• RUB:
    5.47
  • USD:
    473.29
  • EUR:
    512.81
Басты сайтқа өту
26 Қараша, 2011

Ынтымақтастық нығая түсуде

276 рет
көрсетілді

Кеше Мұнай және газ министрлігінде Қазақстан Рес­пуб­ликасы мен Ресей Феде­ра­циясы арасындағы ынтымақ­тас­тық жөніндегі Үкімет­ара­лық комиссияның он бесінші отырысы өтті. Оған еліміздің Мұнай және газ министрі С.Мың­баев пен Ресей Федера­ция­сы Өнеркәсіп және сауда министрі В.Христенко жетекшілік етті. Отырысқа комис­сияның қазақстандық және ресейлік өкілдері, сондай-ақ ми­нистрліктердің, ведомство­лар­дың жауапты қызмет­кер­лері қатысты. Комиссияның 15-отыры­сын­да 30-дан астам мәсе­ле­лер, атап айтсақ, отын-энер­гетикалық кешен, көлік, өнер­кәсіп, ауыл шаруашылығы, атом энергетикасы, әскери-тех­никалық ынтымақтастық, «Байқоңыр» кешені бойынша, ғылым, білім және жаңа технологиялар, сондай-ақ қорша­ған ортаны қорғау және таби­ғатты пайдалану саласындағы мәселелер қаралды. Комиссия Қазақстан Үкі­меті мен Ресей Федерациясы Үкіметі арасында 2008-2011 жылдарға арналған эконом­и­калық ынтымақтастық бағдар­ламасына қатысты іс-шаралар жоспарын орындаудағы оң нәтижелерді атап көрсетті. Тараптар қос мемлекет арасында ұзақ мерзімді экономикалық ынтымақтастық бағдарлама­сын (2020 жылға дейін) және оны жүзеге асыру жөніндегі 2012-2014 жылдарға арналған іс-шаралар жоспарын дайын­дады.

Комиссияның кезекті оты­рысы келер жылдың 4-тоқ­санында Мәскеу қаласында өте­тін болып белгіленді.

Әбдірахман ҚЫДЫРБЕК.