• RUB:
    4.85
  • USD:
    444.14
  • EUR:
    477.05
Басты сайтқа өту
25 Қараша, 2011

Мерекелік медальмен марапатталды

504 рет
көрсетілді

Тәуелсіздік күні қарсаңында Мемлекет басшысының Жарлығымен қазақстандықтардың үлкен тобы республика алдындағы сіңірген еңбегі, белсенді қоғамдық қызметі, Қазақстан Республикасының мемлекеттілігінің дамуы мен қалыптасуына және егемендігінің нығаюына қосқан елеулі үлесі үшін  «Қазақстан Респуб­ли­ка­сының  тәуелсіздігіне 20 жыл» мерекелік медалімен марапатталды.

Марапатталғандардың  қатарында кәсіпорындар, акционерлік қоғамдар, шаруа қожалықтарының басшылары, өндірістік саланың  жұмысшылары, ғы­лым және мәдениет  қайраткерлері, әлеуметтік сала, бизнес, қоғамдық бірлестіктер  өкілдері,   құқық қорғау ор­гандарының қызметкерлері мен әскери қызметшілер,  соғыс және ең­бек ардагерлері,  мемлекеттік қызмет­шілер бар.

«Егемен-ақпарат».