• RUB:
    5.05
  • USD:
    522.91
  • EUR:
    548.85
Басты сайтқа өту
Аймақтар 13 Наурыз, 2018

Үндеуге үн қосу – ілгерілеуге үлес қосу

474 рет
көрсетілді

Елбасының «Президенттің бес әлеуметтік бастамасы» атты Үндеуі Маңғыстау активтерінің отырысына арқау болды. Аймақ басшысы Ералы Тоғжановтың төрағалығымен өткен кеңейтілген жиында бес әлеуметтік бастаманы облыс тұрғындары арасында жүйелі түсіндіру мәселесі талқыланды.

Үндеуде айтылған бірінші бас­тама – әр отбасына баспана алу­дың жаңа мүмкіндіктерін беру бол­са, өткен жылы өңірде 18% өсім­мен 833 мың шаршы метр тұр­ғын үй пайдалануға бері­ліп, 7 мың отбасы үйлі болды. Ағым­да­ғы жылы 916 мың шаршы метр тұр­ғын үйді пайдалануға беру жос­парлануда. Қазіргі таңда облысы­мызда бір тұрғынның бас­па­намен қамтылу көрсеткіші 23 шаршы метр.

– Елбасы атап өткендей, әлі күнге дейін өз баспанасы жоқ қаншама отбасы бар. Бұл біздің өңір үшін де өзекті. Мысалы облыс бойынша тұрғын үй кезегінде 18 мың адам тұр, оның көпшілігі Ақтау қаласында – 9 мың адам (50%), Жаңаөзен қаласында – 4 мың адам (22%), Мұнайлы ауданында 3 мың адам (17%) кезекте. Халықты баспанамен қамту мақ­сатында, тұрғындар үшін ипо­текалық несиенің қолжетім­ділігін қамтамасыз ететін «7 – 20 – 25» бағдарламасы қабылданады. Бағдарламаның тиімді және сапалы іске асуын қам­тамасыз ету үшін екінші дең­гей­лі банктер, құрылыс мекемелері, шағын және орта бизнес өкілдерінен құралған жұмыс тобын құру керек, – деді облыс әкімі.

Екінші бастама – жалақысы тө­мен жұмысшылардың еңбек-ақы­сын көбейту үшін олардың салық­тық жүктемесін азайту ба­ғытында Маңғыстау облысы бо­йынша статистика­лық мәлі­мет­терге сәйкес, тұрақты жал­ақысы бар 250 мың қызмет­кер­лердің ішін­­де 22 мыңнан астам адам тө­мен жалақы алады. Бұл бас­та­ма өзін өзі еңбекпен қамтыған тұр­ғын­­­­дар­дың әлеуетін көтерудің та­ғы бір жолы екендігі айтылды. Ал үшін­ші бастама – жоғары бі­лім алудың қолжетімділігі мен са­­­­па­­с­ын арттырып, студент жас­тар­­­дың жа­тақ­ханадағы жағ­дайын жақсарту.

Төртінші бастама – шағын несие беруді көбейту бойынша, Маңғыстау облысында 2017 жылы 130 адамға 474 млн теңге көлемінде шағын несие бері­ліп, 219 жұмыс орны құ­рыл­ды. Осы жылға бюджетте 490 млн теңге қарастырылды. Жақын­да республикалық бюджет­ті нақ­тылау барысында қосымша тағы да 1,5 млрд теңге бөлінетін болады – барлығы шамамен 500 адам несие алады. Бұл өз кезегінде, ауылдық жерде кәсіпкерлікті дамытуға мол мүмкіндік береді.

Бесінші бастама – елді газбен қамтамасыз етуді жалғастыру мәселесі Маңғыстау өңірі үшін аса қиындық тудырмайды. Қазіргі таңда облыстың барлық елді мекені толықтай газбен қамтылған.

– Қазіргі таңда өңірімізде жаңа­дан тұрғын үйлер салына­тын жер телімдерін газбен қам­ту – күн тәртібінде тұрған мәсе­­ле­­­­л­ер­­дің бірі. Бұл жұмыс­тарға бюд­­жет қаржысынан бөлек «ҚазТрансГазАймақ» компа­ния­сы­­нан да қаржы тартылуда. Мыса­лы, компания осы жылы об­лыста құны 1,2 млрд теңге бола­тын 9 жобаны іске асырады. Сонымен қатар Ақшұқыр, Са­йын Шапағатов, Мұнайшы ауыл­дарының жаңа жер телім­дерін, Ақтау қаласының жаңа шағын аудан­дарын газбен қамтуға, «Жа­ңа­өзен-Ақтау» ма­гистраль­ды газ құбырының құры­лысына рес­пуб­ликалық бюджет­тен қо­сым­ша 3,5 млрд теңге бөлі­не­тін бо­лады, – деді бұл туралы Е.Тоғжанов.

Гүлайым ШЫНТЕМІРҚЫЗЫ, «Егемен Қазақстан»

Маңғыстау облысы