• RUB:
    5.47
  • USD:
    473.29
  • EUR:
    512.81
Басты сайтқа өту
25 Қараша, 2011

Білім-ғылым басты назарда

324 рет
көрсетілді

Астанада Білім және ғылым министрлігінің ұйымдастыруы­мен халықаралық беделді 27 ұйымның өкілдері мен еліміздегі 16 шетел елшілігі қызметкерлерінің басын қосқан алқалы жиын болып өтті.

Басқосуда Білім және ғылым министрі Бақытжан Жұмағұлов «Қазақ­стан Республикасындағы білім мен ғылымды дамытудың жай-күйі және келешегі туралы» баяндама жасап, білім мен ғылым саласында жеткен жетістіктерімізді тілге тиек етті. Ол өз сөзінде соңғы 10 жылда білім са­ла­сын қаржыландыру 7,5 есеге өс­кендігі, биылдың өзінде білімге мемлекеттік бюджеттен 900 млрд. теңге бөлінгені, Тәуелсіздіктің алғашқы жыл­дары-ақ «Болашақ» бағдарла­м­а­сы жұмыс істеп, жастардың шетелде білім алуына жағдай жасалынғаны, білім саласын дамытудың 2011-2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағ­дарламасы түзілгені, «Ғылым тура­лы» жаңа заң қабылданып, «Білім ту­ралы» заңға өтімді өзгерістер енгізілгені жайлы айта келіп, жоғары білім саласындағы «Назарбаев Уни­вер­си­те­тінің» ерекшелігіне тоқталып өтті.

Басқосу барысында сұрақ-жауап тұрғысында әңгіме өрбіп, білім мен ғылымның алдағы алар асу-міндеттері талқыға салынды.

Берік САДЫР.