• RUB:
    5.47
  • USD:
    473.29
  • EUR:
    512.81
Басты сайтқа өту
12 Қараша, 2011

Тәуелсіз сот – өркенділік кепілі

248 рет
көрсетілді

Сот жүйесіне деген сенімді арттыруға қатысты соңғы кезде бірқатар шаралар қолға алына бастады. Солардың бірі Сенатта өткен «Сот төре­лігін жүргізу кезіндегі соттың және судья­ның тәуелсіздігі: құ­қық қолдану прак­ти­ка­сы­ның проб­ле­ма­лары және заң­на­малық реттеудің перспек­ти­валары» атты конференция. Онда Парламент депутаттары, Конституциялық Кеңестің, Жо­ғар­ғы Соттың, Жоғары сот ке­ңесінің, Бас прокуратураның, ад­вокатураның, нотариалдық пала­та­ның, дипломатиялық миссия­лар­дың, халықаралық ұйымдар мен ғылыми орталардың және үкіметтік емес ұйымдардың өкіл­дері болды. Шараға қаты­су­шылар алдында Сенат Төрағасы Қ.Мәми «Қазақстанның құқық­тық дамуының векторы ретінде сот және судьялық тәуелсіздікті қамтамасыз ету» атты баяндама жасады. Адам құқықтарын қор­ғау саласына Президент ерекше назар аударып келе жатқандығын тілге тиек еткен Сенат Төрағасы Елбасының судьялардың V съе­зін­де егемен еліміздің басты же­тістіктерінің бірі соттар мен су­дьялардың іс жүзіндегі тәуел­сіз­дігі деген сөзін қаперге алды. «Тұң­ғыш Президентіміз Нұр­сұл­тан Әбішұлының көп көңіл бө­луі­мен адам құқығын қорғау ке­піл­дігінің құқықтық базасын құ­руға дәйекті және табанды түрде қыруар жұмыс атқарылды», деді Қайрат Мәми. Биліктің бір тармағы ретіндегі сот жүйесінің маңызын ашып көрсетуге тырысқан Жоғарғы Сот Төрағасы Бектас Бекназаров еліміз демократиялық, құқықтық жолдан тайқымай келе жатқан­ды­ғын алға тартты. Мемлекеттіктің басты нышандарының бірі тәу­ел­сіз сот билігі болса, оның тамы­ры қазақтың билер сотында жа­тыр. Осы орайда Жоғарғы Сот Төрағасы еліміздің сот билігіне ешкім де қандай да бір қысым жасап отырмағандығын нық сеніммен айтты. Оның сөзіне қара­ғанда, сотқа қысым көрсетуге, айтқанды істетуге болады деген кейбір жеке мәлімдеулер назар салуға да тұрмайды. Жоғары сот кеңесінің төрағасы Оңалсын Жұмабеков кеңес жанындағы Біліктілік комиссиясында биыл 312 судьялыққа кандидат емтихан тап­сырса, солардың тек 106-сы ғана өтіп, резервке алынғандығын айтты. Яғни, судьялыққа кан­ди­дат­тарға деген талап күшейтіліп отыр. Сонымен қатар судьялыққа кандидаттардың сот орындарын­дағы сынағы да бұқараның на­за­рынан тыс қалмақ емес. Олар жай­лы бұқаралық ақпарат құрал­дары беттерінде барлық ақпарат берілетін болады. Судьялыққа кан­дидаттарды таңдау екі кезеңге бө­лінуі айтарлықтай нәтиже бергендігімен бөліскен Кеңес төр­аға­сы Президент жанындағы мем­ле­кеттік басқару академия­сы­ның Сот төрелігі институтының 100 түлегі судья болып жұмысқа орнала­сып үл­гер­гендігін де ор­таға салды. О.Жұма­беков ендігі жерде судьялыққа тек атал­ған оқу орнының түлектерінен алу дұрыс болар ма еді деген ойын да бұқпасыз жеткізді. Сот жүйесіндегі кемшіліктер ба­ры­сын Сенат депутаттары Иран Әміров пен Оралбай Әбдікәрімов жан-жақты ашып көрсетті. Заң­ның үстемдік құруы кез келген өркениетті қоғамның негізі екенін тіл­ге тиек еткен И.Әміров тәу­ел­сіз сот жү­йесі құқықтық мемле­кет­тік­тің айқын кө­рінісі дегенді келтірді. Сенатордың пай­­ы­мын­ша, тәуелсіздік ұғымы құ­қық­тық­тан гөрі саяси тү­сі­нікке жақын. Сон­­дықтан сот тәуел­сіз­дігімен судьялардың өздері емес, саясаткерлер айналысуы тиіс. Осындай өз­ара ықпалдастықтың бол­мауынан жа­һан­дық бәсекеге қабілеттілік индексі­нің сот жүй­есі бөлігінде Қа­зақ­стан ал­дыңғы орындардан табылмай отыр. Су­дья­ның тәуелсіздігі туралы бақ­таласуға болар, ал прокурор мен адвокат тәуел­сіздігі туралы ай­ту­дың өзі қиын екенімен бөліскен сенатор алғашқысы өз бас­шы­ла­рының тапсырмасын орында­са, соңғы­лары­ның өзін қорғауға тура ке­леді, деді. Конференцияда сөз алған Конс­титу­ция­лық Кеңес мүшесі А.Жай­ылғанова, Қазақстан Республика­сын­дағы Адам құқықтары жө­нін­дегі уәкіл А.Шәкіров, Түркия Жо­ғары судьялар мен прокурорлар кеңесі бас хатшысының орын­басары Е.Дурнагол, ЕҚЫҰ/ДИАҚБ заң мәселелері бойынша кеңесшісі Л.Бекинг, Грузия Конс­титуциялық соты төр­ағасының ор­ынбасары К.Вардзелашвили, Аме­рика сауда палатасының президенті К.Мак және өзгелері сот билігі тәу­елсіздігін қамтамасыз ету және ха­лық­аралық стан­дарт­тарға сәйкес заң­на­ма­ны жетілдіру мәселелерін талқыға салды. Конференцияда қорытынды сөз сөй­леген Сенаттың Заңнама және құ­қық­тық мәселелер коми­те­тінің төрағасы  Б.Имашев бар­лық ескертпелер мен ұсы­ныстар «Қазақстан Республикасындағы сот жүйесі және судьялар мәр­те­бесі туралы» Конституциялық за­ңына өзге­рістер мен толық­ты­ру­лар енгізу ту­ра­лы» Конститу­ция­лық заңының жоба­сын­да көрініс табарына сенім білдірді.