• RUB:
    5.47
  • USD:
    473.29
  • EUR:
    512.81
Басты сайтқа өту
29 Қараша, 2011

Қайрат Рысқұлбеков сыйлығының тұңғыш жүлдегері

572 рет
көрсетілді

Тұрсынбай Жандаулет жаз­ған бұл ма­қа­лада Жам­был облысы Мой­ынқұм ау­да­нында Жел­тоқсан оқиғасына қатысып, опат болған Қайрат Рысқұл­беков атындағы арнайы жүлде тағайындалғаны айтылады. Бұл жүлде халқының өнері мен мә­дениетін өркендетіп, ежелгі салт-дәстүр, әдет-ғұрпын жандандыруға атсалысқан, бүгініміз бен болашағымыз үшін тер төккен қазақ жасына берілетін болып келісілген. Осыған орай Жамбыл облысында Қ.Рысқұлбеков сыйлығының жүлдегерлерін таңдау рәсімі жүргізіліпті. Оған халыққа біршама танымал оншақты азамат ұсынылған екен. Солардың ішіндегі жалғыз қыз – Омбыдағы «Мөлдір» қазақ мәдени орталығының директоры Алтынай Қайдуллақызы Жүнісова осы сыйлыққа лайықты деп табылыпты. Омбыдағы қазақ мәдени орталығының дүниеге келуіне Алтынайдың сіңірген еңбегі зор екен. Кезінде бұл орталықтың жұмысы туралы еліміздегі баспасөз басылымдарында  бірқатар мақалалар жарық көріпті. Осы істерге Алтынай мұрындық болып, Омбы өңірінде қазақша мектеп ашылуына, «Омбы үні» газетінің жарық көруіне еңбек сіңіріпті. Сондай-ақ мақалада Омбыда жергілікті радиодан аптасына екі рет хабарлар берілетіндігі айтылған.