Елбасы тарапынан ұсынылған бес әлеуметтік бастама, жалпы алғанда, ол халықтың ең нашар қорғалған топтарының мәселелерін шешуге бағытталған. Шын мәнінде, бұл қазіргі кезде шынымен қажетті және уақтылы болып тұр.
Басқаша айтқанда, аталған мәселелер жай ғана мемлекеттің әлеуметтік жауапкершілігінің бейнесі мен міндеттердің ағымдық орындалуы емес, бұл дәл қазір адамдарға қажет болып тұрған жағдаяттар.
Мемлекет басшысының әлеуметтік бастамалары жастар саясатын нақты іске асырудың теңдессіз шаралары екенін атап өткен жөн.
Жекелей алғанда, жас отбасыларды қолдау үшін сапалы жаңа әлеуметтік ипотека ұсынылды. Орташа статистикалық тұрғынның қаржылық жүктемесі мен шынайы мүмкіндіктері тұрғысынан қарағанда, «7 – 20 – 25» бағдарламасы барынша икемді тетік. Мұндай амалмен бір уақытта бірнеше мәселені шешуге болады.
Біріншісі – банк секторын қолдау және жандандыру. Түптеп келгенде, Қазақстандағы ипотекалық несиелендірудің арзандау бағытына қарай өзгеруінің бастамасы қалануда. Яғни пайыздардың төмендігі мен заемдардың ұзақ мерзімділігі. Осы күнге дейін осындай артықшылыққа ие болған тек мемлекеттік Тұрғын үй құрылыс жинақ банк еді. Бірақ мұның өз шарттары бар екенін ескеру қажет, оның негізінде «өзара жәрдемдесу кассасы» қағидасы жатыр.
Енді арзан ипотека беруге екінші деңгейлі банктер де қосыла бастайды.
Екіншіден, барлық тұрғын үй құрылыс нарығы жанданады. Бірінші кезекте мұнда мемлекет тарапынан осы саладағы жұмыс орнының қысқаруын болдырмауға талпыныс жасалуы өте маңызды болып тұр. Осы әлеуметтік тәуекелдер таяу жылдарда өз нәтижелерін көрсететін болады.
Сонымен қатар тұрғын үй құрылысымен бірге түрлі салалық өндірістер де дамиды. Бұл өз кезегінде жастар үшін жаңа жұмыс орындарының ашылуына мүмкіндік береді.
Оразғали СЕЛТЕЕВ, Әлемдік экономика және саясат институтының (ӘЭСИ) жетекші сарапшысы