азаматтардың құқы­ғын қорғайтын сот және құқық қорғау органдарының басшыларына да қо­йылуы керек. Сонымен қатар, бұл са­ланың басшыларына өз кезегінде қа­рамағындағылардың мемлекеттік тілді мүлтіксіз меңгеруін қа­таң түрде қа­да­ғалауын ерекше міндеттеу қажет. Себебі, біздің елімізде мемлекеттік тілді білмейтіндердің емес, оны жетік мең­гергендердің құ­қығы көп бұзылатыны үйреншікті құбылысқа айналған. Жә­не ондай үрдіс құқық қорғаушыл­ар­дың өзде­рі­нің тарапынан да жиі кездесетіні ешкімге жасырын емес. Байқап қарасақ, «Қазақстанның бо­­лашағы қазақ тілінде» екеніне ден қойған өзге ұлт өкілдері қазірдің өзін­де-ақ мемлекеттік тілді мең­ге­руге құл­шына кірісіп кеткен секілді. Балала­рын, немерелерін қазақша ба­лабақ­ша­ға беріп, қазақ мектептерінде оқытып, солар арқылы өздері де ауызекі сөзге икемделіп қалғандары жөнінде мақ­та­нышпен айтып жат­­қан оларға ризашы­лықпен қарай­сың. Керісінше, балал­а­рын орыс мектептерінде оқытып бәз-баяғы қалыптарынан міз бақпаған қан­дастарымызға қарап қаның қай­най­ды. Мәселен, мерзімді баспасөз бет­те­рінің бірінен, Алматыдағы бір мек­тептің бірінші орыс сыныбына барған 74 баланың 65-і қазақ баласы дегенді оқыдық. Рас болса, сұмдық қой мынау. Бұл Тәуелсіздігімізге жиырма жыл то­лып отырған биылғы жылдың үлесіне тиесілі жәйт. Бұған не айтарсың енді? Күлесің бе, жылайсың ба? Бұл бір ғана мысал. Десек те мұндай жайдың әр жер­де-ақ орын алып отырғаны күмән ту­ғызбайды. Бұған қоса, қалалық жердегі қазақ мектептеріндегі оқу­шылардың басым көпшілігі мектеп дәлізінде, кө­шеде, қоғамдық көлік­те, қысқасы сы­нып­тан тыс жердің бәрінде тек орыс­ша зуылдататыны да жасырын емес. Бұған кімді кінә­ларсың? Жеткіншектер санасына отансүйгіштік рухын жет­кізе алма­ған ұстаздарды ма, жоқ әлде ұрпақ көкірегінде намыс отын маздата алмаған ата-ананы ма? Зиялы қауымның бәрі демейін, көбі балаларын кезінде орысша оқыт­­­ты. Жарайды, ол уақыт талабы, заман солай болды дегенге көнейік. Ор­ыс тілін білмесең қарға адым ат­тауың мұң болды. Ол тілді білуге, үйренуге мә­ж­бүр болдық, ал, ана тілді ұмытуға не мәжбүрледі? Ешкім де, ешқашан сен өз тіліңді ұмыт деген талап қойған жоқ қой. Ор­ыс­ша оқы­тып та қазақша тәрбиелеуге бола­тын. Ең болмағанда баланың ту­ған тілін қоса алып жүруін қада­ғалауға болмас па еді? Осыны неге ескермедік? Неге ол бала өзінің рухани та­мы­ры­нан ажыраған жарым­жан бо­луы тиіс еді? Осыны неге ойлан­ба­дық? Ұлт болашағын неге ойламадық? Ана тілін ықыластана үйреніп, тіпті мемлекеттік тілде баяндауға құл­шыныс танытып жатқан жекелеген ше­неуніктердің ұмтылысы, әри­не, қуа­нарлық жағдай. Ал өз тілін жетік біле тұра, өзге тілде сайрай жөнелетін шіркіндерге қарап оты­рып қайран қаласың. Орысша сөй­лемесе кісілігіне мін, лауазымына нұқсан келетіндей. Ондайлар өзге тілде сөйлесе өзін зор сезініп, ана тілінде сөйлеуге қорла­на­тын секілді. Керісінше, өз тіліңде кө­сіліп бір сөйлей алмағаннан асқан қорлық, тіпті сорлылық жоқ та шығар, сірә?! Егемендік алған жиырма жыл­дан бері өз тілімізге еркін ауыса алмай жатуымыздың ендігі бір басты себебі, орыс тілінің заңсыз түрде «ресми тілге» айналуында деп білемін. Ата За­ңымыз Конституцияның 7-ші ба­бында Қазақстан Республи­ка­сында­ғы мемлекеттік тіл – қазақ тілі. Мемлекеттік ұй­ымдарда және жергілікті өзін-өзі бас­қару орган­да­рын­да орыс тілі ресми түрде қазақ тілімен тең қолда­нылады деп көрсеткен. Демек, ресми тіл деген тіл жоқ, ресми түрде қазақ тілімен тең қол­данылады деген ұғым ғана бар. Өкі­нішке қарай, мұның бәрі заң жү­зінде ғана, ал, қолданыста бәрі бас­қаша. Мысал үшін, Тіл туралы Заң­ның 9-шы бабына сүйенсек, мемлекеттік органдардың актілері мемлекеттік тілде әзірленіп, қа­­­был­­да­на­ды, қажет болған жағ­дай­да, мүм­кін­дігінше, басқа тілге аударылуы қамтамасыз етіле оты­рып, оларды әзірлеу орыс тілінде жүргізілуі мүм­кін. Ал бізде бәрі керісінше, заң да, басқа құжаттар да орыс тілінде әзірленіп, содан соң барып қажет деп тапқан жағдайда, мүм­кін­дігінше қазақ тіліне аударылады. Бұл заңды өрескел және жаппай, жабыла бұзуға жатпай ма? Заң­ды тұл­ға не жекелеген азамат заң бұзып жатса заң нормасына сай жауапқа тар­ты­луы тиіс. Ал біз мемлекеттік тіл тура­лы заң талаптары тапталып жатса да үн­сізбіз. Оған кім кінәлі? Заңның ор­ын­далуын заң арқылы талап ете ал­­маған өзі­міздің жігерсіздігіміз, бейжай енжарлы­ғы­мыз кі­нә­лі. Ұлттық рухтың әлсі­реуі, ұлт­тық намыстың жоқтығы кінәлі. Айтайық, Үкімет заң жоба­сын қазақ тілінде жазып, Пар­ламенттің мәр­те­белі депутаттары Конституцияға құрмет көрсетіп, өздері қабылдаған “Қазақстан Республикасындағы тіл туралы” Заңды сыйлап заңдарды мемлекеттік тілде қабылдайық десе, кім қой дер еді? Үкіметтің де, Пар­ламенттің де алқалы жиын­да­ры мемлекеттік тілде өтіп жатса оған кім кедергі болып жатыр? Қайта бұл бастама басқаларға, бар салаға жол ашпай ма? Қыс­қа­сы, тілге тосқауыл төменде емес, жоғарыда, жоғарғы жақтағыларда жатқаны басы ашық ақиқат. Олай болатыны, балабақшада қазақша тәрбиеленіп, қазақ тілінде мектеп бітірген, жоғары оқу ор­нында қазақша оқып жүрген жастар, қазақ тілін аяқасты етіп, орыс­ша сайрап отырған оларға қа­рап, «қазақ тілі маған қажет пе осы» деген күмәнді ойға қалуы бек мүмкін. Ойға қалып қана қой­май, «іздегенге сұраған», тез арада орыс тіліне ауа салады және ол тілмен енді қайтып ажы­рамастай болып біржола қауы­шады. Өйт­­кені, ол жастар­дың да ертең сол «құрметті аға­ла­ры» секілді министр не әкім болудан, депутат боп сайланудан үміті бар. Ол үшін оларды қалай жаз­ғы­­расың? Осы қылығымызбен өс­­ке­лең ұрпақтың өз тілін тәрк етіп, өзге тілге икемделуіне өзіміз себепкер болып отырған жоқпыз ба? Қазақ тілінің қанатынан қа­йы­­рыл­ған құстай еркін самғай ал­ма­уына орыс та, өзге ұлт өк­ілдері де кінәлі емес. Кінәлілер қазақ тілін менсінгісі келмейтін, оған мұрын шүйіре қарайтын бір­қатар қандас­та­рымыз. Балаларын қазақша оқыт­пақ тұрмақ, Тәуел­сіздіктің жиырма жылында жи­ыр­ма сөз үйренбеген, үйренуге құлық танытпаған өз қа­зақта­ры­мыз. Олар туған тіліне уы­зында жарымаған бозөкпе ұрпа­ғының болшағына алаңдаумен бірге бүгінгі жылы орнынан айыры­лып қалудан қорқып қана қасарыса қарсыласып жатқаны жалпақ жұртқа жақсы мәлім. Қарақан басының қамымен ел мүддесін аяқасты етіп, өз мүд­десі үшін қасиетті тіліміздің өз тұ­ғырына алаңсыз орнығуына аш­ық қарсылық көрсетіп жатқандар осы қылықтарының туған анасын өзек­ке тепкенмен бірдей екенін біле тұ­ра осы әрекетке барып жат­қанда­ры­на жағаңды ұстаған­нан басқа айтарға сөз таппайсың. Қасиетті тіліміз бабадан балаға мұра боп қалған баға жетпес байлығымыз емес пе? Сондықтан да бабалар амана­ты­на адал болу – рухани асыл қа­зы­намызды шашпай-төкпей, құд­рет­ті қазақ тілінің құтын қашыр­май толық қадыр-қасиетімен кейінгіге аман-есен жеткізу бүгін­гі­лердің пер­зенттік борышы. Оны абы­рой­мен атқару бәрімізге бірдей парыз екенін естен шы­ғар­май­ық. «Ана тілі – бәріміздің анамыз, өйткені, ол ұлтымыздың анасы» деп өте дәл айтты емес пе Елбасы? Ендеше, ана тілін ар­дақ­тау әрбір азаматтың абы­ройлы бо­рышы екені ешқандай дау ту­ғы­з­баса керек. Ал осы даусыз жағдай жекелеген шенеуніктер та­­ра­пынан шешімін таппай отыр­ғаны қын­жыл­тады. Осы тұста, неге сол жоғарыдағы шұбар тілді шенділер мен шекпенділер Елба­сының сө­зін өнеге, ісін үлгі тұт­пайды екен деп күйінесің. Елба­сының «қазақ­тар бір-бірімен қа­зақша сөйлесуі керек» деген қа­ғи­дасын неге қазық етіп ұстанбаймыз? Президент биылғы Жолдау­ын­да – «біздің міндетіміз 2017 жылға қарай мемлекеттік тілді білетін қа­зақстандықтар санын 80 пайызға дейін жеткізу. Ал 2020 жылға қарай олар кемінде 95 пай­ызды құрауы тиіс» деген нақты мәселе көтерді. Иншалла, дәл осы­лай іске асуына тілекшіміз. Досжан ӘМІРОВ, Маңғыстау облыстық сотының төрағасы.